Пайдалы әсер коэффициенті сыртқы тізбекте бөлінетін қуаттың ток көзі қуатына қатынасына тең болады және жүйенің (механизмнің) энергияны түрлендіру немесе басқа денеге беру тиімділігін сипаттайтын шама десекте болады. Ол көбінесе грек әрпі η -мен (этта) белгіленіп, мына өрнек арқылы анықталады:
:
3. Тұрақты электр тогының тізбектері. Электр тізбегінің түрлер . Электр тізбегінің сұлбасы . Алмастыру сұлбасы. Сұлбаның активті және пассивті элементтері.
Тұрақты ток тізбегі - уақыт бойынша тұрақты токтар мен кернеулерде электр энергиясын қабылдау, беру және түрлендіру жүзеге асырылатын электр тізбектері аталады.
Айнымалы ток тізбектері - токтар мен кернеулер уақыт бойынша айнымалы болған жағдайда аталады.
Электр тізбегі - бұл электр тогының өту жолын қамтамасыз ететін белгілі бір жолмен қосылған құрылғылар жиынтығы.
Электротехникада электр тізбегінің элементтерінің қосылу түрі бойынша келесі электр тізбектері бар:
• тізбекті электр тізбегі;
• параллель электр тізбегі;
•аралас электр тізбегі.
Тізбектей жалғанған электр тізбегінде- барлық элементтері бір-бірімен тізбектеледі, яғни біріншінің соңы екіншісінің басымен, екіншісінің соңы біріншінің басымен және т.б.
Iобщ=I1=I2=I3
E=Uа-б=U1+U2+U3
Электр тізбегін параллель жалғағанда- барлық элементтер олардың басы бір ортақ нүктеге, ал ұштары екіншісіне қосылатындай етіп қосылған.
Iобщ=I1+I2+I3
E=U1=U2=U3
Электр тізбегін аралас жалғағанда- тізбекті және параллельді тізбектің қосындысы, яғни оның элементтері тізбектей де, параллель де қосылады.
Электр тізбегінің схемасы - элементтердің және олардың қосылыстарының жалпы қабылданған таңбаларын қолданатын схеманың қағаздағы кескіні. Біз бұнда сыза алмаймыз. Қағазға сызып беруші едік.
Электр тізбегінің элементтері - электр тізбегіне кіретін электрлік құрылғыларды (олар: электр энергиясының көзі, қабылдағыштар) атайды. Олар активті және пассивті деп бөледі. Ток жоқ кезде қысқыштарында кернеуі бар элемент активті, ал кернеуі де жоқ элемент пассивті элемент деп аталады. Активті элементтерге электр энергиясының көздері, кернеу көздері және ток көздері жатады. Электр тізбегінің пассивті элементтеріне кедергі, индуктивтік, сыйымдылық және т.б. радиоэлементтер жатады.
Әрбір пассивті элементтің кернеуі, тоғы және кедергісі Ом заңы бойынша байланысқан:
, (1)
Егер ЭҚК көзіне электр қабылдағышты қосса, онда тізбекпен жүретін ток
.
7)Бір фазалы синусоидалы ток тізбектері. Бір фазалы, екі фазалы және үш фазалы токтар. Айнымалы токты алу әдістері .Айнымалы ток және оны сипаттайтын шамалар. Айнымалы токтың параметрлері.
Айнымалы тоқ, (ағылшынша alternating current – айнымалы тоқ) – бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тоғы. Ал техникада айнымалы тоқ деп тоқ күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты тоқ болады. Айнымалы тоқ байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |