Керек болады Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы
керек болады
1. Тұрақты ток . Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары .
Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді.
Электр тоғы - электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Ток бағытына оң зарядтардың қозғалыс бағытын алады. Электр тоғының сандық өлшемі ретінде ток күші қызмет етеді.
Электр тоғы тұрақты - егер ток күші және оның бағыты уақыт өтуімен өзгермесе осылай аталады. Тұрақты ток үшін: . Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А).
Электр тізбегі – бұл электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізетін және тұтынатын құрылғылардың жиынтығы. Электр тізбегі электр энергиясы көзінен, сым арқылы жалғанған қабылдауыштардан және өлшеу құралдарынан тұрады..
Электр энергиясының көзі - электр энергиясын генерациялауға (өндіруге) арналған құрылғы (электргенератор және аккумуляторлы батарея). Оны қоректендіру көзі немесе электр қозғаушы күш көзі (ЭҚК) немесе ток көзі деп атайды.
Электр энергиясын тұтынатын құрылғылар электр энергиясын қабылдағыштар, тұтынушылар, жүктемелер деп аталады.
Электр энергиясын қабылдағыштар ретінде
әр түрлі түрдегі электрқозғалтқыш жетектері (приводы электродвигателей различных типов);
қыздыру шамдары, қыздыру және жарықтандыру құралдары;
электрохимиялық және радиотехникалық құралдары және т.б. бола алады.
Электр энергиясын түрлендіргіштерді электр тізбегінің ток көзі сияқты немесе энергияны тұтынушы (мысалы, трансформаторлар) ретінде қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |