Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлау білуге үйрету . Эдисон
«5 саусақ» әдісі
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық
Балан үйрек – маған түсініксіз болды
Ортан терек – маған жеткілікті болмады
Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім
Кішкене бөбек – менің ұсынысым
«Мишень»
Кері байланыс
Көңіл-күйді салу
Оқушылар көңіл-күйді қарындаш,маркер,фломастер, акварель бояумен салады. Олардың суреті смайлик, жапырақ, гүл, өсімдік, жануар, геометриялық фигуралар, күн, немесе бұлт түрінде болуы мүмкін.
Суреттерді топ ішінде шеңбер бойынша жіберіп, толықтыруға болады. Оны автор тарапынан топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа түсіндіріледі. Суреттерді талқылаудан кейін қабырғаға іліп қойған орынды.
Суреттерде қолданылған түстер бойынша оқушылардың көңіл-күйі мен өздерін қалай сезінгендіктерін анықтауға болады. Макс Лютердің түстерге берген мінездемесін қолдануды ұсынады.
Көңіл-күйді салу
Қанық қызыл, алқызыл түс – агрессия, ашу, толқығанды білдіреді;
Жұмсақ қызыл түс (раушан, апельсин түсті) – қуаныш пен шаттықты білдіреді;
Көк түс – мұңлы, бәсең көңіл-күй, шаршау, дем алғысы келетінді меңзейді;
Жасыл түс – белсенділік, сонымен бірге бұл түсті тым көп қолданса, баланың қорғансыздығын көрсетеді, оның қорғаныш іздейтіндігін білдіреді;
Сары түс – сабырлық түсі (қуаныш түсі) алайда бұл түске тым көп көңіл бөлу баланың бәсең бола бастағанын көрсетеді;
Күлгін түс – алаңдаушылықты білдіреді, көңіл-күйі түсіңкі;
Бозғылт түс – бала өз мүмкіншіліктерін ашпайды, оны бір нәрсе шектейді, қобалжуды тоқтады;
Қара түс – көңілі пәс, бәрін де жоққа шығару, жұмыс жасауға құлықсыз, өзін аса бағалайды, немесе жақтырмайды деп ойлайды;
Қоңыр түс – бәсең, алаңдаушылық пен өзіне-өзі сенбеушілікті көрсетеді.