Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары



бет1/2
Дата18.01.2023
өлшемі45,5 Kb.
#61762
  1   2
Байланысты:
кері байланыс


Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары

Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр.


Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Кері байланыс дегеніміз не? Бұл қазіргі кезде білім саласындағы өзекті мәселе болып тұр. Кері байланыс – мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Дәстүрлі сабақтарда біз үнемі кері байланыс жүргізіп келдік. Сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегідей сұрақ қоятынбыз:

  • бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме?

  • Кім түсінбеді?

  • Кімнің сұрақтары бар?

Бұл, әрине, ауызша кері байланысқа жатады. Алайда, осындай кері байланыс тиімді болды ма? Оқушылар не деп жауап беруші еді? Түсіндік, сұрақ жоқ деген бірсарынды жауап алатынбыз.
Қазіргі тәжірибеде мұғалімдер кері байланыс парақшасын таратып, оны толтыртып, қайтадан жинап алады да, мен кері байланыс ұйымдастырдым дейді. Бұл кері байланыс не мақсатпен алынды? Одан әрі қарай не істеу керек? Ондағы сұрақтар мен оқушылардың жауаптарын талдай келіп, кері байланыс тиімді болды деп айтуға бола ма? Кері байланыс арқылы оқушы оқу мақсатына жете алды ма? Тақырыпты түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не үшін түсінбеді? Түсіну үшін не істеу керек? Оқушының сабақта көңіл күйі қандай болды? Міне, осындай сұрақтарды мұғалім өзіне қоя отырып, оқушының берген жауаптары арқылы өзінің іс әрекетін бағалайды. Қолданған әдістерінің тиімділігі туралы ойланып, келесі сабақты жоспарлауда осы кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзара бағалау жасауға, өзін өзі реттеуге, білім алудағы жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
Кері байланыс не мақсатпен алынады?

  • Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді жою

  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ету

  • Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау

  • Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру

  • Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу

  • Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін ояту

Сонымен, кері байланыстың мақсаты: мұғалімнің ақпараттың мазмұнын, оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Кері байланыс арқылы кім не алады? Оқушы: өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет