Кері және өзара кері есептер Жоспар: Кері және өзара кері есептермен таныстыру Өзара кері есептер жүйесін игеру



бет2/4
Дата19.10.2022
өлшемі22,95 Kb.
#44259
1   2   3   4
2.Өзара кері есептер жүйесін игеру.
а) Өзара кері есептердің бірінші түрі: санды бірнеше бірлікке арттыру, айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есептер («М-1»,95-бет).
«Қанат 7,ал Болат 4 жем салғыш жасады. Болат неше жем салғыш кем жасады?»
«Болат 4 жем салғыш, ал Қанат одан 3-еуі артық жем салғыш жасады.Қанат неше жем салғыш жасады?»
ә) Өзара кері есептердің жаңа түрлері: қосындыны табу, белгісіз бірінші қосылғышты және белгісіз екінші қосылғышты табуға арналған.
«Саяжайдан 30 кг құлпынай және 20 кг қарақат жиналды. Барлығынеше килограмм жидекжиналды?»
«Саяжайдан 30 кг құлпынай және бірнеше килограмм қарақат жиналды. Барлығы 50 кг жидек жиналды. Неше кг қарақат жиналды.»
«Саяжайдан 20 кг қарақат және бірнеше килограмм құлпынай жиналды. Барлығы 50 кг жидек жиналды. Неше кг құлпынай жиналды.»
б) Өзара кері есептердің жаңа түрлері:
қалдықты, белгісіз азайғышты және белгісіз азайтқышты табуға берілген.
«Саяжайдан 30 кг қияр жиналды.Оның 20 кг-ы тұздалды. Неше килограмм қияр қалды?»
«Саяжайдан бірнеше килограмм қияр жиналды. Олардың 20 кг-ы тұздалғанда, тағы 10 кг қияр қалды. Саяжайдан неше кг қияр жиналды?»
«Саяжайдан 30 килограмм қияр жиналды. Бірнеше кг қияр тұздалғаннан кейін тағы 10 кг қияр қалды. Неше кг қияр тұздалды?»
в)Өзара кері есептердің жаңа түрлері:көбейтіндіні табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген («М-3»,12-бет).
«Әр дорбада 2 кг-нан қант бар. 4 дорбада неше кг қант бар?»
«8 кг қант әр дорбаға 2 кг-нан бөліп салынды. Неше дорба керек болды?»
«8 кг қант 4 дорбаға тең бөлінді. Әр дорбада неше кг қант бар?»
г) Өзара кері есептердің жаңа түрі: санды бірнеше есе арттыру, еселік салыстыру, санды бірнеше есе кемітуге берілген («М-3»)
«Жылқыларға 16 кг шөп және одан 2 есе артық сұлы берілді. Жылқыға неше кг сұлы берілді?»
«Жылқыларға 16 кг шөп және 32 сұлы берілді. Жылқыға шөпке қарағанда неше кг есе артық сұлы берілді?»
«Жылқыларға 32 кг сұлы және одан 2 есе кем шөп берілді. Жылқыға неше кг шөп берілді?»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет