6.1 Қайту және полигонизация
Деформацияланған металды төмен температурада (0,2-0,3)Т0 қыздыру барысында қайту процесі басталады, демек, ақаулардың орналасу тығыздығының төмендеуі нәтижесінде тойтарылған металдың құрылымы деформацияланған күйімен салыстырғанда дұрысталады.
Қайту процесі барысында екі кезең байқалады. Бірінші кезең - төмен температурада (0,2 То- ге дейін) нүктелік ақау (вакансиялар) азайып, дислокациялардың басқаша топтасуымен өтеді.
Екінші кезең- полигонизация кристалдардың жоғарғы температурада кішібұрышты субтүйіршіктерге бөлінуі. Полигонизация барысында металдың беріктігі 10-15 % төмендеп, созымталдығы аздап көтеріледі.
6.2 Қайта кристалдану
Деформацияланған металды қыздыру кезінде температура жоғарылаған сайын атомдардың қозғалысы үдей түсіп, белгілі бір температураға (Тр) жеткенде жаңадан тепе-тең түйіршіктер пайда болады. 32- суретте ţп.р температурасына дейін деформацияланған түйіршіктер сақталады. Температура ţп.р нүктесінен асқанда жаңадан түйіршік тумалары пайда болады.
Деформацияланған кристалдың талшықты құрылымының орнында жаңадан тепе-тең кристалдардың пайда болуы қайта кристалдану немесе бірінші кристалдану деп аталады.
Қайта кристалдану температурасы (Тр) Бочвар А.А. формуласымен анықталады:
мұнда - металдың балқу температурасы: - металдың тазалығына байланысты алынатын коэффициент, техникалық таза металл үшін = 0,3- 0,4, қорытпалар үшін = 0,7- 0,8.
Бірінші қайта кристалдану процесі кезінде деформация әсерінен созылған кристалдардың орнына домалаған кішкене кристалдар пайда болады. Жаңа кристалдардың туындылары бұрынғы кристалдардың бұзылған шекараларына орналасып, диффузия арқылы атомдардың қосылуымен әрі қарай өсіп дамиды. Дислокациялар тығыздығы азаяды. Деформация салдарынан металл бойында жиналған энергияның негізгі бөлігі босап шығады.
32- cурет. Жылудың әсерінен тойтарылған металдың құрылымы мен механикалық қасиетінің өзгеруі.
Қайта кристалданудың нәтижесінде тойтарылған құрылым толығымен жойылып, металдың қасиеті бастапқы қалпына жақындайды. 32 суретте көрсетілгендей қайта кристалдану кезінде металдың беріктігі σв, әсіресе аққыштық шегі σ0,2 күрт төмендеп, металдың созымталдығы δ көтеріледі.
Қайта кристалдану кезіндегі нығайған беріктіктің жойылуы дислокация тығыздығының күрт төмендеп, бұзылған торлардың бастапқы қалпына қайтуымен түсіндіріледі. Қайта кристалданудан кейінгі дислокация тығыздығы 1010 – 1012 –ден 106 – 108 см2 дейін төмендейдi.
Қайта кристалданудан кейінгі қалыптасқан түйіршіктердің мөлшері металдың қасиетіне өте үлкен әсерін тигізеді. Ұсақ түйіршікті металл мен қорытпалардың беріктігі және тұтқырлығы көтеріңкі болады. Суық пластикалық деформацияланып қайта кристалданған металдың түйіршік мөлшері деформацияға дейінгі түйіршік мөлшерлерінен ұсақ немесе ірі болуы мүмкін. Түйіршіктердің мөлшері қайта кристалдану температурасына, деформация дәрежесіне, қорытпаның құрамына, кірмелердің болуына т.б. байланысты қалыптасады. Деформация дәрежесі асқан сайын түйіршік мөлшері кішірейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |