Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын


жастарымыз осындай көзсіз қылықтарға барып жатқаны тіптен



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата01.01.2017
өлшемі2,53 Mb.
#907
1   2   3   4   5   6   7

жастарымыз осындай көзсіз қылықтарға барып жатқаны тіптен 

қорқынышты. Ертеңгі күні Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан Баб, Айша 

анамыздың, Қарахан бабамыздың, Пір Бекеттің, тіпті Алматының төрінде 

тұрған Райымбек бабамыздың қабірлері де осындай күй кешпесіне кім 

кепіл? Таяуда ғана Атыраудағы «Ноғай» деп аталатын зиратқа бес жігіт 

«шабуыл» жасап, он шақты құлпытасты қиратып кеткенін естідік. Бұларға 

қатысты сот үкім шығарып, жазалау шарасын қолданғанын кеше 

Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс өткізген брифингтен естідік.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, өңірлерден елордаға келіп, 

жәрмеңке өткізу жақсы дәстүрге айналды. Онда ауыл шаруашылығының 

өнімдері ғана келіп қоймай, аймақтың мәдениеті де паш етіледі. Жалпы, 

мұндай жәрмеңкеден облыстарымыздың жетістігі мен жемісін түгелдей 

көруге болады. Өткенде Астанада Жамбыл, Атырау және Шығыс 

Қазақстан облыстары жәрмеңке өткізсе, осы аптаның сейсенбісінен 

бастап Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары өткізіп 

жатыр. Кеше үш аймақтың өнерпаздары жәрмеңкелерін қорытындылап, 

гала-концерт берді. Концертке Елбасының өзі қатысты. 

Концерт басталмастан бұрын үш 

облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 

туралы көрме ұйымдастырылды. Президент 

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші облыстардың 

жетістіктерін көрсеткен көрмеге бас сұқты. 

Көрменің мақсаты –Тәуелсіздік жылдарын-

да облыстарымыздың экономика, әлеумет-

тік және мәдениет салаларында қол 

жеткізген жетістіктерін, білім, денсаулық 

сақтау, туризм және бизнесті дамыту 

бағдарламаларының нәтижесін көрсету. 

Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық 

жобалардың да таныстырылымы жасалып, 

макеті назарға ұсынылды. 

Қостанай облысы әкімінің орынбасары 

Нұралы Сәдуақасов өңірдің экономикалық 

және әлеуметтік дамуын баяндай келе, 

жалпы өңірлік өнімнің қанша есеге 

көтерілгенін жеткізді. «2010 жылы облыста 

жалпы өңірлік өнім 1993 жылмен салыс-

тыр ғанда 226 есе артты», – дейді. Оның 

айтуынша, индустриалды-инновациялық 

даму стратегиясы аясында облыста 2003-

2009 жылдар аралығындағы кезеңдерде 

жалпы сомасы 83,3 млрд теңге болатын  

95 инвестициялық жоба іске қосылып, 5 мың 

жұмыс орны ашылған. Қызылорда облысы-

ның да жетістіктері жаман емес. Облыс 

әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, 

он жыл ішінде облыстық бюджеттің көлемі 

7,7 есеге артқан. Бұл облыс биыл 33 жоба-

ны іске қосуды жоспарлап отыр. Қызылорда 

облысында ауыл шаруашылығы дәнді 

дақылдарының егістік алаңы 44,3 пайызға 

ұлғайған екен. Оның ішінде күріштің үлесі 

– 32 пайыз. Жалпы, республика бойынша 

жиналатын күріштің 90 пайызының осы 

облыста өндірілетіні белгілі. Шымкенттіктер 

де қаражаяу емес. «Жалпы, өңірлік өнім 

1991 жылы 7 млрд теңгеден 2010 жылы 

1,1 трлн теңгеге жетіп, 163 есе артты», – 

дейді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 

Асқар Мырзахметов. Айта кететін мәселе, 

облыста 1,5 млн тұрғын таза ауызсумен 

қамтамасыз етілген екен. Көрмеден соң 

Елбасы концертке бас сұқты. Бір сағатқа 

созылған концерттің соңына дейін отырды. 

«Көңілашар» күйімен ашылған шымылдық 

«Қазақ елі» әнімен жабылды. 



Салтан СӘКЕН

Ал Тәуелсіздікті нығайту барысындағы 

басты міндет білім мен ғылымға тікелей 

қатысы бар. Сондықтан да білімге құштар 

жастар үшін мемлекеттің қамқорлығы 

ерен. Әйтсе де, бүгінгі ғалам шапшаң өзге-

ріс терге ұласуда. Сіздер білім алып, елге 

қызмет істейтін заман тура сол – білім мен 

ғылым бәсекесінің заманы», – деді Мемле-

кет басшысы. 

Сонымен қатар, Президент жаһандану 

заманында мемлекеттер арасындағы 

бәсекелестікті берік ету үшін білім мен ғы-

лым ның өркендеуі қажеттігін еске салып, 

ұлттық білім беру жүйесіндегі өзгерістердің 

баршасы осыған негізделгенін атап өтті. 

Сосын ғылымға құштар жастардың көп 

болуы Тәуелсіздіктің болашағын да мы-

ғым дай түсетінін қадап айтты. Бұдан бөлек,  

Елбасы жас магистранттар алдында еліміз-

дің даму жолындағы діттеген мақсаттарына 

біршама шолу жасап өтті. Ондай межеге 

сәйкес, ел экономикасы 2020 жылға дейін 

екі есеге артып, даму негізі инновация мен 

индустрияға иек артуы қажет. «Әлемде 

ешбір ел  бізге жаңа технологиясын бекерге 

бермейді. Өйткені қандай да бір мемлекет 

өзіне бәсекелес елді тәрбиелеп шыққысы 

келмейді. Сондықтан да, батыстың озық 

тәжірибесін пайдалана отырып, өз ішіміз-

ден сапалы мамандар даярлап, өз жаңалы-

ғымызды ашуға ұмтылуымыз керек. Сон-

дықтан да, мұндай жолда басты үміт – 

жас тарда. Сол үшін 7 мыңның арасынан 

ірік тел ген 10 магистрантқа өзімнің Ұлттық 

ғылым академиясының мүшесі ретіндегі 

қаламақымды бөліп беріп отырмын. Жас 

ғалымдар мен педагогтарды  даярлауда 

бұл тағы бір қосымша сеп болар деп сене-

мін», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сөз ара-

сын да Елбасы әлемдік экономикалық даму 

үрдісіндегі өзгерістер жөніндегі өзінің ой-

ла рымен де бөлісті. «Бүкіл әлем бүгін пос т-

ин дустриялдық дамуға көшуде. Қазір мүл-

дем жаңа жүйелер қалыптасып жатыр. 

Әлемнің көптеген елінде орын алған 

өзгерістердің өзі экономикадағы, ғылым-

да ғы жаңа серпіліске әзірлікті көрсетуде. 

Көбелек өзінің қанаттары өсе бастағанда 

қатты ауырсынады, қиналады. Мінеки, 

дәл осындай ауру халі әлемнің барлық 

өңірінде көрініс беріп жатыр. Ал осындай 

тың үдерістің  өзегінен  ғылыми-техникалық 

прогрестің соны жетістіктеріне негізделген 

мүлдем жаңа экономика қалыптасады. 

Міне, дәл осындай сілкініске Қазақстан 

дайын ба? Бұл – үлкен сұрақ. Ал ондағы  

бас ты мәселе білімде жатыр», – дейді 

Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Мемлекет 

басшысы «Қазақстан-2030» бағдарламасы 

да осындай өркениеттің ұлы жаңалықта-

ры нан алшақ емес екендігін, қайта мемле-

кет тің межелі мақсаты әлемдік жаңалықпен 

қабыса ұштасатынын айтты. Бұдан бөлек, 

Президенттің пайымынша, ғылымды тиім-

ді дамытып, экономиканы инновациялық 

рельске дұрыс қондыра білу жаңа даму-

дағы басты мәселеге айналып келеді. Ен-

деше, Қазақстанда бой көтеріп келе жатқан 

жаңа кәсіпорындардың барлығы да осы 

бағытта дамуы шарт. Ал ондай жаңа тұр-

пат тағы кәсіпорындарда кім жұмыс істе-

мек? Бұл мәселеге орай, Елбасы былай деп 

жауап қатты: «Батыстың алып кәсіпо рын-

дарында мүлдем басқа сападағы жұмыс-

шылар үсті-үстіне жетілуде. Олар инжене-

риядан да жоғары бағаланады, жоғары 

білім иелерінен де көп жалақы алады. 

Өйт кені бұлар – білікті мамандар. Міне, 

біздің жаңа кәсіпорындарға осындай білік-

ті мамандар қажет». 

Кездесу барысындағы әңгімеде Мемле-

кет басшысы инновациялық-индустриялық 

дамудың басты мақсатына тоқталып, оның 

Қазақстан Тәуелсіздігін, мемлекеттілігін 

нығайтатын бағдарларын да ашып көрсет-

ті. Білім мен ғылымға арқа сүйеген иннова-

циялық бағыттың қазақстандық жағдай-

дағы төрт негізгі басымдығына да  тоқталып, 

бұған жас ғалымдардың назарын аудартты  

Елбасы. Мәселен, соның бірі Қазақстан 

үшін басым саналатын – азық-түлік қауіп-

сіз дігі. Бұл – бір ғана Қазақстан үшін емес, 

әлем елдері арасындағы аса өзекті мәселе. 

«Келесі айда Жер шарында 7 миллиар дын-

шы адам дүниеге келеді. Ал осындай өсім 

жағдайын ескерсек, азық-түлік әлемдегі 

ең құнды валюта болып қала береді. Өйт-

кені жақын онжылдықта азыққа сұраныс 

екі есеге артады. Қазақстанда ауқымды жер 

әлеуетін иелене отырып, оны қалай пайда-

ланып жатырмыз? Мұны жас ғалымдар 

жете ойланса игі»,  – деді Елбасы.  Қазақ-

стан үшін екінші басымдық – энергия көзі. 

Әлемдік даму бойынша, энергия негізгі 

күрделі мәселеге айналып, оның төңірегін-

де көзге көрінетін де, көрінбейтін де соғыс 

пен күрес жүріп жатқаны мәлім. Бәсекелес-

тіктің неше атасы да осында шоғырланып 

қалған. Осыған орай Елбасы Қазақстанның 

жас ғалымдары дәстүрлі және жаңарты-

латын энергияны тың жолмен тауып, өнді-

румен айналысқанын құптайтынын жеткіз-

ді. «Мұнай мен газ өмірлік емес. Олар да 

сарқылады. Ендеше, бүгін қолында бар 

әле ует есебінен жаңа экономиканы қалып-

тастыра алған мемлекеттің келешегі кемел. 

Осыған үлгерген, сондай ғылымдық ізде-

ніс ті игерген ләзім», – деді Н.Назарбаев. 

Елбасы басымдық берген үшінші бағыт 

– биологиялық инновация. Бұл ретте адам 

өмірін ұзартуға қатысты ғылымның, био 

һәм нанотехнологияның ғылым саласында 

алдыңғы орынға шығып отырғанын айтқан 

Нұрсұлтан Әбішұлы, болашақтағы жаңа-

лық тың көбі осы тұста екендігін тағы еске 

салды. Төртінші басымды бағыт – экономи-

калық менеджментке қатысты. Өйткені 

әлемдік экономикалық жүйе өз шыңына 

шықты. Ендеше, бұл сала да жақын келе-

шекте сілкінетін өзіндік жаңалықты күтіп 

отыр. «Мен көп қатпарлы ғылым саласынан 

өз дамуымызға жақын негізгі төрт ұстаным-

ды ғана атап өттім. Бірақ білім мен ғылым 

тұрғысынан алсақ, бұлардың тармағы мол. 

Өйткені айналаның бәрі жаңалық. Ендеше 

жастар осыған ұмтылсын, ал мемлекет сол 

ынталы жастар ұмтылысына әрқашан 

жәрдемші болады. Біз бұл бағытта норма-

тив тік базаны қалыптастырдық. Иннова-

циялық әлеуеттерді арттырып жатырмыз. 

Ғылымды басқарудың жаңа жүйесі қалып-

тасуда. Ядролық орталық та жұмыс істеп 

тұр. Соның ішінде біз ғарыш проблема ла-

рын зерттеуге мүмкіндігі бар елдің біреге-

йіміз. Ендеше, мемлекет жастардың білімі 

мен ғылымы үшін негіз қалады. Ал осы 

негізді жалғастырып әкететін жас ғалымдар 

керек. Міне, мені осы мәселелер алаңдата-

ды!», – деп аяқтады сөзін Мемлекет бас-

шы сы. 

Әңгіме соңына таман Президент сти-



пен диясын тұңғыш иеленген он магистрант 

кезекпен сөз сөйлеп, Елбасыға алғысын 

айтып, сенімнің  ақталатындығына сендір-

ді. Кездесу стипендия иегері, Құрманғазы 

атындағы Қазақ ұлттық консерватория сы-

ның түлегі, магистрант Нартай Бекмолди-

нов тың өзінің зерттеу тақырыбына (Бес 

сау сақты аппликатураны баян аспабында 

қолдану тәсілі) арқау ете   отырып, баян 

ас па бында  «Балбырауын» күйін құйқыл-

жытып, артынан «Атамекен» әнін қосыла 

шырқаумен аяқталды. «Ән-жырсыз да 

кемелдік болмайды. Ел боламыз десек, тек 

экономикамен шектеліп қалмай, ұлттың 

мәдениетін дамытуға орай, өнерге де, 

оның зерттелуіне де көңіл бөліп, рухани 

баюды жүзеге асыруға мән бергеніміз 

орынды. Ал сіздер арқылы қазақстандық 

барша жас ғалымдарға айтатыным: бұл 

өмірде ғылымға құлшылық жасап өткен 

ләзім. Ал жаңалықты ашуға деген құл шы-

ныс пен құлшылық адамды еш қартайт-

пайды», – деп аяқтады кездесуді Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Сондай-ақ кеше Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республи-

касының ұстаздарына, білім беру саласы-

ның қызметкерлері мен ардагерлері атына 

құттықтау жолдады. «Білім жүйесінің жаны 

да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан 

еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қол-

дарыңызда. Еліміздің атын әлемге таныта-

тын білімді де талантты шәкірттеріңіз кө-

бейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ 

өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қыз метте 

табыс тілеймін!» – деді Елбасы құттық-

тауын  да.

ЕЛБАСЫНЫҢ КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДАҒЫ ОЙ ОРАМДАРЫНАН:

«Егер мен сіздердің жастарыңызда болып, менен «Кім болғың келеді? 

Балаларыңның кім болғанын қалар едің?» деп сұраса, онда  «саясаткер 

немесе Президент болғым келеді» деп жауап бермейтінім анық. Мен өз 

қабілетімді шамам келгенше ғылымға бағыштар едім. Өйткені ғылым мен 

білім бар жерде мадақ та, материалдық игілік те бар, адами  дамуға 

қажетті негіз де осында!»

«Жаңа адамды тәрбиелеу үшін жаңа тәрбиеші керек. Біз бәріміз де 

«бала тек ата-ананың айтқанымен жүру керек» деген тәрбиемен өскеніміз  

рас. Алайда бұл бүгін – жаңсақ. Егер бала тек ата-ананың айтқанынан шыға 

алмаса, әлемде прогресс те болмас еді. Біз өзіміздің жұмысымызды 

жасадық, сендер де өз замандарыңызға сай болуларың керек. Сонда ғана 

прогресс болады. Ал тәрбиеші өзінің шәкіртімен санаса білуі шарт...»  

«Жексенбі күндері бірге түстенген уақыттарда балаларыма жастық 

шақтағы қиындықтар туралы көбірек айтуды әдетке айналдырған едім. Бір 

күні кіші қызым Әлия үстел басына отыра бере: «Ал дайындалайық, әкем 

өзінің бақытсыз балалық шағы туралы айта бастайды», – деді. Әрине, 

мұндай әңгіменің еш артықшылығы жоқ, өйткені кез келген адам өткен 

шақты біле отырып, келер шақты да болжауға ұмтылуы шарт. Бүгінгі 

жастарға келер болсақ, өткен өмірімізді олар интернет арқылы да біле 

алады. Ал болашақ үлкен ғылыми жаңалықтар – еншісінде. Менің ойымша, 

адамзат еш уақытта білмей келген жаңалықтар енді ашылады. Мұндай 

жаңалықтардың бәрі де инновация арқылы өмірге келмек...»   

«Израиль мемлекеті сорланған құмды, тастақты жерге орналасқан. Екі 

теңізі бар. Оның бірі –  өлі, екіншісі жойылып бара жатыр. Жалғыз Иордан 

өзенімен жанасқанымен, онда да су жоқ. Алайда Қазақстан мен Ресей 

секілді жер ауқымы кең, суы, шүйгіні мол елдерге Израиль сәбіз бен 

құлпынай экспорттап отыр. Неге ешқандай да құнарсыз, құмды, тасты 

жерде отырған осы елдің өнімділігі бізге қарағанда он есеге жоғары? Бұған 

олар қалай қол жеткізді. Жауап жалғыз – ғылым». 

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Н.Назарбаев: 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№173 (625) 1.10.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

ӨРКЕНИЕТ

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология 

факультетінің деканы, профессор

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағы 

басқармасы төрағасының бірінші орынбасары

Кітап дүкендерімен келісімшарт жасамайынша, баспаларға 

мемлекеттік тапсырыс беруді шектеу керек пе?

Әкім ЫСҚАҚ, ақын, публицист:

– Бұл сұраққа «иә, тапсырыс беруге болады» немесе «жоқ, мүлдем болмайды» 

деп жауап беруге болады. Иә дейтінім, кітап тек кітап дүкендері арқылы 

таралмайды. Мемлекеттік тапсырыспен шығарылған кітаптар өз оқырмандарымен 

кітап дүкендерінсіз-ақ қауыша алады. Ол облыс, аудан, ауыл орталықтарындағы 

кітапханаларға, мектептерге кең таралады. Не болмаса кітап авторы өз кітабын 

қалай жариялаймын, халыққа кең дәрежеде қалай насихаттаймын десе де 

өз еркі. Ол оқырмандарымен жүздесіп тарата ма, әлде дөңгелек үстелдер 

ұйымдастырып жеткізе ме. Яғни кітап дүкендерінсіз-ақ сатылымға түседі. 

Жоқ дейтінім, бұл мәселе заңдық тұрғыда қарауды талап етеді. Өйткені 

мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітаптар міндетті түрде Қазақстандағы кітап 

дүкендеріне белгілі бір мөлшермен түседі. Яғни бұл жерде автордың да, кітап 

дүкендерінің де құқығы қорғалған. Сонымен қатар баспа мен кітап дүкендері бір-

бірімен тығыз әрі сенімді байланыс жасайды.

БЕЙТАРАП ПІКІР

Мұндай талаптар орындалатын бол-

са, бұл процесс тираждың едәуір өсуіне 

Дайындаған 

Алмат ИСӘДІЛ

 

Діни секталардың қызметін әшкерелейтін фильмдерді қайтсек көбейтеміз?



Мұхиддин ИСАҰЛЫ, 

Теология ғылымының 

докторы, «Нұр-Мүбәрак» 

университетінің 

оқытушысы:

Болат ШӘРІП, 

ҚР еңбек сіңірген 

қайраткері, 

режиссер:

Әшірбек СЫҒАЙ, 

ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының 

лауреаты, театр 

сыншысы, 

профессор:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

— Ұлттық мұсылмандықты, имандылықты дәріптейтін, 

қазақ қыздарының жақсы қасиеттерін ашатын көркем 

фильмдер жасау керек. Жай ғана діни сектаның зиян-

дығын көрсететін фильм жасап қажеті жоқ. Ақылымен, 

сана-сезімімен кісінің жанын баурайтын заманауи 

қаһармандарды, азаматтарымыз бен бойжеткендеріміз-

ді жақсы қырынан көрсете алу керек. Қазақтың бол-

мысын көрсете алмайтын әлжуаз, не қазақ, не басқа 

екені белгісіз кейіпкерлер қаптап жүр қазір. Орысша, 

қазақшасы аралас, ұлттық бояу, нақыштан мақұрым 

қалған фильмдер жүріп жатыр. Оны көрген жас қайдан 

басқа сектаға кірмейді?! Қазақ ұлтының болмысына 

тән, бүкіл жақсылықтарымызды көркем фильм арқылы 

көрсетсек, басқалар балақтан түскен бит сияқты сауылдап 

өздері түсіп қалады. Өз дінімізді, тілімізді, иманымызды 

ұмытпасақ, өзге діндер өздігінен ысырылып қалады. Қай 

жолмен жүруді жастар сонда өздері-ақ түсінеді.

— Дәстүрлі дін, мәдениетке бағытталған идеологиямыз болмаса, құр фильм тү сір-

геннен пайда жоқ. Бастысы, мемлекеттің ұлттық идеологиясы болса, секталар жұмы-

сын тоқтатуға болады. Діни істер агенттігінің қолында көптеген мағлұмат бар. Өзім де 

кезінде сол жерде істегем. Бірде сонда істейтін иеогова куәгерлерінің төрайымынан 

сол сектаға қалай өткендігін сұрасам, Орталық мешіт қасындағы медреседе оқыпты. 

Сондағы ұстаздардың жүріс-тұрыстары керісінше, діннен алшақтатқандығын айта-

ды. Кейін иеоговолықтар гипноз арқылы тартып алған. Өзге дінде жүріп, беті қайтқан 

адамдар бар. Нақты дерекке негізделген мысалдар: адамның өзге дінге кіргенін, 

қиналғанын, шетелге қашып кетіп, артынан қудалап жүріп, қайта кіргізіп алғаны тура-

лы Қазақстанда деректер көп. Секталар көбіне гипнозбен не ақшамен дуалау арқылы 

тартады. Соның барлығы қамтылған тікелей адам өмірінен көркем фильм түсіру керек. 

Сектаның зияндылығы туралы хабарлар, арнадағы уақытты толтыру үшін ғана беріледі. 

Таза өмірден алынған фактіге құрылған фильм ғана елдің көзін ашады. Сектаға кірген 

адам, біріншіден, қатты қорқады, қорқудан сүйіспеншілік пайда болады. Сондықтан 

фильмді арнайы дінтанушы, исламтанушы мамандармен ақылдасып жасамаса, қара 

PR-дың өзі, жарнама болып кетуі мүмкін.

— Діни секталарды әшкерелейтін 

фильм дер бар, бірақ насихат, дәріс се-

кілді. Олардың кауіптілігін тек философ, 

молдаларды сөйлетіп, жеткізе алмай-

сың. Шындап кірісіп, деректі фильмдер 

жасау керек. Бұл тақырып төңірегінде 

түсінбестік көп, әркім әрқалай ойлайды. 

Зардабын да көріп отырмыз ғой. Тіпті 

мемлекеттік тұрғыдан қолға алынатын 

үлкен іс. Сектаны әшкерелейтін фильм-

дерді топ-тобымен шығару керек. Бұл 

өте күрделі, өзекті тақырыпқа айналып 

отыр. Біртұтас түсіністік, тұрақты пікір 

жоқ. Секталарды біреулер даттайды, бі-

реулер мақтайды, біреулер қажет емес 

дейді. Бұл – мемлекеттік деңгейдегі 

мәселе.

Дайындаған Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

Ал осы тапсырыспен басылған жаңа 

кітаптардың қайда, кімдерге таратылаты-

ны жөніндегі ақпараттар баспалардан та-

лап етіле бермейді. Оның үстіне көптеген 

баспадан шығатын кітаптардың маз-

мұндық әрі безендірілу тұрғысынан кел-

генде сапасы әлсіз болатындықтан, бұл 

кітаптарды кітапханалар мен кітап дүкен-

дері алып, таратуға құлықты емес. Мемле-

кет баспа лар дың дүкендермен жасаған 

келісімшартын талап еткенімен, дүкен дер-

дің барлығы дерлік жекеменшік емес пе? 

Ал олар өз кезегінде өзге елдердің кітап 

өнімдерін сатумен айналысуға мүдделі. 

Қарап отырсаңыз, бүгінде әр баспа негізі-

нен өзі қалаған дүниелерін басып шыға-

рады. Тендерге түсер кезде де «біз мына-

дай кітап шығара аламыз» деген өз ұсы-

ныстарын алға тартады. Мұның сыртында, 

қазір жекеменшік баспалар бұрын ғыдай 

әдеби-көркемдік сараптамадан өткен 

туындыларға ба сымдық бере бермейді. 

Әркім білген кітабын шығара беретін за-

ман ғой, қазір. Со ның салдарынан жазушы 

деген аттың беделі түсе бастады. Қайта 

биылдан бастап Мәдениет министрлігі 

мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін 

кітаптардың авторларынан міндетті түрде 

Жазушылар ода ғының рецензиясын талап 

ете алатын болды. Әйтсе де баспадан 

бұрын қолжаз ба ла рын бізге алып келетін 

авторлардың дү ниелерін қарап, толық 

оқып шығуға біз дің мүмкін дігіміз келе бер-

мейді. Оларды сүзгіден өткізіп, сараптап 

отыратын шығар машылық одақта қосым-

ша сыншы, рецензенттер жоқ. Бұл іске Ми-

нистрлік қосымша қаржы қарастырмаған. 

Алайда біз өзімізге жүк тел ген міндетті 

шама-шарқынша орындап келген автор-

лардың арасынан лайық тыларының қол-

жаз баларына жақсы пікір жазып, басуға 



«Тәуелсіздік жемісі» – атамекенге 

оралған ардақтылар жайлы кітап

дықтар тудырамыз... Былай қарасақ, орал-

мандар не берді деудің өзі артық. Шетел-

ден келген қандас 

тарымыздың қара 

басының өзі – қазына. Өйткені біздің ұлан-

ғайыр даламыз бен егемендігіміздің ертеңі 

үшін халқымыздың жан санының артуы 

күн тәртібінен түспеуге тиісті мәселе. Елба-

сы биылғы халыққа Жол дауында: «Біз 

түрлі заманда тарыдай шашылып кеткен 

қандастарын атамекеніне жинаған әлем-

дегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары 

шетелдерден 800 мыңнан астам отанда-

сымыз келіп, халық саны 1,5 миллионға 

артты», – деп мақтанышпен айт ты. Егер 

Тәуелсіздік алғаннан кейін шетелден келіп, 

бір қазақ Қазақстан топы рағында өсіп-өну 

бақытына ие болса, онда ол – Тәуелсіз-

дігіміздің, Елбасымыздың көре ген көші-

қон саясатының арқасы. Бұл – дау тудыр-

мас ақиқат. Ал шетелдерден келген мил-

лионға жуық қандасымыз арасында қо-

ғам ның әр саласында жемісті еңбек етіп 

жатқан азаматтардың болмауы ешқандай 

қисынға сыймайды. Мен бұл кітаптың 

бірінші бетіне «20 жылдық мерейтойға 

арналады» деп үлкен әріппен жаздым. 

«Оралмандар не берді» деген сұраққа жа-

уап іздейтіндер үшін «Тәуелсіздік жемісі» 

кітабы оралмандардың бетінің жарық 

екенінің дәлелі де болады. Қысқаша 

айтқанда, бұл кітапты тарихи Отанына 

оралған 1 миллионға жуық, заңды атауы 

оралман деп аталатын қандастарымыздың 

ішкен су, татқан дәм, жұтқан ауасы үшін 

Отанына берген перзенттік есебі, тойға 

тартуы деп қабылдаған дұрыс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет