Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата01.01.2017
өлшемі2,53 Mb.
#907
1   2   3   4   5   6   7

Оңалтай ҚУАНДЫҚ

Бұрынғы полицей 

бас салықшыға 

тапанша кезенді

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№173 (625) 1.10.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, жазушы, «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры:

– Өмірде ашық-жарқын мінез-

ді, мейлінше қарапайым адам сияқ-

ты 

сыз. Бірақ әңгімелеріңізде айтар 

ойыңызды түгел айта бермейсіз. Ке-

йіпкерлер тағдыры, әлдебір оқи ға ның 

шешімі оқырманды көбі несе екіұдай 

күй де, екіұдай ойда қал дырады. Осы 

стиль сіздің өз міне зіңізбен, өз бол-

мысыңызбен қан шалықты үйлеседі? 

– Кейде өзім туралы ойланамын. Мен, 

негізі, амалдың жоқтығынан ашылатын тұ-

йық адаммын. Араласу керек, сөйлесу ке-

рек, өмір дегеннің бір талабы – сол. Ал әң гі-

мелерімдегі сіз айтып отырған жайт қа кел-

сем, ол – әдебиеттің басты жұм бағы. Адам 

көбіне қулықпен өмір сү реді, ал ке йіп кер 

одан әлдеқайда адал. Өйт кені ол біз дің 

қиялымыздан туған. Біз сон дай ке йіп кер-

лермен бірге жүргіміз келе ді. Сон дық тан да 

шығар, әдебиет біздің жа ны мыз ды тазар-

тады. Әдебиеттен алыс таған нан кейін де 

өмір қасаңданып барады емес пе?!.

Оралхан Бөкейдің қасында біраз жыл 

еріп жүрдім, ал енді қазір көзі жоқ та шы-

ғармаларын қайталап оқысам, кейіп 

кер-


лері арқылы бар тәкаппар, ро ман тика лық, 

қиялшыл болмысымен көз алдыма келе 

қалады.  Оралхан  Бөкей дің  бас қа мыз дан 

бір артықшылығы, айнала сын дағылардың 

бәрін өзі сияқты ақжүрек деп ойлайтын, 

солай қабылдайтын. Өмірде солай, ке йіп-

керлері де сондай. Арам дық тың өзін адал -

дықпен жасайды. Мен де, бәлкім, кейіп-

керлерімнен алыс емес шығармын. Со-

лар менің өзімдей болмаса да, ет-жақын 

туысқандарым сияқты. Бірақ әдейі солай 

жазған жоқпын. Өзінен-өзі солай туды, со-

лай аяқталды. Оқырманымды әлдеқайда 

жетелеп апардым, ары қарай өзі жүретін 

болар. Кейбіреу таниды, кейбіреу танымай-

ды. Бір қызығы, менің прозамды поэзия 

өкілдері жақын тұтатын тәрізді. Темірхан 

Медетбек «Миллион жы лан, миллион ара 

және мен» атты әң гі мемді талдап берген де 

анадан жаңа туған дай айран-асыр қалдым. 

Жәркен Бөдеш «Соқыр» деген әңгімемді ме-

нің өзімнен артық танығандай күй кешір ді. 

Ұлықбек Есдәулет «Үлпілдек» атты хикая-

тымның ішіне кіріп пікір айтқанда тағы тол-

қыдым. Осы хикаят туралы Иран-Ғайып сыр-

тымнан бір жақсы сөз айтып жүр дейді, бірақ 

өз құлағыммен естіген жоқпын. Оразақын 

Асқар да, Сейфолла Оспан да, Қуанышбай 

Құрманғалиев те, Жанарбек Әшімжан да, 

тағы басқалары бәрі – ақын. Ал прозадағы 

әріптестерім жым-жырт. Қызық... 

Кейіпкерлерімнің таза өмір сүргісі ке-

леді. Содан ба, ортадан қашады. Өзім де 

сондай болуым мүмкін. Былайша айт-

қанда, 

Менің жаным жұдырықтай құс еді,

Қайда барып қонақтарын білмеген,

Бұл көргенім өң сықылды түс еді,

Жер-дүние бәрі көктеп, гүлдеген,

Қонам десе, ағаштар тұр жайқалып,

Құстар шулап, ортасына шақырып,

Менің құсым қона алмайды жай тауып,

Ұшса, қайтып қона алмайтын 

мақұлық... 

Имандай шыным демей-ақ қояйын, 

бірақ барым – осы. 

– Сіз өлең де жазатын ба едіңіз? Оны 

біз, қалың оқырман, неге білмейміз? 

– Оразақын Асқар өткенде «прозаны 

таста, поэзияға көш» деген. Дидар Амантай 

«поэзия – сәбидің былдыры» деген сияқты 

бір сөз айтқан-ау деймін. Мен де сондай 

көзқарастамын. Әйтпесе кейде ішіме сый-

май кететін өлеңдер біраз бар. Өлең деп 

бастыруға ыңғайсызданып, бір жағынан 

алдыңғыларындай жоғалып кетпесін деп, 

ептеп прозалық шығармаларымның ішіне 

сыналап кіргізіп жіберіп жүрмін. Сына-

са, кейіпкерімді сынасын деген де түрім 

шығар. Ал өзіме ұнай ма, білмеймін. 

– Кейбір шығармаларыңыздан 

тұс пал, әлденені меңзеу байқалады. 

Әр кім ойына келгенін жазып, аузына 

келгенін айтып жатқан бүгінгідей уа-

қытта аллегорияға жүгінуіңізге не се-

беп? Өзіңіз өмірде қаншалықты шын-

шыл, қаншалықты турашылсыз? 

– Кейде «жалаңаштанбайықшы» деп 

ай қай салғың келеді. Оралхан Бөкей дәл 

солай айтар еді. Бір-ақ сөз, соған бәрі 

сыйып тұр. Иесіз үйді жын-шайтан жай-

лайды. «Миллион жылан, миллион ара 

жә 

не мен» деген әңгіме осы туралы. 



Шека ралық аудандардың халі мүшкіл кез-

де жазылған мұңдылау әңгіме. Бір қалам-

дасым «оқығанда мың-миллион құ мырс-

қа өріп бара жатқандай арқам жы быр-

лады» деді, рас айтқан шығар. Мең зеу 

деген – осы! Ал қаншалықты шын шыл, 

тура шылсыз дегенге не айтсам екен? Бір-

де Тұр сынжан Шапай қаладағы ауасы таза 

ша ғын ауданға көшті. «Ауасы таза жерге 

барып 


сың ғой» десем, «салыс 

тырмалы 


түр де» дейді. Сол айтпақшы, шын шыл ды-

ғы мыз «салыстырмалы түрде» ғой.

«Екінші «П» деген сатиралық повесть 

жазып едім, неге екенін, Әбдіжәміл Нұр-

пейісов қолжазба күйінде оқып, ұнатты. 

«Таң Шолпан» журналында басылды. Шын-

шыл дығымыз содан аса алмаған шы ғар, 

кім білген. Алайда мәселе айқайлап айту-

да емес. Әр нәрсені, әр жағдайды бір-бі-

рі мен салғастырып көресің. Отбасының 

бір лігін ойлаған сияқты, Отанның да ты-

ныш 


тығын ойлайсың. Бұл тірлігіміз 

дің 


барлығына болашақ өзі бағасын берер. 

Ал мен шығармашылықтың шынайы-

лы ғы нан ешқашан айныған емеспін. Ол 

өзі – қылкөпірден өткендей нәзік нәр се. 

Тү 

сін 


діріп те айта алмаймын. Біреу 

лер 


«қо лыңызда тұр ғой, өзіңіз туралы жаз-

ғыз байсыз ба» дейді. Мен, сіз айтпақшы, 

таби ғатым қарапайым болса да, жан дү-

нием өзім де танып болмастай күрделі 

сезім дерді бастан өткеріп жүрген адам-

мын. Жан дүниеме әркім бір үңіліп, жаза 

алмас. Одан да жайыма жүргенім жақсы 

деп шештім. 



– Әдебиет пен публицистиканы 

қатар ұстап, сөз майданының екі са-

ласында да жемісті еңбек етіп жүр сіз. 

Жалпы, өзіңіз қалай ойлайсыз, бү гінгі 

әдебиет оқырман сұранысын қан ша-

лықты қанағаттандырып отыр? 

– Әрине, көп дүние жазылып жатыр, 

көп тақырып, сан алуан мәселелер қоз-

ғалуда. Бірақ бәрібір соңғы кезде құ бы-

лысқа айналған ерекше дүние елде де 

жоқ, менде де жоқ. Оқырманның рухани 

сұ ранысын қанағаттандыратын дүниелер 

жаза алмай жатырмыз. Оқушы кезіміз-



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ

... Елімізде бір ретке қойылмай келе жатқан жағдай – жарна-

ма мәселесі. Қазақстанда орыстілді журналистер осы жарнамадан 

көп пайда табады. Әкелген жарнамасының белгілі бір мөлшерін 

журналистің өзі алып отырады. Қазақтілді журналистикада ол әлі 

толық жолға қойылмай отыр. Себебі тілдік ахуал нашар. Жарнама 

тартылмағандықтан, қазақтілді ақпарат құралдары, сөз жоқ, ке-

дейлеу күй кешіп жатыр. Атқарушы орындар, соның ішінде билік 

қазақ тіліндегі ақпарат құралдарына жарнаманың берілуін ретке 

келтіруі тиіс пе деймін. Әрине, ешкім күшпен жарнама тарта алмай-

ды, дегенмен осы жерге «50 де 50» өлшемі керек сияқты. Мысалы, 

бір жарнама екі тілде қатар берілуі қажет деген талаптар қойылса. 

Осындай бір ереже енгізілсе, қазақтілді журналистиканың аяғынан 

тұрып кетуіне көп көмек болар еді.

де «Жалын» журналына Төлен Әбдіктің 

«Оң қол» деген повесі басылды. Сол шы-

ғарманы бүкіл мектеп болып таласып оқы-

дық десем, өтірік емес. Басқасы басқа, 

тіпті күні бойы доп тепкеннен басқаға қы-

зықпайтын балалардың өзі сол дүниені 

бас алмай оқыды. Яғни «Оң қол» қазақ 

әдебиеті үшін жаңалық болды. Бүгінде 

тап сондай ерекше шығармалар тапшы. 

Былай қарасаң, жазушылардың қаламын 

құрғатқан кезі жоқ. Біреулер адамды қо-

йып, тіпті Құдай туралы жазып жатыр. 

Оқырманның назарын аударсам деген 

ниеттері шығар, бірақ әзірге айтарлықтай 

нәтиже байқалмайды. 



– Бұл ретте журналистиканың ең 

өтімді, ең өнімді жанр болып тұрғаны 

даусыз. Әйтсе де оның да өз сыры, 

өз жыры, тіпті мұң-наласы жетерлік. 

Осы тұрғыдан алғанда, сізді қандай 

мәселелер толғандырады?

– Қазақстандағы журналистиканың 

жағ дайы аса жаман емес. Себебі жазылым-

ды ұйымдастыруға көмек беретін тетіктер 

бар. Жасыратыны жоқ, жазылу науқаны 

ке зінде әкімдіктер бар, жергілікті жерлер-

дегі атқарушы ұйымдар бар, кәсіпкерлер 

бар, бәрі орыстілді басылымдарға да, қа-

зақтілді басылымдарға да көмектесіп жа-

тады. Бұл жағынан енді таралым қанша 

аз дегенмен де, жағдай біршама тәуір. 

Ал енді тікелей журналистердің еңбегін 

ба ғалау дегенге келетін болсақ, ол жағы 

төмен. Әсіресе журналистің қара жұмысы 

бағаланбайды. Ол – қаламақы мәселесі. 

Жазғаны жұмыр, өтімді, өткір, мықты жур-

налистер еңбектеріне мардымсыз қалам-

ақыны қанағат тұтады, тіпті алмайтын-

дары да кездеседі. Қаламақы мәселесі 

жол 


ға қойылмайынша, журналистердің 

жағ дайы  жақсармайды. 

Осы орайда елімізде бір ретке қо-

йылмай келе жатқан жағдай – жарнама 

мәселесі. Қазақстанда орыстілді журна-

листер осы жарнамадан көп пайда таба-

ды. Әкелген жарнамасының белгілі бір 

мөлшерін журналистің өзі алып отырады. 

Қазақтілді журналистикада ол әлі толық 

жолға қойылмай отыр. Себебі тілдік аху-

ал нашар. Жарнама тартылмағандықтан, 

қазақтілді ақпарат құралдары, сөз жоқ, 

кедейлеу күй кешіп жатыр. Атқарушы 

орындар, соның ішінде билік қазақ тілін-

дегі ақпарат құралдарына жарнаманың 

берілуін ретке келтіруі тиіс пе деймін. 

Әрине, ешкім күшпен жарнама тарта ал-

майды, дегенмен осы жерге «50 де 50» 

өлшемі керек сияқты. Мысалы, бір жарна-

ма екі тілде қатар берілуі қажет деген талап-

тар қойылса. Осындай бір ереже енгізіл-

се, қазақтілді журналистиканың аяғынан 

тұрып кетуіне көп көмек болар еді. Сосын, 

жасыратын несі бар, қазақтілді журналис-

тика саясатқа дендеп араласа алмайды, 

эко номикалық тақырыптарға да көп бара 

бер мейді. Осындай тақырыптарда сауат-

ты шо лулар жасалмағандықтан, қазақтілді 

БАҚ сол тараптар назарынан тыс қалып жа-

тады. Бұл – журналистің беделіне де, қар-

жылық жағдайына да әсер етеді деген сөз. 

– Әңгімені қайтадан әдебиетке 

бұр сақ... Шығармаларыңыздың ішін-

де өз өміріңізге, өз басыңыздан өткен 

оқиғаларға арналғаны бар ма? Мыса-

лы, қандай әңгіме, повестерден сіздің 

бейнеңізді көруге болады? 

– Көрмеген, білмеген нәрсені жаза 

алмаймын, тура көшіре де салмаймын. 

Жас тау кезімде Үстірт жаққа жолсапарға 

ДАТ!

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қарақұмықты қай елдер көп өндіреді?



Әлемде жыл сайын қарақұмық тапшылығы 

байқалатынын білеміз. Мұны қай елдер көп 

өндіреді? Біздің еліміз қарақұмық экспорттаушы ел-

дер қатарына кіре ме?

Жадыра ОРЫНБАСАРОВА, Алматы қаласы

Негізгі азық-түлік өнімі, қа рақұмық ұны мен дәрі-дәр-

мектің шикізаты ретінде бұл дақылға сұраныс жыл сайын 

артып келеді. Оның әлемдік нарықтағы ба ға сының да 

ауық-ауық ша рықтап отыратыны сон дықтан. Соңғы жыл-

дары дүниежүзі бойынша 2 млн тоннаға жуық қарақұмық 

өн дірілетін болды. Қазақстан қара құмық өндіруші елдер 

тізімінің 11-орнында. Ірі өнді рушілер: Ресей, Қытай, Укра-

ина, Франция, АҚШ, Поль ша, Бразилия, Жапония, Литва 

және Беларусь. Бутан, Латвия, Оңтүстік Корея, Канада, Че-

хия елдері де қарақұмық өндіріп, экспорттайды.

Балаларға арналған сенім телефоны бар ма?



Өтпелі кезең жасында балалар көбіне ішкі сырларын ата-аналарынан 

жасырады. Оларға заңгердің не психологтың көмегі қажет болып қалуы 

мүмкін. Бірақ олар мамандарға барып, басындағы күрделі жағдайды 

айтуға тағы қысылады. Осы балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім 

телефондары бар ма? Қарағанды облысының тұрғындары үшін байла-

нысу нөмірі қандай?

Балдырған СЕЙІЛХАНОВА, Қарағанды облысы

Елімізде балалар мен жастарға 

арналған Ұлттық сенім телефоны қызмет 

ететінін еске саламыз. Оның нөмірі – 

154. Егер балалар немесе жастар қиын 

жағдайға душар болса, психологиялық 

немесе құқықтық көмекке зәру болса, 

біреуден әлімжеттік, зорлық-зомбылық 

көрсе, өмірден түңілуге мәжбүр болса, 

басқа да күйзелістерге ұшыраса, осы 

телефонға хабарласуы қажет. Бұл – 

еліміз бойынша бірыңғай кеңес беру, 

көмектесу желісі. Орталық адамның 

құпиясын жария етпеуге кепілдік береді. 

Күйзеліске ұшыраған балалар бұл 

нөмірге хабарласа алмаса, Ұлттық сенім 

телефонының bala-ana@rambler.ru 

поштасына хат жазып, көмек сұрауына 

да болады.

ИГІ ІС


Негізі, тың идеяны шебердің қызы 

ұсы ныпты. «Базарда Қырғызстан мен Қы-

тайдан келетін түрлі қазақи нақыштағы 

кәдесыйлар көбейіп кетті. Бірақ бұлардың 

сапасы тым төмен. Осындай заттар жа-

сау біздің қолымыздан да келеді ғой. 

Неге өзімізге жасамасқа?» – деген соң, 

қызымның сөзін жерге тастамай, мамыр 

айының ортасында осы істі қолға алдық»,– 

дейді Гүлбарам апай. Қазір Гүлбарам 

Әуез 

баеваның шағын цехы бар. Онда 



үш адам жұмыс істейді. Еңбекпен қамту 

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 

мү гедектер қоғамы және демеушілердің 

қолдауымен үш тігін машинасын алады. 

Алдымен түйенің боталары мен қуыр-

шақтарды ұлттық нақышта киіндіреді. Бұл 

үшін «Барбиларды» базардан сатып әке-

леді. Жасалған кәдесыйлар көбіне той-

ға алынады екен. Цех шеберлері қуыр-

шақ, ботадан өзге, тойбастарға ар нал ған 

киіз үйлер, беташар табағының ор нына 

қолданатын сандықшалар мен қор жын-

дарды да әзірлейді. 

Гүлбарам ӘУЕЗБАЕВА, қолөнер шебері:

– Бізде қуыршақ жағы жетіс пей-

ді. Базарда көбіне «Барби» қуыр-

шақ 

тары сатылады. Соларды сатып 

алып, көздерін бояп, қазақ қа ұқса-

тың қы раймыз.  Бас та рына  бөрік  кигі-

земіз. Үстерін әше кейлеп, киіндіреміз. 

Жаңаша түрге ен 

ген қуыршақтарды 

көбі не қыз ұза туға, тілашар тойларына 

алады. Бала лар «Барби» ұстағаннан 

гөрі, ұлт тық киім киген қуыршаққа көз-

дері қанып өссін деп кішкентайларға 

жасап жатқан жайымыз бар. Бірақ осы 

қуыр шақ тарымыз  жалғызсырап  тұр. 

Қалада ұл қуыршақ атымен жоқ десек 

те болады. Өткенде бір кісілер тапсы-

рыс беріп еді, әрең дегенде біреуін 

таптық. Оның өзі қара нәсілді болды. 

Оны қазақиландыруға біраз уақыт 

кетті. Енді бағалары аса қымбат емес. 

Халықтың қалтасына қарай базардан 

арзандатып қойғанбыз. Бұдан басқа 

да кәдесыйлар жасаймыз. Кішкене киіз 

үйлер, боталарға «Қазақстан», «Се-

мей» деп жазамыз. Шетелдік қо нақ-

тар естелік ретінде қуана-қуана алып 

кетеді. Әр үйде осындай қазақи на-

қыштағы заттар орын алса, болашақ 

ұрпақ ұлтымыздың құндылықтарын 

жа дына тоқып өсер еді деп ойлаймын. 

Шебердің айтуынша, алыс-жақын ше-

телден келушілер, негізінен, Семей қа-

ласының елтаңбасына белгіленген ботаға 

көп сұраныс береді екен. Осы уақытқа 

де йін Гүлбарамның қолынан 60-қа жуық 

«Барби» қазақи келбетке ие болып өңделіп 

шыққан. Қолөнер шебері кәдесый жасау-

мен шектеліп қалмақ емес. Болашақта 

ол мүмкіндік болып жатса, жұмысшылар 

са нын көбейтіп, қазақи ою-өрнекпен әр-

ленген көрпе-жастық сияқты қалыңдық 

жасауын, кимешек-камзол, бөрік-тымақ 

сияқты ұлттық киімдер тігуді қолға алмақ 

ниетте. 

Асыл ЖАН,

Семей

Семейде «Барби» 

қуыршақтары қазақи кейіпке 

еніп жатыр. Мұндай біре-

гей жобаны қала тұрғыны 

Гүлбарам Әуезбаева қолға 

алыпты. Бүгінде шебер 

қолынан ұлттық киімде-

гі қуыршақтармен қоса, 

қазақы үйлер, түйе малы 

үлгілерін көруге бола-

ды. Ұлттық нақышпен 

жасалған кәдесыйлар 

тек семейліктердің ғана 

емес, қалаға келген ше-

телдік меймандардың да 

сұранысына ие болып отыр.

«Барби» 

қазақтың 

қызына айналды

Кейде 

«жалаңаштанбайықшы» 

деп айқай салғың келеді

БІР ПІКІР

... Көп дүние жазылып жатыр, көп тақырып, сан алуан мәселелер 

қозғалуда. Бірақ бәрібір соңғы кезде құбылысқа айналған ерекше 

дүние елде де жоқ, менде де жоқ. Оқырманның рухани сұранысын 

қанағаттандыратын дүниелер жаза алмай жатырмыз. Оқушы 

кезімізде «Жалын» журналына Төлен Әбдіктің «Оң қол» деген по-

весі басылды. Сол шығарманы бүкіл мектеп болып таласып оқыдық 

десем, өтірік емес. Басқасы басқа, тіпті күні бойы доп тепкеннен 

басқаға қызықпайтын балалардың өзі сол дүниені бас алмай оқыды. 

Яғни «Оң қол» қазақ әдебиеті үшін жаңалық болды.

бардым. Қаройда Маңғыстаудың түйеші-

лерімен бірге жабайы ит ауладық. Ол кезде 

түйешілердің астында – бір-бір мотоцикл. 

Біз ферма меңгерушісі екеуміз су таситын 

мәшинеге мініп алғанбыз. Жабайы болып 

кеткен иттер маң далада түйеге ауыз сала 

бас таған екен. Түйешілер бірталай итті мо-

тоц иклмен қуалап жүріп, қырып салды. 

Өліп жатқандай көрінген бір қарала ит, 

ауру тарамасын деп, үстіне жағармай құ-

йып өртегенде, атып тұрып, лапылдаған 

күйі мәши неміздің астына қойып кеткені. 

Жүр гізушісі жанкешті екен, кабинаға қар-

ғып мініп, оталдырып, алып қашып үл гер-

ді, әйтеуір. Содан Алматыға келе салып, 

«Мұнар, мұнар, мұнара» деген хикаят 

жаз дым. Оным сол кездегі комсомол мен 

«Жалын» журналының сыйлығын алды. 

Ке  йін Светқали Нұржанов Жазушылар ода-

ғы ның алдында кездесіп қалып: «Жоқ, біз-

дің жақтың адамдары ондай емес», – деп 

реніш айтқандай болды. «Мал ашуы – жан 

ашуы» деген, түйешілерде не кінә бар?!. 



– Ертеректе жазылып, іле-шала 

ки ноға айналған әңгімеңіз «Жансе-

біл дегі» мүгедек Мұқатай бейнесінен 

бір ғана адамның емес, бүкіл ұлты-

мыз дың кешегі-бүгінгі болмысын, тағ-

дырын көргендей боламыз. Ұлттың 

бітеу жарасына айналған бірқатар өз-

екті мәселеге сіз одан кейін де талай 

рет қалам тарттыңыз. Бірақ солардың 

дәл «Жансебілдей» ауызға ілігіп, үл-

кен пікір тудырғанын байқамадық. 

Мұ ның сыры неде? 

– Мен көп қателестім ғой. Ешкіммен 

бәсекелес болған жоқпын. Шығар ма шы-

лық адамы үшін соның өзі де – қате. Көп 

уақытым босқа өтті. Енді орнын толтыра 

алмай әлекпін. Бірақ бұл өмірге де өкініш 

жоқ. Жақында Қарлыға деген қызға «Жап-

пай барып көретін кино, жастанып жатып 

оқитын кітап неге жоқ?» деген мақала 

жаздырдым. Соның ішінде өзім де бар-

мын. Бірақ әлгі айтқан «Үлпілдек» атты хи-

каятым өткен жылы «Жас Алаш» газетінде 

басылды да, соған көп жылы сөз естідім. 

Жамбылда Б.Момышұлының тойында көзі 

ашық бір үлкен кісі қасымызға келіп: «Үл-

пілдегіңді» содан бері талай жерде «оқың-

дар» деп айттым», – деді. Батыс өңір ден 

Амантай Өтегенов телефон ша лып, «мы-

науыңды аудартайық» деп ұсыныс жаса-

ды. Жас күнімде «Тарғыл тө 

бет 

тің иесі» 



де ген әңгімемді бір жігіттер өзіме айтпай, 

орысшаға аударып әкеліп еді. Сол күндер 

есіме түсіп, әжептәуір құ ла ғымды қайшылап, 

елеңдеп қалдым. Ал «Жансебілге» келсек, 

ол заманның сұра нысы болды. Жөні бөлек. 

Сол сияқ ты, «Қас қыр-Адам» деген хика-

ятымды  «Қа зақ фильм»  бір  режиссердің 

өтіні шімен сатып алды, кино жасаймыз 

деп мыжғылап жатыр, көрерміз. Бірақ 

соңғы уақытта мен әде биетте өзімді әлі де 

дәлелдеймін деген ішкі сенім пайда бол-

ды, оны да уақыт көрсете жатар... 



– «Қала» деген әңгімеңіздегі кейіп-

керіңіз бір жағдайға байланысты кө-

ріпкелге жүгінеді. Сөйте тұра, оған 

сеніп, толықтай мойындап, іштарта 

да қоймайды. Осындай сәттер өз ба-

сы ңыздан өтіп көрді ме? Емші, бал-

шы, көріпкел атаулымен қаншалықты 

дос сыз немесе қассыз? 

– Өтті. Алланың жолында күнә десе 

де, солай болды. Құдай өзі кешірсін деп 

қояйын. Анда-санда сондай бір келіншек-

пен сырласамын. Алдағы өмірді білуден 

бұрын құпиясына үңілгім келгендіктен 

шығар. Мұхтар Әуезовке жас күнінде Ле-

нин градқа жол тартқанда жолай кездес-

кен біреудің айтқаны 63 жасында дәл 

келіпті. Андре Моруаның «Бальзактың 

өмір баянында» сондай нәрсе көп кезде-

седі. Қазыбек бектің қолжазбасында Өте-

ген батырға қатысты сондай бір эпизод 

бар. Бәлкім, мұның бәрі әншейін шалық 

сияқты бірдеңе шығар, кім білген. Алайда 

әркімге сеніп алаңдағанша, Аллаңды та-

нып, өз сеніміңмен өмір сүрген дұрыс қой 

деп ойлаймын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет