Кешенді емтихан 1: Қазіргі қазақ тілі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі



бет2/5
Дата22.05.2023
өлшемі28,41 Kb.
#96252
1   2   3   4   5
Мен жаздым, маған жазды, хат жазу, жазу әрі оқу, жай таныс, жай айту, боз торғай, үйдің қасы, қонақ күту

  1. Сөйлем мүшелеріне талдай отырып, үстеулердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.1.Бүгінді ертең жеңеді (Ғ.Сланов). 2.Ескі бише отырман бос мақалдап (Абай).3.Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал).

  2. Матаса байланысқан тіркестерді тауып, толық синтаксистік талдау жасаңыз (басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуы, құрылымы, синтаксистік қатынасы). Ал Құлзақ пен Досжан нұсқасында Құртқаның тұлғасы бұдан да айқындала түседі. Қобыланды мал бағып жүріп сол елдің қызына жолығады. Елі оны жылына бір келетін айдаһардың жолына қойған екен. Қобыланды қыздың орнында қалып, қырық құлаш қылышын тосып, айдаһарды өлтіреді

  3. Құрмалас сөйлемдерді тауып, оның қай түріне жататындығын анықтаңыз. Бәйдібек заманында жайлауында үйір үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген асқан бай адам болған, керуендері шығыс пен батыс арасында жүрген. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқы жау айдауында кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек, содан жау шапты деген хабарды естіген олар еліне келеді. Бәйдібек елден жасақ жияды, қасына алты ұлы да ереді

  4. Берілген сөйлемдердің ішінен сөз тіркестерін тауып, етістікті және есімді тіркестерді бөліп жазыңыз (бастауыш-баяндауыштық қатынастағыдан басқасы). 1. Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы, бітпейді іштегі, ғашықтық жарасы. 2. Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастықтың екеуі қонақ шынтағында жатыр

  5. Төмендегі мәтіннен жақты, жақсыз сөйлем сөйлемдерді табыңыздар.

Маңайының бәрі бозғыл, бұлыңғыр тартты.(Ә.Кек.) Мұндай жағдайды бір сөзбен айтуға бола ма екен. (С.М.) Күлкі келтірерлік ештеңе де жоқ сияқты. (Т.Жанұз.) Жүрегі дүрсілдеп, алып ұшып, орнынан атып тұрды. (С.М.) He істерін білмей, тықыршып,ары-бері жүре бастады. (С.М.) Байсал бай жайлауға көшкенде қиялама ат жолдан шығады.(Ә.Кек.) Спортпен ғұмырымда айналысып көрмеген жанмын (Тельман Жанұз.).

  1. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, топтастырыңыз:1) матаса байланысқан тіркестер, 2) қабыса байланысқан тіркестер, 3) меңгеріле байланысқан тіркестер, 4) жанаса байланысқан тіркестер.

Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.

  1. Берілген фразеологизмдерді түрлеріне қарай топтастырыңыз.

Бота көз. Ит байласа тұрғысыз. Бір ұрты май, бір ұрты қан. Ескі жараның аузын ашты. Еркек кіндік. Жағына пышақ жанығандай. Түйені түгімен жұтты. Біз тұмсық. Мұрнынан шаншылу. Ит көйлекті бұрын тоздырған. Көз көрмес, құлақ естімес жер. Ақ саусақ.

  1. Мысалдардың ішінен метафора, метонимия, синекдоха болатын сөздерді бөліп жазыңыз.

Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болар (м.). Тасада өскен балапан қарағайлар мен шоғыр бұталар да анық көрінеді (Т.Ахтанов). Алтын дән аялаған кең алқапта, жер кемесі - комбайн гүрілдейді («Айтыс»). Алды-артында қара жоқ, Бұл кедей бізден көп пе еді («Қамбар батыр»). Асылымнан қалған жалғыз тұяқ деп, Асылбек деп атыңды өзім қойып ем (Б.Майлин). Енді барлық көз Байжанға қадалды (Ғ.Мүсірепов). Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық (Мақал). Елді аралап жүргенде, Қаюм «Манасты» алпыс күн айтқанын естиді (Ә.Марғұлан).

  1. Мына сөйлемнен табу сөздерді табыңыз.

Ойбай, Тентекжан, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді,-деп, шелегін жерден көтеріп-ақ алды.(Б.Майлин). Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, білмені жанымаға білеп-білеп бауыздап келдім. Бай-бай, сондағы Шырайлымның жылағаны-ай! ...Біздің де, шешесінің де сөзін тыңдамаған соң,Биағалардың өзі қойды ғой... Жаңа осында келерде Мырзағаның үйіне барып едім ... (Б.Майлин).

  1. Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет