Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Дәнді дақылдардың тұрақты, қайталанатын дақылдар мен ауыспалы егістерге қатынасы



бет65/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

Дәнді дақылдардың тұрақты, қайталанатын дақылдар мен ауыспалы егістерге қатынасы. Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе, оның өнімі төмендей беретінін адамдар ерте заманна-ақ білген. Көне заманда өмір сүрген Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде астық дақылдары мен бұршақ дақылдары жылсайын орыгдарын алмастырып егу керек екенін, ал орындарын ауыспай бір жерге еге берсе бұлардың өнімі кемитіні айтылады. Табиғат жөніндегі ғылым дамыған сайын оқымыстылар бұл процестің себептері жөніндегі өз болжауларын айта бастады. Мысалы, швейцар ботанигі Декандоль мынадай пікір айтқан. Өсімдіктер топырақтан сумен қоректік заттар сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне зиянды заттарды тамыры арқылы өсіп тұрған жерге бөліп шығарады. Келесі жылы сол жерге қайта себілген кезде ол өзі бөліп шығарғанзиянды заттарынан зардап шегеді, оның өнімі төмендейді. Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кеуіне мынадай жағдайлардың себеп болатынын ғылымдәлелдеп отыр.Бірінші себеп, химиялық тұрғыдан - өсмідіктердің қоректенуіне қатысты себептер.Әр түрлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әр түрлі мөлшерде сіңіреді, бидай, арпа сияқты мақсатты дақылдар азот пен фосфорды көбірек,калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс картоп сияқты дақылдар керсінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді. Екінші физикалық тұрғыдағы себеп – топырақтың физикалқы қасиетіне байланысты себептер. Танапқа мақсатық, әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша,мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен. Биологиялық себептер. Дақылдарды қоршаған әртүрлі тірі организимдерге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауруға шалдығуы жиілейді және арам шөпте де жылдан жылға көбейе түседі. Арам шөптерде ауыспалы егіссіз жылдам көбейтіп кетеді. Мысалы жаздық дақылдар үнемі қайталап егілген жерде жаздық арам шөптерге жақсы жағдай туып,олардың саны өсе береді. Ал сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қара бидай егілсе, жаздық арам шөптерге күр азаяды, себебі күздік дақылдар сентябрь айында егіледі, олар қысқа дейін тамырланып түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп жаздық арамшөптерден бұрын жетіліп, оларды өздерінің көлеңкесінде қалдырады. Көлеңкеде қалған арам шөптер жөнді өсіп жетіле алмай, көбінесе өліп қалады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет