Орамжапырақ түрлері.Мәні.Биологиясы.Ашық грунтта өсіру технологиясы
Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп те атайды. Олар - шөптекті, кейде шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3 000-ға жуық түрлер бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы (крест) болып орналасатындықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Шірненің жиналуына бейімделіп, тостағанша жапырақшалардың түп жағы кейде қапшық тәрізді болады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі - бұршаққын немесе бұршаққынша. Орамжапырақгүлділер тұқымдасының көпшілігі халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна - көкөніс өсімдіктері. Қыша, ақжелкен - татымды; рапс, арыш - майлы; ақбасқурай - дәрілік өсімдіктер. Қышабас, жұмыршақ тәрізді арамшөптер де бар. Орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі - Т2+2К4А2+4Ж(2).
Сәбіз.Мәні.Биологиясы. Ашық грунтта өсіру технологиясы
Сәбіз (лат. Daucus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады.
Сәбіз – сабағыныңбойы 1 метрге дейін жететеін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбізді ботаникалық тұрғыдан аса сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ол көпшілік қауымға белгілі мәдени өсімдік. Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні – тұқымы күз кезінде жинап алынады.
Сәбізді отырғзуы үшін жерді дайындау. Жер егістің астында ұқыпты өңделінген болу керек, беті бір тегіс болу қажет.
Көктемгі жерді дайындау. Көктемнің кезінде жерді дайындау егілетін мерзімдеріне тәуелді болады. Ерте егілген мерзімдерге:
Ерте көктемдегі бірге – екі із тырмалау. Жердің әрі қарай өндеу даланың және топырақтың тығыздығының дәрежесіне тәуелді болады егер топырақ күзден тұтас дайын болса , бір тырмалаумен шектеледі;
- арамшөптермен күшті лас болушылық жағдайында және суық көктемде култивациалауды тұқымның егілетін тереңдігіне жасайды.
Егу. Егу мерзімдері сұрып және өндірістің мақсаттарына тәуелді болады. Сәбіздің егісінің үш түрі болады: күздік, көктемгі және жазғы. Қыс алдындағы егісті аяздың түсіуінен 10 - 20 күн бұрын жасайды, жер толықтай суықтан қытып калмау керек. Ерте көктемгі егістер сәбізді жазды күні ерте тауар ретінде пайдалану мақсатпен істелінеді. Егуді ауа райы қолайлы болған кезде бастайды жердің құрамындағы ылғалдылықты барынша пайдалану үшін. Күзгі және қысқы игерушіліктің ең ыңғайлы мерзімі болып мамыр айының бірінші жартысы есептеленеді және 25 мамырға дейін. Сәбіз егілгеннен кейін жердің шли қатты кебуіне жол бермеу керек .
Егінді күту. Сәбізді өсіру арамшөптерді азайту, аурулармен және зияндықтармен күресу, уақтылы суару және қатараралық реттеуден құралады. Арамшөптерді жою үшін сәбіздің егіндеріне гербицидтерді(топырақты) қолданады.