Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақтың гранулометриялық және агрегаттық құрамының су қасиеттеріне әсері



бет51/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
7.Топырақтың гранулометриялық және агрегаттық құрамының су қасиеттеріне әсері
Топырақтың гронулометриялық (механикалық) құрамының топырақтарды түзудегі маңызы 
Топырақтың механикалық құрамы, механикалық элементтердің жіктелуі, топырақтың гронулометриялық құрамы бойынша жіктелу
Қатты топырақ бөліктерін микроагрегаттар және макроагрегаттар құрайды. Икроагрегаттар топырақтың элементарлы өте майда бөлшектерінің бір-бірімен қабысып, желімденуі арқылы құрылады. Мұндай қабысу және желімдену топырақтағы физикалық, химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде өтеді. Агрегаттардың диаметрлері әдетте 0,25 мм-ден кіші болады. Макроагрегаттар микроагрегаттардан және элементар топырақ бөлшектерінен құралады, бұлардың диаметрі 0,25 мм – ден үлкен болады.
Топырақтың элементар бөлшектері әртүрлі дәрежеде бөлшектенеді. Олардың диаметрі миллиметрдің он мыңнан бір бөлігінен бірнеше миллиметрге дейін, кейде сантиметрге дейін жетеді. Топырақ бөлшектерінің өлшемдеріне оның физикалық, физикалық-химиялық қасиеттері тәуелді болады.
Сондықтан топырақты оның элементар түйіршіктеріне байланысты жіктеу (классификациялау) қажет. Барлық түйіршіктерді олардың өлшемдеріне (размерлеріне) байланысты топтарға немесе фракцияларға біріктіреді. Осы фракциялардың пайыздан үлесі топырақтың механикалық немесе гранулометрлік құрамы деп аталады.
Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі.
Топырақтағы физикалық құммен саз бөлшектердің салыстырмалы мөлшеріне сәйкес ол құмды, құмайт(құмдауыт), саздауыт ( жеңіл, орта, ауыр ), сазды (олда 3-ке бөлінеді: жеңіл, орта, ауыр ), ал топырақты өңдегенде тарту кедергісіне байланысты шартты түрде жеңіл, орташа, ауыр топырақтар деп үш топқа бөлінеді.
Ауыр саздауытты және сазды топырақтар жоғары байланыстылығы және су сыйымдылығымен, қарашірінді, қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғарлылығымен ерекшеленеді. Мұндай топырақтардың оң қасиеттері олардың құрылымы жоғары болғанда айқын көрінеді де, керісінше, шаңдақ болғанда теріс көріністері ұлғаяды.
Құрылымы нашар топырақтардың арасында өздерінің қасиеттерімен жеңіл және орта саздақты топырақтар ерекшеленіп тұрады.
Топырақтың физикалық пісіп-жетілуі оның грануметриялық құрамына тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар топырақтың технологиялық қасиеттері (байланыстылығы, иілімділігі, жабысқақтығы ), қаттылығы, ісіну қабілеттілігі де оның грануметриялық құрамына байланысты.
Топырақтың грануметриялық құрамын еске ала отырып ауыл шаруашылық дақылдарын аумаққа орналастыру әбден мүмкін. Мысалы, картоп, көптеген көкөніс дақылдарын құмдауыт, жеңіл саздауытты жерлерге орналастырған тиімді болып келеді.
Гранулометриялық құрам топырақ тузуші жыныстан қалған оның өте тұрақты белгілерінің бірі, ол топырақты шаруашылықта пайдаланғанда өзгерістерге ұшырайды деуге болмайды. Тек жылыжай жағдайларында немесе аз көлемді жерлерді органикалық тыңайтқыштарды көп мөлшерде берумен қатар сазды немесе құмды топырақпен араластыру арқылы оның грануметриялық құрамын өзгертуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет