Байланысты: Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,
20.Тыңайтқыштарды енгізудің тәсілдері, мерзімдері, тәсілдері мен техникасы. Тыңайтқыш қолдану жүйесі Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін арттыруда және оның сапасын жақсарту үшін тыңайтқыш қолдану жүйесінің маңызы. Шаруашылықта, аыспалы егісте және жеке дақылдарды тыңайту жүйесі. Тыңайтқыш қолдану жүйесінің типтері: органикалық-минералдық, минералдық, органикалық. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімімен бірге қоректік заттарды шығаруының биологиялық және шаруашылық түрлері. Өсімдіктің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануы. Ауыл шаруашылығы дақылдарының органикалық және минералдық тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалануының орташа коэффициенті. Өсімдіктің аңыз және тамыр қалдықтарының топырақтағы қоректік заттардың құрылымына әсері. Топырақ-климат жағдайларының органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері. Ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақ типіне қарай тыңайтқышты қажет етуі. Топырақтың механикалық құрамы және тыңайтқыш тиімділігі. Топырақты микробиологиялық құбылыстардың тыңайтқыш тиімділігіне әсері. Тыңайтқышты тиімді қолдануда агрохимиялық картограмманың маңызы. Түрлі агротехникалық шаралардың тыңайтқыш тиімділігіне әсері. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданудың артықшылығы. Тыңайтқыш қолданудың негізгі әдісі, мерзімі және тәсілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректенуін реттеу үшін негізгі тыңайтудың, тұқымды себу кезінде тыңайтудың және үстеп қоректендірудің ролі. Әртүрлі топырақ-климат аймақтарында тыңайтқыштарды негізгі тыңайту үшін қолдану мерзімі. Негізгі тыңайтудың егістікке шашу арқылы беруге қарағанда таспа түрінде негізудің артықшылығы. Фосфор және калий тыңайтқыштарының бірнеше жылға арналған мөлшерін бірден қолдану. Тыңайтқышты қатарлап енгізудің маңызы мен оның құрамы. Жеке ауыл шаруашылығы дақылдарын үстеп қоректендірудің маңызы.Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау. Тыңайтқыштардың топырақтың санитарлық жағдайына әсері. Тыңайтқыш әсерінен су көздерінің санитарлық құбылымының өзгеруі. Тыңайтқыштарды қолдану және өнім сапасы. Өсімдіктегі, топырақтағы және судағы уландырғыш қосылыстардың концентрациясының шекті мөлшері. Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластаудандырудан қорғау шаралары.