Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Қоңыр топырағының генезисі, олардың құрылысы, қасиеттері және жіктелуі



бет7/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

8. Қоңыр топырағының генезисі, олардың құрылысы, қасиеттері және жіктелуі
Қоңыр топырақ – жартылай құрғақ, құрғақтау аймақтарға бейімделген ормандар мен бұталар астында түзілетін топырақ типі.
Қоңыр топырақ қабатының қалыңдығы 25 – 45 сантиметр, қарашірік 3 – 4-тен 7 – 9%-ға дейін, қоректік элементтер мөлшері аз, мыс, азот пен Р2О5 қосылыстары 0,1 – 0,2% шамасында. Топырақтың үстіңгі қыртысының түсі 13 – 25 сантиметр тереңдікке дейін қоңыр, ұсақ түйіршікті не тозаңды түйіршікті; топырақта кальций (70 – 80%), магний (15 – 30%) болады.
Топырақ орташа сілтілі рН 7,0 – 7,5, гипс 80 – 12 сантиметр тереңдікте кездеседі. Қарашіріктің орналасуына қарай қоңыр топырақ қара қоңыр, қоңыр, ақшыл қоңыр деп үш топқа, ал механикалық құрамына байланысты сазды, құмды, құмайтты топырақ болып бөлінеді. Қоңыр топырақ дәнді және техникалық дақылдар, бау-бақша егуге пайдаланылады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында тараған қара қоңыр топыраққа агротехникалық шаралар жүйелі жүргізілсе, бидайдан мол тұрақты өнім алуға болады. Ал оңтүстік өңірдегі ақшыл қоңыр топырақ сортаңдау болғандықтан шабындық пен жайылымға, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы алқабындағы жерлер суармалы егіншілікке пайдаланылады.
Қоңыр топырақтар — Қазақстанның құрғақ далалар зонасын алып жататын, қара топырақты жерлердің оңтүстігінде орналасқан, түрі піскен талшын (каштан) сияқты, саздақ және құмдақ қоңыр топырақтар. Онда өсетін өсімдіктердің құнарсыздығына байланысты шірінді заттар аз болады (3%) және тереңдеген сайын кеми береді, азот пен фосфор да аз болады, астыңғы қабаттарында ерігіш тұздар болады. Көбінесе құрамында көмір қышқыл ізбесі болғандықтан қышқыл тисе көпіріп қайнайды. Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен де, құрылымымен де ауыл шаруашылық дақылдарға өте қолайлы жене олардың гумусы көбейген сайын сапалылығы арта түседі.
9. Топырақтарды агрономиялық аудандастыру принциптері мен әдістері Елімізде үлкен-кіші өзендер көп, суы тегістікпен ағатындарда жайылмалар жақсы дамыған. Жай ылма деп өзен бойын оқтын-оқтын тасқын су басатын құрлық бөлігін айтады. ТМД-да жайылма топырақтар алабы 57,5 млн.га немесе 2,6 % тең.Өзен жайылмаларында топыраққұрайтын негізгі жайылмалық және алювилік үрдістер дамыған. Жайылмалық үрдіске өзен аңғарын тасқын су басу құбылысы жатады. Ол ыза деңгейін көтеріп, жайылманың ауа райын жұмсартады, топырақтардағы микробиологиялық үрдістер бағыты мен қарқынның, өсімдік жамылғысын, топырақтығ, су және тұз құбылымын өзгертеді. Алювилік үрдіс деп, өзен жайылмасын тасқын судың шаюын және жайылма үстіне лай шөгуін айтады. Ол жайылманың әр бөлігінде бір қарқында өтпейді. өзен арнасынан қашықтаған сайын жайылманың үш бөлігі байқалады: арна жиегі, орталық және сатылы етегі. Олар бір-біріне бедері, алюви құрамы, ызалық жағдайлары, соған байланысты өсімдік және топырақ жамылғысымен ерекшеленеді. Алювилік механикалық құрам тасқын судың ағынына байланысты өзгереді. Су ағыны әрқашанда арна бойында күшті болады да, одан алыстаған сайын бәсеңдей береді. Соған байланысты арна маңындағы алювилік шөгінді құм мен құмайтты, орталық және сатылы етегіндегі жайылмада құмбалшық пен балшықты келеді. өзен арнасы біртіндеп жылжып, орын ауыстырып тұратындықтан, жайылманықұрайтын алюви әртүрлі механикалық құрамы қалыптасып, алювилік шөгінді кескін құрады.Шөгінді алювидің химиялық және механикалық құрамына және мөлшеріне су жайылатын территорияның тау жыныстары мен климаты әсер етеді. Су жайылатын құмды алқаптардан жайылмағақұмды алюви, ормансыз, шөпсіз және балшықты су жиналатын алқаптан су тасқыны жайылмаға көп мөлшерде ауыр механикалық құрамды алюви әкеледі. Керісінше, су жиналатын шөптесінді – орманды алқаптан келетін тасқын су көлемі аз және баяу болады да, жайылмада аз мөлшерде шаң-тозанды алюви шөгеді. Жайылманың бедері толқын-жалды болып айқындалған. Оның орталық бөлігіне қарай құрлық беті тегістеліп, ойпаң-сайлы келеді. Ескі өзен арналары қалған жайылманың сатылы етегіндегі бөлігі төмен, орталық жағына қарағанда, көбінесе батпақты болады.Жайылма өсімдік құрамының басым көпшілігі шөптесінді астық тұқымдас түрлерінде тұрады. Олар негізінен ортақ жайылымда бітік өседі. Көтеріңкі жерінің өсімдік сирек, ойпандарды батпақты өсімдіктер жайлаған. Жайылмалық шабындық өнімділігі топырақтың ылғалдануына және пайдалану ерекшелігіне байланысты, әсіресе орталық жайылымның өсімдік өнімділігі жоғары болады - әр гектар шабындықтан 30-40 центнер және одан да жоғары пішен шабылады.
Жайылмада шабындық шөптермен қатар тоғайлар бар. Мысалы: шөлдала мен шөлді аймақтардың өзен жайылмаларында шөптесінді тоғайларкең тараған, ағаш құрамы жие, көктерек, тораңғы, сексеуіл және т.б. тұрады.
Жайылмада топыраққұралу туралы ілімді Вильямс дамытқан. Кейін жайылма топырақтардың қалыптасуы мен өзгешеліктерін зерттеуге көп ғалымдар үлесқосқан (Шраг, Эгоров, Добровольский). Су жүйелі жиналатын аралықтардан шайылған материал жайылмаға алюви түрінде шөгеді, қоректік элементтерге және майда түрлерге бай болғандықтан, көбінесе ол құнарлы келеді. Сондықтьан механикалық құрамы құмдалшықты алювиде шабындық өсімдіктер жақсы өседі. Борпыл жыныстық механикуалық және химиялық құрамы лайықты болғандықтан, бұл шөптесін астында топыраққұраушы шымдану үрдісі жақсы дамыған.Жайылманың оқтын-оқтын немес сирек су жайылатын бөлігінде (жоғары жайылма) аймақтық топырақтар қалыптасқан. Мысалы, орманды тайга аймағында шымды-күлгін, орманды-дала, ормандық-сұр және далада қара топырақтар дамыған.Жайылмалы топырақтардың шағы мен үрдістері құбылмалы келеді. Жайылмада жаңа шөккен алювиден бастап, қасиеттері жақсы дамыған, аймақтық топрыақтар кездеседі.Жайылма топырақтарында аймақтаық белгілердің айқындалуы қоршаған аймақтың жылу тәртібі, атмосфералық ылғалдану жағдайы, өсімдіктер құрамы органикалық зат өнімділігі байланысты, ал әр аймақ жағдайының өзіндік ереркшелігі болады. Мысалы: дала аймағының жайылмалық алювиі-шабындық топырақтар кескіні қара топырақ типіне жақын, олардың құрамында гумус мөлшері 5 тен 13 % жетеді. Эрозия табаны (базис) төмендеп, құрлық бедері көтерілген сайын, аймақтық жайылма топырақтарында жайылмада тыс орналасқан аймақтың топырақ құрамы мен белгілерін кездестіруге болды. Шөл дала мен шөл аймақтарда ащы ыза деңгейі жақын жатқандықтан, жайылма топырақтары карбонатты және сортаңды келеді және шөгінді алювилі – шабындық пен шөл далалық шабындық-құба топырақтар қалыптасқан. Сондай-ақ мұнда шабынды-кебірлеу, сортаң, сортакңдау және әрдәрежеді сортаңдатылған топырақтар тараған.
Жайылма топырақтардың табиғи қорлы құнарлылығы арна жиегінен орталық және сатылану маңына дейін өзгереді. Осы бағытта топыфрақтағы органикалық заттар қоры мен жалпы азот мөлшері өседі. Ең құнгарлысына батпақтанбаған және тұщы топырақтар жатады, оларға гумус қабаты (1 метр) және органикалық заттар қоры жоғары (1 га-да 350-550 т) болғандықтан, агрохимиялық қасиеттері өсімдік өніп-өсуіне өолайлы келеді. Жайылма топырағын жыртқанда микробиологиялық белсенділігі көтеріліп, ондағы өсімдікке қажет қоректік элементтер мөлшері ұлғаяды. Бұл топырақтарды суармалы егістікке игергенде өте пайлады дақылдар, жем-шөп, жеміс-жидек, ал ірі өнеркәсіпті қалалар маңында – картоп, көкөніс т.б. дақылдар егіледі. Көкөніс өндірілген топырақтар біраз жылда құнарлылығын төмендетіп тыңайтқыш қолдануды тілейді. Жайылма топырақтары мал шаруашылығының жем-шөп қоры. Мұнда ТМД-ның 33 млн га жуық шабындық пен жайылым қоныстары орналасқан. Топырақ құнарлылығын арттыру үшін милиоративтік және агротехникалық шаралар қолдану керек. Мәдени шабындықтар игеру пішен өнімін арттырып, топырақ құнарлылығын көтереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет