Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет9/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

МАЛ АЗЫҒЫН ӨҢДІРУ
1.Мал азығының химиялық құрамы және биологиялық құндылығы Өсімдіктер мал азығының негізгі көздері - егістікте және шалғындықта мал азығын өндіру, бірақ орманды-дала және далалы аймақтарда көп жыртылған жер көлеміне байланысты егістікте азық өндіру мал шаруашылығына 70%-ға дейін барлық мал азығын береді, бұл көрсеткіш құрғақ далалы аймақтарда 50-60%-ға дейін, шөл және шөлейт аймақтарда 20-30%-ға дейін төмендейді. Егістікте дәнді жем-шөп дақылдар, сүрлем дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, пішен, пішендеме, құрама жем, дәруменді шөп ұнының шикізатын алу үшін өсіріледі.Ең жақсы кұрама жем дәнді жем-шөптерден арпа, сұлы, жүгері және дәнді бұршақ және т.б. дақылдардан дайындалады. Мал әр түрлі азықпен азықтандырылады, олардың кұндылығы және биологиялық бағалығы кұрамына кіретін химиялық заттармен анықталады.Малдар мен өсімдіктер ағзаның негізгі кұрамына көміртегі, сутегі, азот және химиялық элементтер - фосфор, кальций, күкірт, хлор, фтор, темір, магний кіреді. Осы химиялық элементтер бір-бірімен қосылып мал және өсімдік ағзасында әр түрлі органикалық жэне бейорганикалык заттарды күрайды.Бейорганикалык заттар. Бұл топқа су және минералды тұздар кіреді.Су барлық мал азық түрлерінің кұрамында 5-95 % мөлшерінде болады. Әсіресе, тамыржемістілерде, көк балаусада, азық-түлік өндірісінің қалдықтарында, қыспақтарда, мезгада көп болады.Су мөлшерін үлгіге алынған жадығат (химиялық реакция үшін алынған жем-шөп үлгісінің нақты мөлшері) 100-105 С температурада тұрақты салмағына дейін кептіре отырып аныктайды.Мал және өсімдік ағзасында су маңызды физиологиялық қызмет аткарады. Су қоректік заттарды ағзасының бір жақ бөлігінен екінші жағына тасымалдайды, ас қорытуға қатынасады, зат алмасу заттарын шығарады, дененің температурасын реттейді. Мал азығының су мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның қоректілігі және құндылығы аз болады.
2.Мал азығының қорытылуы және қоректілігін бағалау
Азық қоректілігі туралы ұғым, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, кӛмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен қанағаттандыру. Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың зоотехникалық талдау схемасы (үлгісі). Мал азықтандыруда азық құрамындағы су, кӛмірсулар, май, протеин (ақзат), минералды тұздардың зат алмасу барысындағы физиологиялық маңызы. Азық құрамындағы органикалық заттар- энергия кӛзі, мал денесінде ақзат пен май түзге жұмсалатын материал. Азықтың химиялық құрамы- азық қоректілігінің алғашқы кӛрсеткіші. Кӛпжылдық шӛп, жүгері, арпа, картоп, асбұршақ, азықтық қызылша сияты негізгі азықтық дқылдардың әр гектарынан алынған түсімді бағалау, сол түсім құрамындағы құрғақ зат, протеин, клетчатка, май және азотсыз экстрактивті заттарды жалпы мӛлшері. Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілері. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым. Қоректік заттар қорытылуын ұлғайту жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар. Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мӛлшеріазықтың энергиялық қоректілігінің кӛрсеткіші. Протеиндік қатынас. Мал денесінде зат, энергия алмасу деңгейін анықтау тәсілдері. Зат және энергия алмасуы- мал денесіндегі тіршілік үрдістері және малдан мол ӛнім алу негізі. Азықтандыру арқылы мал денесіндегі материалдық ӛзгерістерді зерттеу, осы мақсатта қолданылатын тәсілдер. Мал азықтандыру арқылы ғылыми- шаруашылық және теңгермелік тәжірибелер жасау. Денедегі азот пен кӛміртегі тепе-теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алдыру) арқылы денедегі энергия тепе-теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі. Азықтың жалпы энергиялық қоректілігін баалау. Азықтың энергиялық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихы мен оның дамуы. Энергиялық қоректілікті бағалау бірлігі (ӛлшем), қорытылатын қоректік заттар қосындысы (ҚҚЗҚ), скандинавиялық азық бірлігі (ӛлшемі), крахмал эквиваленті, сұлы азық ӛлшемі. Азықтың энергиялық қоректілігін бағалау тәсілдері. Мал шаруашылығын азық энергиясымен қамтамасыз ету негізі- азықтық дақылдар ӛнімділігін арттыру және табиғи азық ӛнім түсімділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет