Кешенді қосылыстар көмегімен металлургияда талай металдарды бір-бірінен бөлуге мүмкіндік туады.
Фото, киноматериалдарды өңдеудің негізінде кешенді қосылыстардың түзілуі жатыр.
- Кешенді қосылыстар адам организмі мен өсімдік дүниесінің өмір сүру үшін маңызды роль атқарады. Қан, лимфа, ткань сұйықтығы құрамына «өмірлік металдар» аквокешенді қосылыстар күйінде болады.
Мысалы, адам мен жан-жануар қаны құрамына кіретін гемоглобинде кешен түзуші темір ионы болса, өсімдіктердің хлорофилінде кешен түзуші (Mg) магний ионы болады.
- Кешенді қосылыстар көмегімен талай ауруларды емдеуге болады. Атап айтқанда платиналық металдардың кешенді қосылыстары аса қауіпті ісіктерді (рак) азайтуға мүмкіншілік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
https://kk.wikipedia.org/wiki
Жалпы химия Б.А.Бірімжанов Алматы 2001
Химия Т.С.Сейтембетов Алматы 2010
Аналитикалық химия негіздері Ә.Қ.Патсаев С.Ж.Жайлау Шымкент 2005