Кәсіби білім беру михеева е. В



Pdf көрінісі
бет15/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
С дискінде жаңа папка ашыңыз. Ол үшін Менің компьютерім терезе-
сінен  С  папкасының  белгісін  таңдаңыз  және  оны  екі  рет  басу  арқылы 
белсендіріңіз.  Файл/Құру/Папка  пәрменін  таңдап,  папкаға  атау  беріңіз 
(папка  атауы  ретінде  өзіңіздің  тегіңізді  қолданыңыз)  және  [Enter]  батыр-
масын басыңыз. 
Е с к е р т у .  Егер жаңа папканы басқа папка ішінде құру қажет болса, онда 
алдымен тінтуірмен папканы таңдап, содан кейін ғана жаңасын құру керек. 
2. 
С  дискінен  көлемі  бойынша  ең  үлкен  файлды  табыңыз.  Ол  үшін  С 
дискінің  терезесінде  көрудің  кестелік  стилін  қалыптастырыңыз  (Түр/Кесте) 
және файлдарды көлемі бойынша сұрыптаңыз. 
3. 
Көлемі  бойынша  ең  үлкен  файлды  көшіріп,  өз  папкаңызға  қойыңыз: 
Түзету/Көшіру және Түзету/Қою. 
 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Файлды  көшіру  үшін  оны  белгілеп,  Түзету 
мәзірінен Көшіру пәрменін таңдаңыз. Көшірілген файлды қою үшін меңзерді 
қою  орнына  апарыңыз  (өз  папкаңызды  белгілеңіз)  және  Түзету  мәзірінен 
Қою пәрменін таңдаңыз. 
 
4. 
С  дискінде  іздеу  жүргізіңіз:  .exe  өрісінен  тұратын  барлық  файлдарға. 
Іздеу  үшін  іздеу  терезесін  ашыңыз  (Файл/Іздеу),  *.exe  іздеу  маскасын  және 
іздеу аймағын таңдаңыз— диск С: (3.6 сурет), одан кейін Іздеу батырмасын 
басыңыз. 
Е с к е р т у .   Егер  құжат  атауына  кілт  сөзді  енгізсеңіз,  онда  сол  атауға 
тиісті барлық құжаттар табылады. 


26
 
 
 
3.6.сур. *.exe өрісіндегі файлды С дискінен іздеу 
 
5. 
С  дискінде  іздеу  жүргізіңіз:  .doc  өрісінен  тұратын  барлық  файлдарға. 
Іздеу  үшін  іздеу  терезесін  ашыңыз  (Файл/Іздеу)  *.doc  іздеу  маскасын  және 
іздеу  аймағын  таңдаңыз  —  диск  С:.  табылған  төрт  файлды  өз  папкаңызға 
көшіріңіз. 
6. 
С  дискінде  өз  папкаңыздың  жарлығын  құрыңыз.  Ол  үшін  папкаға 
меңзерді апарыңыз және Файл/Жарлық құру пәрменін пайдаланыңыз. 
7. 
Жұмыс үстелінде өз папкаңыздың жарлығына көшірме жасаңыз және 
С дискінен [Ctrl] пернесін басу арқылы ауыстырыңыз. 
8. 
Орындалған жұмысты оқытушымен тексергеннен кейін, папкаңыз бен 
жарлығыңызды  өшіріңіз.  Папкаларды,  файлдарды,  жарлықтарды  жою  үшін 
тінтуірмен белгіні таңдап, Файл/Өшіру пәрменін пайдаланыңыз.  
 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .  Папканы өшіру үшін аталған папканың жүйелік 
мәзірі бойынша тінтуірдің оң батырмасын басыңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет