Кәсіби білім беру михеева е. В



Pdf көрінісі
бет16/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
Қосымша тапсырмалар 
3.4 тапсырма.  
«Себет» папкасын ашып, жойылған жарлық пен папканы тауып, қалпына 
келтіріңіз. 
3.5 тапсырма.  
Ауыстыру қосымша парағы бойынша Тінтуір терезесіндегі тінтуір 
көрсеткішінің артындағы шлейфті алып тастаңыз. 
3.6 тапсырма.  
Экранның стандартты баптарын орнатыңыз 


27
 
4-практикалық сабақ 
Тақырып: «БАСТАУШЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ 
ФАЙЛДАР ЖӘНЕ КАТАЛОГТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 
 
Сабақ мақсаты. «Бастаушы» бағдарламасындағы файлдар және каталог-
тармен (папкалар) жұмыс істеу технологиясын үйрену.  
 
4.1 
тапсырма. «Бастаушы» бағдарламасында жұмыс істеу негіздері. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
Компьютерді  қосыңыз.  Windows  операциялық  жүйесінің  жүктелуін 
күтіңіз. 
2.  Windows-98 
ОЖ «Бастаушы» бағдарламасында жұмыс істеу тәсілдерін 
үйрену үшін келесі әрекеттерді орындаңыз: көмек беру жүйесін іске қосыңыз 
(
Қосу/Анықтама/Көрсеткіш/ «Бастаушыны» іздеу үшін сөзді Енгізу). Келесі 
бөлімдерді оқып, үйреніңіз: Шолу, Көшіру, Атын өзгерту, Ауыстыру, Файл 
немесе папканың орнын ауыстыру. 
3.  Windows-
2000 ОЖ-де «Бастаушы» бағдарламасы туралы анықтамалық 
ақпаратты  іздеу  ұқсас  болып  келеді  Қосу/Анықтама).  Анықтамалық 
ақпараттың тиісті терезесі 4.1 суретте көрсетілген. 
4. 
«Бастаушы» бағдарламасын іске қосыңыз; 
Windows-98 — 
Қосу/ Бағдарламалар/Бастаушы; 
Windows-2000—
Қосу/Бағдарламалар^ Стандарттық/Бастаушы 
 
 
 
4.1.сур. Windows-98 ОЖ «Бастаушы» бағдарламасы туралы анықтама 


28
 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   «Бастаушы»  бағдарламасын  іске  қосу  үшін 
тінтуірдің  оң  жақ  батырмасымен  Қосу  пәрменін  қосыңыз  және  контекстік 
мәзірден Бастаушы пәрменін таңдаңыз. 
5. 
Экранның сыртқы түрін және бағдарлама мәзірін оқып, үйреніңіз (4.2 
сурет). 
Бастаушы  терезесінің  жұмыс  өрісі  вертикалды  аймақтарға  бөлінген. 
Терезенің  сол  жағында  компьютер  папкасының  иерархиясы  белгіленген 
(каталогтар  ағашы)  –  компьютерде  бар  нәрселердің  «ағашы».  Барлық 
ағашты түбінен төбесіне дейін терезенің оң жағында орналасқан айналдыру 
сызғышының көмегімен көруге болады. 
Папкалар орталық діңге «бұтақ» ретінде бекітіледі. Егер папка салынған 
файлдардан  тұрса,  онда  «бұтақтар»  бекітілген  түйінде  «+»  белгісі  тұрады. 
Егер оны тінтуірмен басатын болсаңыз, онда папка жаңа бұтаққа ашылады, 
ал  «+»  белгісі  «—»  белгісіне  ауысады.  Егер  «—»  белгісін  бассаңыз,  онда 
бұтақ қайтадан папкаға ықшамдалады. 
Сол тақтада қандай да бір папка ашылса, ал қандай да бір папка әрдайым 
ашық болады, оның ішіндегілер оң тақтада бейнеленеді. 
Сонымен, терезенің сол жағы папкаларды тез көруге арналған. Егер папка 
жабық болса, ал оның ішінде басқа папкалар болса, онда «+» белгісі болады; 
егер  папка  ашық  болып,  ішіндегі  элементтер  көрсетілсе,  онда  «—»  белгісі 
тұрады. 
6. 
Бастаушының  сол  жақ  бөлігіндегі  папкалар  ағашының  барлық 
«бұтақтарын»  ашыңыз  («+»  белгісін  басу  арқылы).  Ағаштың  барлық 
«бұтақтарын» ықшамдаңыз («—» белгісін басу арқылы). 
 
 
 
4.2.сур. «Бастаушы» бағдарламасының терезесі 


29
 
1. 
С  дискін  белсенді  етіңіз  (тінтуірмен  басу  арқылы).  С  дискінің  аты 
белгіленеді, ал оның мазмұны оң жақ бөлігінде пайда болады. 
2. 
Экранның түрін онда құралдар тақтасы мен күй жолы болатындай етіп 
өзгертіңіз (Түр/Күй жолы, Түр/Кесте). 
3. 
С  дискіндегі  Windows  папкасының  сол  жағында  орналасқан  «+» 
белгісін  басыңыз.  Тізім  элементі  Бастаушы  терезесінің  сол  жағында 
ашылады, ал терезенің оң жағындағылар өзгермейді. 
4. 
С  дискіндегі  Windows  папкасын  ашыңыз.  Папканы  ашу  үшін 
Бастаушы  терезесінің  сол  жағындағы  оның  атауын  басыңыз,  папка 
белгіленеді, ал оның ішіндегі элементтер оң жақ бөлігінде пайда болады. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Бастаушы  бағдарламасының  сол  жағындағы 
папканы  атауы  бойынша  басыңыз,  ал  оның  оң  жағында  мазмұны  пайда 
болады. Бір уақытта сол жағында папка сипатын анықтау деңгейі өзгереді. 
5. 
Файлдарды атаулары, өлшемдері, файлдар түрі бойынша сұрыптаңыз, 
ол  үшін  Бастаушы  бағдарламасы  терезесінің  оң  жағындағы  тиісті  батыр-
маларды басыңыз (Аты, Өлшемі, Түрі, Өзгерген). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет