Кәсіби білім беру михеева е. В



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
ҚАРСЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
Сабақ  мақсаты.  Windows  ортасында  ақпаратпен  жұмыс  істеуді 
ұйымдастыру технологиясын игеру. Ақпаратты іздеу, сақтау және вирустық 
тазалығын тексеру. 
 
5.1  тапсырма.  Файлдар  мен  папкаларды  орналастыру,  іздеу  және 
көшіру. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
Компьютерді  қосыңыз.  Windows  операциялық  жүйесінің  жүктелуін 
күтіңіз. 
2. 
С дискінде: «Менің құжаттарым» папкасында өз папкаңызды құрыңыз 
(оның атауы ретінде өзіңіздің тегіңізді беріңіз). 
3. 
Өзіңіздің  папкаңызда  үш  папка  құрыңыз:  «Көшіру»,  «Сақтау», 
«Вирустық тексеру».  
4. 
С  дискінен:  «Калькулятор»  бағдарламасына  сәйкес  келетін  calc.exe 
жүктеу  файлын  іздеңіз.  Іздеу  үшін  Windows  бас  мәзірінен  Іздеу  терезесін 
ашыңыз  (Қосу/Іздеу/Файлдар  және  папкалар),  Атауы  және  орналасуы 
қосымша  парағының  Атауы  деген  жолына  calc.exe  файл  атауын  енгізіңіз 
және  іздеу  зонасын  таңдаңыз  –  диск  С;  Іздеу  батырмасы  арқылы  іздеу 
жүргізіңіз. 
5. 
Жұмыс  үстелінде  «Калькулятор»  бағдарламасына  арналған  жарлық 
құрыңыз.  «calc.exe»  файлы  табылғаннан  кейін  оның  таңбашасын  Іздеу 
терезесінен [Ctrl] пернесін басып тұрып, жұмыс өрісіне шығарыңыз.  
6. 
calc.exe файлын «Көшіру» папкасына көшіріңіз. Көшіру үшін меңзерді 
файлға  апарыңыз  және  Түзету/Көшіру  пәрменін  қолданыңыз.  Менің 
компьютерім  терезесін,  одан  кейін  С  дискінен  «Менің  құжаттарым» 
папкасын  және  «Көшіру»  папкасын  ашыңыз.  Сосын  Түзету/Қою  пәрменін 
орындаңыз. calc.exe файлы «Көшіру» файлына көшірілетін болады. 
7. 
Барлық  жергілікті  қатқыл  дискілерден  exp  сөзінен  басталатын 
файлдарды  табыңыз  (Қосу/Іздеу/Файлдар  және  папкалар).  Атауы  және 
орналасуы  қосымша  парағының  Атауы  деген  жолына  exp*  файл  атауын 
енгізіңіз  (5.1  сурет).  Іздеу  зонасын  таңдаңыз  –  салынған  папкаларды  қоса 
алғандағы жергілікті қатқыл дискілер. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .  Файлдар мен папкаладардағы (*) белгісі ерікті 
символдар тобын алмастырады.  


33
 
 
 
5.1
.сур. exp сөзінен басталатын файлдарды іздеу 
 
8. 
Файлдарды атаулары бойынша сұрыптаңыз және explorer атауындағы 
файлдарды  белгілеңіз.  Файлдар  мен  папкаларды  сұрыптау  үшін  Іздеу 
терезесінің кестелік түрін орнатыңыз (Түр/ Кесте
9. 
«Бастаушы»  бағдарламасын  ашыңыз  және  белгіленген  файлдарды 
«Көшіру» папкасына көшіріңіз. 
10. 
Соңғы айда құрылған барлық файлдарды табыңыз (Қосу/Іздеу/Файлдар 
мен папкалар/Мерзім қосымша парағы) (5.2 сурет). Табылған файлдар санын 
жұмыс дәптеріңізге белгілеңіз.  
11. 
Соңғы  бес  күнде  ашылған  барлық  файлдарды  табыңыз  (Қосу
Іздеу/Файлдар  мен  папкалар/Мерзім  қосымша  парағы).  Табылған  файлдар 
санын белгілеңіз.
 
 
 
 
5.2.сур. Соңғы айда құрылған папкалар мен файлдарды іздеу 


34
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет