Пернетақта көмегімен ақпарат енгізу деректерін пысықтау. Жаттығуларды орындау үшін Блокнотты ашыңыз. Тапсырмаларды орын-
дамас бұрын теру ережелерін оқыңыз.
Теру ережелері. Пернетақтамен мәтінді теру кезінде ең алдымен қол
білезігі, саусақтар қозғалыста болады. Теру кезінде саусақтар жан-жаққа
тарамайды: жоғары, төмен, оңға, солға, қол білезігі қозғалады, ал қажет
саусақ тиісті пернені басады.
ДК пернетақтасындағы қолдың бастапқы позициясы 1.4 суретте көрсе-
тілген:
сол қолыңыздың төрт саусағы (бас бармақтан басқа) фыва пернелерінде
болсын, ал оң қолыңыздың төрт саусағы (бас бармақтан басқа) олдж
пернелерінде болсын.
бас бармақтар аралық перненің үстінде орналасады;
бас бармақтан басқа саусақтардың барлығы жұмылдырылады (әр
қолыңызда үлкен алма ұстап тұрғандай);
пернелерді саусақпен басқаннан кейін қолыңызды бастапқы позицияға
қайтарыңыз.