14
•
анықтама алу.
Электронды оқулық материалын оқуды аяқтағаннан кейін, Windows-98
ОЖ жұмыс істеу негіздері бойынша оқыту бағдарламасымен жұмыс істеуді
тоқтатыңыз.
3.
Егер сізде Windows-2000 ОЖ орнатылған болса, онда операциялық
жүйенің ерекшеліктерін ұғыну үшін «Windows-2000 танысу» бағдарлама-
сымен танысыңыз
(Қосу /Бағдарламалар /Стандарттық /Қызметтік
/Жұмысқа кірісу/ Windows-2000 бағдарламасымен танысу/Оқулық) (2.3
сурет)
4.
Жұмыс үстеліндегі
Менің компьютерім жарлығын екі рет басыңыз
және екі терезені ашыңыз:
Менің компьютерім және
Диск С:.
Тапсырмалар тақтасында осы екі терезеге сәйкес екі батырманың пайда
болғанына көңіл бөліңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Пайдаланушы жұмыс істеп отырған терезе
белсенді деп аталады. Белсенді терезе басқа терезелердің алдында тұрады.
Кез келген пәрмен басым режимде жұмыс істейтін белсенді терезеге тиісті
болады.
5.
Терезенің негізгі элементтерін оқыңыз. Экраннан келесі элементтерді
табыңыз:
•
шек – терезенің төрт жағынан шектейтін жиектеме. Жиектемені
белгілеп, тінтуір арқылы терезе өлшемін өзгертуге болады;
•
терезенің жоғарғы жиегінде орналасқан тақырып жолы. Тінтуірмен
тақырып жолын ұстап,
терезені жылжытуға болады;
•
жүйелік мәзірді шақыру батырмасы тақырып жолының сол жағында
орналасқан (батырма түрі терезенің ішіндегісіне сәйкес келеді).
2.3.сур. «Windows-2000 ОЖ танысу бағдарламасы»
16
7.
Терезені ауыстыру арқылы (терезе тақырыбы жолынан) және терезенің
сызықтық өлшемдерін өзгерту арқылы (вертикалды және горизонталды)
терезені үлгі бойынша бес нұсқада орналастырыңыз (2.4 сурет).
2.4.
сур. Монитор экранындағы терезелердің орналасу нұсқалары
8.
Экрандағы терезелерді түзетіңіз. Түзету үшін тапсырмалар тақтасы-
ның бос бөлігі бойынша тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, мәзірден
Терезені каскад түрінде орналастыру пәрменін таңдаңыз, сол кезде терезе-
нің тақырыптары ғана көрінетін болады. Барлық ашық терезелердің ішіндегі
элементтерге шолу жасау үшін бір уақытта
Жоғарыдан төмен қарай және
Солдан оңға қарай пәрменін таңдаңыз.
9.
Барлық белсенді терезелерді ықшамдау үшін Тапсырмалар тақтасынан
Барлық терезелерді ықшамдау пәрменін орындаңыз.
10.
Менің компьютерім және
Диск С терезелерін жабыңыз: (
Файл мәзірі,
Жабу пәрмені, [Alt]-[F4] пернелерін бір уақытта басу немесе
Жабу батыр-
масын басу арқылы).
Достарыңызбен бөлісу: