Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»


Мектепке дейінгі үлкендеу балалар



бет227/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   280
Байланысты:
С. А. Козлова, Т. А. Куликова-emirsaba.org

Мектепке дейінгі үлкендеу балалар бұны үлкендердің
қадағалуымен (ата-ананы тартуға болады) өздері жасайды. 
Балаларды қар мүсіндеу мен архитектураға қызықтыру үшін,
оларды Вьюговей мерекесімен (соңғы жылдары халықаралық 
мереке ретінде, Мәскеуде де өткізіледі) таныстыру пайдалы.
Тапталған қардан кірпіштер кесіп жасап және оларды 
ғимараттар, қоршау салуға және т.б. қолданады.
Мектепке дейінгі үлкен балалар төбешік жасауға қатысады. 
Оның негізіне жәшіктер қойып, ал бетін баттауға тақтайларды
қолдануға болады. түрлі материалдарды комбинациялау 
бастаманы (инициативаны), тапқыштықты, шығармашылықты
дамытуға стимул болады.
Қалалық мектепке дейінгі мекемелерде құммен ойнауға




408 
арналған жағдайлар үнемі жасалған болмайды: құм аздау, 

жағдайы нашар (кір, құрғақ), құмқұйған қораптар тар, сәйкес


ойыншықтар аз және т.б. құммен ойнайтын ойындар негізінен 
құмды жағажайларда, өзен жағасында жүреді.
Балалар қуана қамалдар мен бекіністерді салады, арналар мен 
терең құдықтар қазады, құм мүсіндері бар парктар мен бақтар
өсіреді. Құм – төзімсіз құрылыс материалы: сәл күн қызса, жел 
соқса болды: сарай, бекіністер тозды, мүсіндер, қоршаулар,
орлар сусып шашылды! Ал кішкене жасаушылар? Олар 
қайтадан жұмысқа кіріседі! Міне қайда қажырлық, ерік,
шығармашылық, өнертапқыштық! 
Баланың мектепке дейінгі шағында бала құмнан құрылыс
жасаудың бірнеше амалдарын игереді. Олардың кейбіреуі 
қармен жұмыстеген кездегі тәсілдерге жақын. Педагог

бүлдіршіндерге дымқыл құмнан сомдауды үйретеді. Қонақтарға
арналған ас-шәйдан, тамақтан басқа осы тәсілдермен тәрбиеші 
салған үйдің айналасына қоршау жасауды, құм гүлзардың
борттарын (ернеуін) жасауға ұсынуға болады. Бөбектер сүйсініп 
құмды қалыптау тәсілін меңгеріп алады. Тек ең бастысы
қалыптарды іздеп табу, олар баланың алақанына жеңіл 
сиятындай болуы қажет, кішкентай шелектер қосу керек, дайын
«құйылған өнімдерді» жайғастыратын орынды сайлау керек.
Балаларды құйған қалыптарының формасына, өлшеміне,
биіктігіне қарай салыстыруға тартып педагог олардың 
сенсорлық тәжірибесін, белгілерін дұрыс атауды үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет