дұрыс болады.
423
есеп кубигі қолданылады. Әрбір
ойын белгілі-бір тақырыпқа,
кей кезде ертегі тақырыбына( «Айболит», «Персей ерліктері»,
«Алтын кілт») арналады. Балалар кезек-кезек кубикты
лақтырып, өздерінің фишкаларын жүргізе отырып ойын
алаңымен «саяхаттайды». Бұл ойындар кеңістікте бағдарлануды,
іс-әрекеттің нәтижесін алдын-ала болжауды дамытады.
Бейнеленетін зат немесе сюжет бірнеше бөлікке бөлінген,
кесілген суреттер мен жиналатын кубиктер қағидасымен
құралған үстел-баспалық ойындар кең таралған.
Бұл ойындар
логикалық ойлауды, ойды жинақтауды,назар аударуды дамытуға
ықпал етеді. Бірнеше бөлікке бөлінген суретті құрастыру үшін
бала, мысалға «ұзын құлақтың»- қоянның суретінің бір бөлігі
екендігін, ал құйрығынның бөлігі –түлкінің суретіне сәйкес
келетіндігін алдын-ала болжап, бүтін
суретті көзіне елестету
керек. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бөліктерден
бүтінді құрастыру- ұғынудың, қиял жұмысының күрделі
процессі болып табылады. Ол, балаға өз тәжірибесінен таныс
заттар
мен сюжеттерді таңдау, бүтін суретті көрсету,
құрастырылатын
бөліктерді
бірте-бірте
қосу
арқылы
жеңілдетіледі. Қазіргі кезде пазлдар (ағылш. puzzle -
ұстамдылыққа арналған ойын) кең таралған, онда әртүрлі
мазмұндағы суреттер (мультфильм
көріністері, жануарлар мен
сарайлардың суреттері) көптеген бөліктерге бөлінген ( 32 -ден
250-ге дейін).
Достарыңызбен бөлісу: