Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»



бет176/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   280
299 


Қызмет түрлері 
Баланың көптеген қызметінің түрлерін екі топқа бөлуге
болады. Бірінші топқа баланың әлеуметтік әлемді «елестету» 
арқылы қабылдауына мүмкіндік беретін қызметтер жатады.
Мұндай қызметтің мазмұны мен себебі әрқашанда баланың 
нақты «балалық» өмірінде колжетімсіз болатын нәрселерді
жүзеге асыру қажеттілігімен байланыстырылады. Аталған 
қызметтер әдетте, баланың сырттан бақылау, есту, көру
процессінде тану салдары болып табылады. Бала пайда болған 
әсерлерін осы әрекеттер арқылы көрсетеді. Мұндай әрекеттер
фантазия, қиял жемісі болғанымен, тұлғаның әлеуметтенуі үшін 
өте маңызды болады, яғни қиял шынайы пайда болған
кедергілерді жояды. Бірінші топқа мектепке дейінгі жастағы 
баланың ойынын, көркемдік сурет салу әрекеттерін жатқызуға
болады.

Ойын балаға «қолжеткіліксіз болып көрінетін болмысты
игеруді мүмкін ететін қоршаған ортаны модельдеудің 
қолжетімді әдістерін береді» (А.Н.Леонтьев). Бала, өзіне ойын
рөлін ала отырып, өзін әлеуметтік адами функцияларға жауап 
беретін ережелер мен іс-әрекеттерге сәйкес өзін-өзі ұстайды.
Ойындық рөл өзінің мазмұнымен баланың тек затқа қатысты іс-
әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге басқа қатысушыларға
қатысты іс-әрекеттерін анықтайды. Рөл басқа адамдарға және 
заттарға, бейнеленетін оқиғаларға оң қатынастық сипаттағы іс-
әрекеттермен толы болу керек, яғни аздаған дәрежеде тәрбиелік 
потенциалға ие мазмұндармен байытылуы қажет. А. Н.
Леонтьев мен Д. Б. Эльконин, осы рөлдің ерекшелігін айқындай 
отырып, оны баланың әлеуметтік қатынастар әлеміне
практикалық енуінің ерекше нысаны. 
Балалардың ойындарында маңыздырақ оқиғалар көрінеді,
ойындар бойынша қоғамды не мазалайтынын, өскелең ұрпақта 
қандай идеалдар қалыптасып жатқанын аңғаруға болады.




300 
Қоғамдық өмір бала ойындарының мазмұнын анықтайды 

және мақсатты педагогикалық әсерімен, қоғамның моралдық


құндылықтарына сай тұлғаны қалыптастырады. Ойнап отырған 
балалардың ойлары мен сезімдері, олардың тәртібі, бір-біріне
қарым-қатынасы ойын мазмұнына тығыз байланысты болады. 
Ойын барысында қоршаған ортаның оқиғаларын бейнелеу
арқылы бала оның қатысушысына айналады және белсенді 
әрекет ете отырып әлеммен танысады. Бала ойын кезінде
қиялдаған нәрселерінің барлығын шынайы түрде басынан 
өткізгендей болады. Ойынның оң және теріс мысалдары арқылы
тәрбиелік әсерінің күші ойнап отырған баланың дәл осы 
шынайлылығында. Әдетте бала өзіне қатты әсер еткен
оқиғаларды ойын кезінде көрсетеді, сондықтан кей жағдайда 
теріс құбылыс немесе факт бала ойынының тақырыбына
айналуы мүмкін. Яғни балалар ойындарына басшылық ету 
мәселесі аса маңызды болып табылады. Баланың қоршаған
ортадан алатын әсерлерінің шығармашылық өңделуіне бейнелеу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет