12
Бұл балалар үйіндегі, интернаттағы, мектепке дейінгі мекемедегі
тәрбиеші. Алайда педагогикалық үрдісте оқыту мен тәрбие беру
өзара тығыз байланысты
екенін ескеруіміз керек, осының
арқасында тәрбие беру қызметін балалар бақшасында, мектепте,
колледжде, жоғары оқу орнында жұмыс істейтін педагог жүзеге
асырады.
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі – жаппай қазіргі
педагогикалық мамандықтардың бірі. Ол алғашқы мектепке
дейінгі мекемелер пайда болған ХҮІІ – ХҮІІІ ғғ. туған.
Еуропада, соның ішінде, Ресейде де,
мұндай мекемелер
алғашқысында жетім балаларға арналған. Кейінірек халықтың аз
қамтылған топтарынан шыққан отбасыларға көмек ретінде
қайырымдылық
орындары
құрылған
(Франциядағы
«Баспаналар», Германиядағы «Балаларды қорғау мектептері»,
Ресейдегі балалар үйлері). Одан кейін жекеменшік ақылы
балалар мекемелері пайда болды, оған ауқатты ата-аналардың
балалары ойнап, сабақ оқу үшін келген. Балаларға қарайтын
адамдар олармен ойын жүргізген,
сабақ оқыған, яғни тәрбие
жұмысымен айналысқан, әр елде ол әр түрлі өзінше аталды: бала
бағушылар, жетекшілер, тәлімгерлер, тәрбиешілер. Мектепке
дейінгі мекемелердегі алғашқы педагогтердің арасында ер
адамдардың көп болуы есте қаларлық жағдай.
1840 жыл педагогика тарихында
атақты неміс педагогі
Ф.Фребельдің (1782-1852) өзінің Бланкенбург қаласындағы
мектепке дейінгі мекемесіне (ашылу жылы -1837) балабақша
атын берумен белгіленді. Алайда мектепке дейінгі мекеменің
атауы ғана жаңа болған жоқ, оның міндеті де басқа еді:
практикалық нұсқаулық пен түрлі тәсілдерді көрсету арқылы
аналарды балаларды дұрыс тәрбиелеуге үйрету. Ф.Фребельдің
идеялары және оның әзірлеген
балалармен тәрбие жұмысын
жүргізу мазмұнындағы нұсқаулықтары әлемнің көптеген
елдеріндегі мектепке дейінгі мекемелерде үлкен таралымға ие
болды. Ресей де бұдан тыс қалмады, мұнда Ф.Фребельдің жүйесі
бойынша балабақшалар, сондай-ақ, онда жұмыс істеу үшін
педагогтерді даярлау курстары да ұйымдастырылды. Фребель
балабақшаларында
жұмыс істеген тәрбиешілерді «бақшылар»
немесе
«фребельшілер» деп атай бастады.
Қазіргі таңда әлемде адамның алғашқы жылдары мерзіміне
оның одан арғы жылдарында тұлға болып қалыптасуы үшін
ерекше мән берілуін санасынан өткізбеу ұғымы ешбір елде жоқ.
13
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиелеуді дамыту міндеттері
көптеген
мемлекеттердің
әлеуметтік
саясатының
бағдарламасына
енеді.
Дамыған
елдерде
(Франция,
Ұлыбритания, АҚШ) мектепке дейінгі мекемелерге баратын
балалар саны 80–90%-ды құрайды. Мектепке дейінгі мекемелер
желісін кеңесйту қажеттелігі педагогикалық қана емес, сонымен
қатар, әлеуметтік-экономикалық себептермен де дәйектеледі
(еңбек нарығында әйелдердің көбеюі, жағдайы жоқ отбасыларға
балаларды тәрбиелеуде көмек көрсету қажеттілігі және т.б.).
Мектепке дейін қоғамдық тәрбиелеуді одан әрі дамыту үрдісі
кәсіби тәрбиешілердің санының үнемі өсуімен байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелердің білім беру қызметтеріне
қойылатын талаптардың өсуін, қазіргі тәрбиешінің кәсіби
даярлығының біршама жоғары деңгейін ескере отырып, оны
педагог деп жиі атап жүр.
«Мұғалім» «педагог», «оқытушы», «тәрбиеші» сөздері
мағынасына қарай өте жақын, өйткені бұл атаулармен өзін
педагогикалық қызметке, педагогикалық мамандыққа қызмет
етуге арнаған адамдарды атайды.
Достарыңызбен бөлісу: