14
отырып, қоғамның өндірістік күштерін дамытуға әсер етеді,
өскелең ұрпақты әлемдік мәдениеттің барлық жетістіктеріне
тартады, сол арқылы адамзаттың одан арғы прогресі үшін
алғышарттар жасайды.
Алайда, қоғамның прогрессивтік дамуына нағыз ықпал етуі
үшін, педагогтер, өздері еңбек ететін білім беру жүйесі сияқты
(мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, коллджедер және т.б.),
болашаққа ұмтылуы, бағытталуы тиіс. Бүгін
балабақшаға
баратын балалар, мектеп оқушылары белгілі жылдар өткеннен
кейін өз бетінше өмір сүруге аттанады. Оқу-тәрбие жұмысының
мазмұнын игерген колледж студенті қазіргі мектептен, бүгінгі
мектептен кейінгі мекемеден тыс, өз дербес кәсіби қызметіне
енеді. Соңғы уақытта қарқынды өзгеріп жатқан өмір болашақта
қандай болады? Бүгінгі тәрбиенушілер,
оқушылар, студенттер
оған қаншалықты дайын болады?
Қазіргі педагогтің қызметі – тәрбиеленушілерге қазіргі
қоғамның өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени жағдайына
икемделуне көмектесу, бүгін тек қана «көктеп жатқан», кейін
идеал болып саналатын заңдар
мен нормалар бойынша өмір
сүруге үйрету, біздің де жағдай бұдан тыс қалмайды, зорлық-
зомбылық, лаңкестік, экстремизм лектері байқалуда. Атаулы
мәселе бұқаралық ақпараттар құралдарында асырылып
айтылады, мемлекеттік деңгейде қарастырылады және т.б.
Бірақ адам құқықтарының қатал күші
мен тебірентерлігі
емес, бүкіл әлемге әйгілі Тереза ана символы болып табылатын
адамгершілік өсімі қоғамның дамуының негізі болып табылады.
Бүгінгі тәрбие күшті дамытуға, өзге көзқарастардың, басқа
ұлттар мен діндердің төзімсіздігіне емес, адамгершілікте
құрылуы тиіс.
Мұғалімнің қызметінде гуманистік бастама салынды. Ол
адамның бойына адами қасиетті тәрбиелеуге тырысу барысында
жүзеге
асырылады,
тәрбиелеу
үдерісіндегі
барлық
қатысушыларға (бала,
оның отбасы, әріптестер және т.б.)
қатысты көрініс табады.
Қоғамдық өмірдің барлық салаларын және, ең алдымен,
халықтың
білім
беру
жүйесін
гуманизациялау
және
демократизациялау, мұғалімнің әлеуметтік функцияларын
нығайтуға әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: