Кәсіби денсаулық



Дата30.04.2023
өлшемі41,03 Kb.
#88576

ЭССЕ
Кәсіби денсаулықты сақтау
Кәсіби денсаулық бүгінгі таңда қоғам арасында аса маңызды рөл атқарады. Кәсіп игеру барысында денсаулықтың сақталуы қажет.Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:
· Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.
· Егер, баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.
Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.
Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.
Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.
Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
·Психофизиологиялық спект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;
· Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
· Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.
Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады. Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.
Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:
· Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.
· Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.
·Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.
Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
· Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;
· Сенсорлық - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;
·Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері - оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;
· Аттенциондық-мнемикалық - көңілаудару, естесақтау.
Әртүрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.

Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсеретеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым – қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.


Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзідейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы – әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді. 
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.

Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет