Кәсіби денсаулық


Салауаттанудың даму кезеңдері



бет2/2
Дата25.04.2022
өлшемі23,14 Kb.
#32186
1   2
Салауаттанудың даму кезеңдері.

I кезең – классикалық  кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа).

II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің  қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері,  емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.

III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің  қорытындысы.  Ауру түрлерінің  алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.

IV кезең -  саналогия ілімінің дамуы.  Организмнің ауру түрлеріне  қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.

V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап  көрсеткен болатын.

А.А.Семеновсалауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді.

Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.

Е. Е. Лунинасалауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнерсалауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады.

“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т.Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану – денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым.

Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан, денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық салауаттанудың міндетіне жүктеледі.

        Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру үрдісінің субъектілерінің біріккен іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.

       Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі кезеңдеріндегі денсаулыққа  және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді” деп анықтама береді.

Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, салауатты өмір салт адамның жеке мәдениетіне негізделеді және денсаулықты нығайтуға білім мен оны тіршілікте қолдана білу біліктілігін қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл идеялар сол уақыттың ағартушыларының нақты еңбектерінде жүзеге асырыла бастаған. Мысалы, Ы.Алтынсарин халыққа білім беру ісі тек мектеп ашумен шектелмейтінін, баланың денсаулығына да қамқорлықпен қарау қажеттігі жөнінде айтып, қазақ халқының өмір салтына қолайлы көшпелі мектептер ашу керек деп есептесе, А.БайтұрсыновЖ.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов баланы ерте жасынан бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұлттық мектептер жағдайында ұйымдастырудың мүмкіндіктерін айқындайды.

Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский баланың денсаулығына зиян келтірмей тәрбиелеудің табиғилыққа сәйкес ұйымдастыру тұжырымдамасын ұсынады. Ол өз еңбегінде: «баланы үйлесімділікте: басын, жүрегін, қолын, ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін, шеберлігін, ерлігін және әсемдік сезімін бірдей дамыту керек», - деп жазады.

Ағылшын ағартушысы Д.Локк тәрбиенің түпкі мақсаты «сау денеде күшті рухты» тәрбиелеу деп, баланың өміріндегі қатаң режимнің мәнін негіздеді. Ол өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты еңбегінде: «Осы дүниедегі бақытты жағдайдың қысқаша, бірақ толық сипаттамасы – сау денеде күшті рухтың болуы. Осы екеуіне ие адамға көп нәрсе тілеудің қажеті жоқ, ал соның біреуінен ада адамға соны тілеу керек. Адамның бақытты немесе бақытсыз болуы негізінен оның өзіне байланысты. Егерде кімде-кімнің тәні ауру және әлсіз болса, оның осы жолда (бақыт жолында) алға жылжуға шамасы келмейді», - деп жазады. Сондықтан баланы қиыншылықтарды табандылықпен жеңуге үйрету қажет. Д.Локк балаларға киім кию, тамақтану, серуендеу, дене шынықтырумен айналысу мәдениеттері жөнінде арнайы кеңестер беріп отырған.

Француз ағартушысы Ж.-Ж.Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие жөнінде» атты еңбегінде шынығу және дене күшін нығайтудың тәсілдерін балаларға Эмильдің іс-әрекеті арқылы түсіндіреді. Ол балалардың денсаулығын сақтауда және нығайтуда табиғи құралдардың маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Ж.-Ж.Руссо, дене тәрбиесін баланың психикалық және рухани дүниесіне әсер етудің және организмін дұрыс дамытудың құралы ретінде қарап бағалады. Дене тәрбиесі жөнінде арнайы әдістемелік құралдар мен ұсыныстар жүйесін жасады.

С.Френе ең алғаш рет баланың тұлғасын ең жоғарғы деңгейдегі, саналы ұйымдастырылған қоғамда тәрбиелеудің жүйесін жасады. Балаларға жеке сабақтар жүргізілді, ақыл–ой мен шығармашылық жұмыстарынан кейін, оларға дене еңбектерімен айналысу сабақтары, күн сайын: суға жүзу, доп тебу, теннис ойнау, атпен серуендеу және шеберханаларда еңбек ету, шынығу тәсілдері, салқын сумен жуыну, терезені қысты күні де ашып ұйықтау және т.б. іс-әрекеттері қалыптастырылды.



Аристотель баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесін олардың жас ерекшелігіне сәйкес белсенді дене қозғалысымен және дұрыс тамақтандыру мәдениетімен байланыстырады. Ол өзінің «Этика; политика; поэтика» атты трактатында «дене тәрбиесі жанды тәрбиелуге бейімделуі» керектігі жөнінде жазады. Сонымен қатар «баланы оның жасына сәйкес келетін тамақпен тамақтандырып, тазалық әрекетін және біртіндеп шынығуын қамтамасыз етудің» қажеттігін айтады.

Қорытындылай келе салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет