«Кәсіби іс-әрекеттегі дене шынықтыру»
1. Спортшының психологиялық дайындығы
Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты болады.
2. Іс-әрекетке психологиялық дайындық
Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдандықтан, онша көріне бермейді. Адамнан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз.
3.Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.
Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын
Жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы пстхологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады.
Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға деген қажеттілік жалпы психологиялық дайындықты бір жүйенің жоғтығынан туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды нақтылайды. Психикалық жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және нақты психологиялық дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған нұсқаларын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |