р/с
№
|
Психологиялық-педагогикалық практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (меңгерілген) жұмыстардың атауы
|
Психологиялық-педагогикалық практиканың тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері
|
Мекемеден психологиялық-педагогикалық практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1
|
Психологиялық педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибенің алғашқы күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ бекітілдім. Алғашқы күні мектептегі тәжірибе жетекшім Жәнібекова Инабат Жәнібекқызымен таныстым. Жетекшім мектептің тәртібі мен нұсқаулықтарын, мектептің (мекеменің) 1-жарты жылдық жұмыс жоспарымен, оның бағыттарымен таныстырды. Іс – тәжірибе кезінде 9 «Б» сынып оқушыларына бекітілдім.. Сыныпта 15 оқушы. Оқушылар тәртіпті, тыныш, өнерлі. 9 «Б» сыныбының сабақтарына қатысып, сынып тізімін алдым. Сыныптың ағылшын тілі сабағына «Zoom» бағдарламасы арқылы қатысып, бақыладым.
|
18.01.2021
|
18.01.2021
|
|
2
|
Инабат Жәнібекқызы мені күнтізбелік жоспарымен және тақырыптық сабақ жоспарымен таныстырды. Жоспар бойынша «Zoom» бағдарламасы арқылы ағылшын сабағына қатыстым. Балалардың білім деңгейін, сабаққа қатысу белсенділігін бақыладым. Сабақ соңында жетекшіммен пікір алмастық. Сабақты қызықты өткізу әдістерін талқыладық.
|
20.01.2021
|
20.01.2021
|
|
3
|
Жетекшіммен бірге, нұсқаумен 9«Б» ағылшын тілі сабағына қатыстым. Сабақты сырттай бақылып отырдым. Сабақ барысында лингво – когнитивті әдіс қолданылды (жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік жұмыстар жүргізу). Мұғалім тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйретіп, сабақтың мақсатын аша білді.
|
25.01.2021
|
25.01.2021
|
|
4
|
Бүгін 9 «Б» сыныбының ағылшын сабағына қатыстым.Сабақ «Culture» тақырыбында өтті. Сабақ барысында мектеп мұғалімдерінің нағыз маман екендеріне көзім жетті. Олар балалардың жеке пікірімен санасады, өз ойларын айтуына қарсылық білдірмейді. Оқушыларға әсер ете алады. Сынды дұрыс жеткізе алады. Оқушыларды өз сабағына қызықтыра алады. Оларға нақты талаптар қойа отырып, сабақты қызықты өткізді.
|
27.01.2021
|
27.01.2021
|
|
5
|
Бүгін дүйсенбі, айдың бірінші күні. 9 «Б» сыныптың ағылшын тілі сабағына қатыстым. Сырттай бақылай отырып балалардың қызуғушылықтарын зерттедім. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрады. Оқушылар сабаққа тыңғылықты дайындалып келген. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру барысында түрлі презентацияларды қосып, қызықты әдістерді қолдана отырып таныстырды.
|
01.02.2021
|
01.02.2021
|
|
16
|
Жетекшім Инабат Жәнібекқызы 9 «Б» сыныбының ағылшын тілі сабағына қатыстырды. Сабақ «Grammar: narrative tenses» тақырыбын түсіндірумен басталды. Сабақ барысында байқағаным жақсы тәжірибе жинақтаған мұғалім екені көрініп тұрды. Сабақты тақырыбтан ауытқымай, қызықты етіп түсіндіреді. Ашуланбай сабырлық танытып, түсіндіреді. Өзімнің алған тәжірибем осы. Байқағаным, оқушыларды жалықтырмау керек.
|
03.02.2021
|
03.02.2021
|
|
7
|
Бүгін аптаның алғашқы күні. 9 «Б» сыныптың ағылшын тілі сабағына қатыстым. Оқушылар мұғаліммен ағылшын тілінде тесттер шешті. Оқушылар көптеген жаңа сөздермен танысты. Сабақтың өту барысында мұғалім үйге тапсырма берді. Оқушылар белсене қатысты. Сабақ қызықты өтті.
|
08.02.2021
|
08.02.2021
|
|
8
|
Жетекшімнің нұсқауымен 9«Б» сыныптың ағылшын тілі сабағына қатыстым.. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрады. Балалар сабаққа тыңғылықты дайындалған. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында «Zoom» қосымшасымен слайдтар мен видеожазбалар көрсетілді. Оқушыларға жеке тапсырамалар берілді. Олар жеке-жеке талқылап, сабаққа қатысып отырды. Сабақ соңында үйге тапсырма берілді.
|
10.02.2021
|
10.02.2021
|
|
9
|
Бүгін жетекшіммен 9 «Б» сынаптың ағылшын тілі сабағына қатыстым. Алдымен жаңа сабақ «Hollywood fairy tales»-ті түсіндірді. Содан соң «Online mektep» қосымшасымен тапсырма орындауларын сұрады. Сабақ қызықты өтті.
Сабақтан соң жетекшімнің қолдауымен электронды күнделікті толтыруға көмектестім.
|
15.02.2021
|
15.02.2021
|
|
10
|
Іс-тәжірибе бойынша мектептегі жетекшім Инабат Жәнібекқызының нұсқауымен 9 «Б» сыныбының ағылшын сабағына қатысытым. Сабақ өте қызықты өтті. Мұғалім үй тапсырмасын тексерумен қатар сабақты түсіндіріп үлгерді. Үй тапсырмасын «Online mektep» қосымшасымен орындайтындарын жеткізді. Бұл жолы балалардың сапалы білім алуы үшін, тәрбиені дұрыс берудің маңызы зор екенін түсіндім.
|
17.02.2021
|
17.02.2021
|
|
11
|
Аптаның алғашқы күні.
Бүгін сыныпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Әрине алдын ала біраз дайындықтар болды. Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым атты» ашық тәрбие сағаты таңдап алынды. Бұл сағатта Тәуелсуздік туралы біршама материалдар, әңгімелер айтылды. Сабақта жылдар, тарихи күндер ағылышын тілінде айтылды. Жетекшім сабақты барынша қызықты әрі пайдалы етіп өткізді. Сабақ соңында оқушылар мен пікір алмасып, бірнеше сұрақтар қойылды.
|
22.02.2021
|
22.02.2021
|
Жетекшім 9«Б» сыныпқа әдеттегідей сабағын өткізді. Сабақ уақыты басталып оқушылар «Whatsapp» группасына жинала бастады. Бұл күні жетекшіміз оқушыларымен өтілген жаңа тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойып, алып жатқан білімдерін сынады
|
12
|
Жетекшім әдеттегідей 9 «Б» сыныптың ағылшын тілі сабағына қатыстырды. Сабақ барысында мектеп мұғалімдерінің нағыз маман екендеріне көзім жетті. Олар балалардың жеке пікірімен санасады, өз ойларын айтуына қарсылық білдірмейді. Оқушыларға әсер ете алады. Сынды дұрыс жеткізе алады. Оларға нақты талаптар қойа отырып, сабақты қызықты өткізді
|
24.02.2021
|
24.02.2021
|
|
13
|
Сынып жетекшім және мектеп психологы іс-әрекект мазмұнымен, тәрбиенің 1 – жарты жылдық жоспарымен таныстырды. Жетекшілікке алған сыныбымның ағылшын тілі сабағына «Zoom» қосымшасы арқылы қатыстым. Сабақта оқушылар өте белсенді, пән мұғалімі де біліктілігімен сабақты керемет жүргізді.
|
01.03.2021
|
01.03.2021
|
|
14
|
Бүгін мектепте оқушылардан жиынтық бақылау жұмыстары алынды. Жетекшіме оқушылардың жұмыстарын тексеруге көмектестім. Тыңғылығты жүргізілген сабақтар нәтижесінде оқушылардың деңгейі жақсы дәрежеде болды.
|
03.03.2021
|
03.03.2021
|
|
15
|
Бұл жолы жетекшімнің тапсырмасымен осы апта бойы «Balapan» телеарнасынан жүргізілетін үздік оқытушылардың сабағын тыңдап, талдау жасадым. Сабақтардың барлығы түсінікті ұйымдастырылған. Тапсырмалары мен мысалдары өте қолайлы таңдалған.
|
10.03.2021
|
10.03.2021
|
|
16
|
Жетекшілікке алған сыныбымның ағылшын сабақтарына қатыстым. Жалпы өзіме бекітілге 9 «Б» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Сыныптағы оқушылар өте алғыр, зерек, білімді болды.. Оқушылар ағылшын тілі пәніне екі топқа бөлініп сабаққа қатысады. Ағылшын пәні мұғалімнің әр баланы сабаққа қатыстыра білу қабілеті маған қатты ұнады. Мұғалімнің әр сабаққа қарай эмоция білдіруі оқушыларды қатты қызықтырады.
|
15.03.2021
|
15.03.2021
|
|
17
|
Осы күні 9 «Б» сынып оқушыларымен жұмыс жасап, оқушылардың ерекшелігін анықтау жұмыстарын жүргіздім. Сынып оқушыларының құжаттарымен таныстым, үзіліс уақытында«WhatsApp» қосыммшасымен жеке әңгіме жүргізуге тырыстым.
|
17.03.2021
|
17.03.2021
|
|
18
|
Бүгін әдістемелік күн. Мектептегі іс-тәжірибе жетекшімнің жаңа бағдарлама бойынша іс-қағаздармен жұмыс жасағанымен таныстым. Сонымен қатар 9 «Б» сыныбының ағылшын тілі сабағының өту барысын сыртай бақыладым. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрады. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында слайдтар мен видеожазбалар көрсетілді. Соңынан жетекшімнің рұқсатымен келесі сабаққа сабақ жоспарын бірге әзірледік.
|
05.04.2021
|
05.04.2021
|
|
19
|
Жалпы жоспар бойынша 9«Б» сыныпқа ағылшын сабағына қатыстым. Бұл жолы «Zoom» қосымшасы арқылы топқа бөліп сабақ өтуге тырысты. Бір байқағаным оқушыларға жеке жұмыс жасағаннан қарағанда топтық жұмыстар ұнайтынын білдім. Себебі оқушылар жеке жұмыс жасағанда сыныпта тыныштық орнап оқушылардың сабаққа деген зейіні басқалай дүниелерге аударылып, кейбіреулері сыныпта ұйықтап қалатын жағдайлар да болады екен. Ал топтық жұмыста олар өз білімдерін көрсету үшін талаптанып, топпен жұмыс жасай білу қабілетінде көрсете біледі.
|
07.04.2021
|
07.04.2021
|
|
20
|
Аптаның алғашқы күні. 9«Б» сыныпқа сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында мұғалім оқушыларға жеке-жеке тоқталып, бағалары мен тәртіптерін талқылады. Оқушыларға тәрбие туралы баяндама оқыды. Салауатты өмір салтын ұстану мен қатар жолда жүру ережелерін сыныппен бірге талқылап, видеороликтер көрсетті. Балалар сабақ барысында өз ойларымен бөлісіп, белсене қатыса білді. Түсінгенім баламен жұмыс жасау барысында оны тыңдай білу және түсіну педагогтың маңызды міндеттерінің бірі.
|
12.04.2021
|
12.04.2021
|
|
21
|
Жоспар бойынша сабақ басталды. Алдымен жетекшім жоқтама жасады. Сосын 9«Б» сыныбымен ағылшын тілі сабағын бастап кеттік. Бүгін аса күрделіемес, жаңа сабақ түсіндірілді. Сабақ барысында менде өз білгендеріммен бөлістім. Сабақ қызықты өтті.
|
14.04.2021
|
14.04.2021
|
|
22
|
Бүгін аптаның алғашқы күні. 9«Б» сыныптың ағылшын тілі сабағына қатыстым. Оқушылар мұғаліммен ағылшын тілінде тесттер шешті. Оқушылар көптеген жаңа сөздермен танысты. Сабақтың өту барысында мұғалім үйге тапсырма берді. Онымен қоса «Online mektep» қосымшасымен де тапсырма орындайтындарын да жеткізді. Оқушылар белсене қатысты. Сабақ қызықты өтті.
|
19.04.2021
|
19.04.2021
|
|
23
|
Осы апта бойы практика бойынша құжаттарды әзірлеп, есебімді жаздым.
Мен оқу іс-тәжірибесінің соңғы күнінде атқарылған жұмыстардың барлығына қорытынды жасадым. Осы іс тәжірибеде не үйрендім,нені бойыма сіңірдім, оқыған теориялық білімді практикада ұштастыруды үйреніп, меңгердім. Сабақ жоспарын жазуда пайдаланылатын әдістерді терең оқып зерттедім. Сабақ жоспарын жасаған кезде қолданған оқулық туралы қорытынды(анализ) жасадым.
|
26.04.2021
|
26.04.2021
|
|