Бүгін Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайы жайлы біле бермейтін тың
ақпараттармен танысып,білдім. Тәжірибе ретінде
балалар мен жасөспірімдер сарайының атқарып
жатқан қызметтерімен,жетістіктерімен, бағыттарымен және де әртүрлі ұжымдармен бірлесіп істеліп жатқан жұмыстарын іздеп,оқып,нәтижесі ретінде
мәліметтерді word программасына бекіттім.
Балалар мен жасөспірімдер сарайы көптеген жеткіншектер үшін өз бағын сынауға,біраз белесті бағындыруға мүмкіндік беретін мекеме екендігін түсіндім. Сонымен қатар,психологиялық-педагогикалық қызмет түрі көрсетіледі.Ол 8 бағытта жұмыс атқарады. Тематикалық топтық тренингтер, ата-аналар немесе балаларға кеңес беру сабақтары жүргізіледі екен. Бүгінгі күнді қорытындылайтын болсам,білмейтін тұстарым өте көп екен,соларды бүгін кішкене болсада толықтыра түстім,тапсырманы орындау арқылы болашақ мамандығым бойынша біраз тәжірибе жинақтадым,әлеуметтік педагог мамандығына тұжырымдама жасадым.Орындаған жұмысымды файлдық менеджермен idl.ksu-ға салып, өз жұмысымды бекіттім.
выполнено
26.10.2020
Бүгінгі ізденісім Қарағанды қаласы әкімдігінің “№68МИ” ЖББ КММ жайлы болды. Ең алдымен тапсырманы қабылдап алып, №68 мектеп интернатының жұмыс бағытымен,мазмұнымен, тәрбие жұмысымен және оның мақсатымен танысып шықтым.Мүнда сабақтан тыс жүргізілетін шаралар өте көп екен. Әлеуметтік педагогтың функционалдық міндеттерін зерттедім.Барлық жинақталған материалдардан слайд жасап,оны idl.ksu-ға файлдық менеджерге салып, тапсырманы жетекшіме жібердім.
Бүгінгі атқарған жұмысымды былай қорытындылағым келіп отыр:
+Болашақ әлеуметтік педагог ретінде өз бетімше тәжірибелік жұмыс атқардым;
+Тәрбие жүйесінің бағыттарын білдім;
-Жинаған материалдарым жеткілікті мөлшерден төмен;