Бүгін Қарағанды қаласының №81 ЖББОМ КММ-нің оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және құрылымымен таныстым. Әлеуметтік педагогтың жұмысының мазмұнын, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы мәселелерін диагностикалау жайлы мәселелерді зерттедік. Жұмысты орындауда бірінші тапсырманы уақытылы қабылдап алып, берілген тапсырмамен танысып,сол бойынша мәлімет жинадым. Көрсетілген сілтеме арқылы №81 мектептің жұмыс процесімен,әлеуметтік педагогтың қызметімен, оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен, құрылымымен және т.б. Мекеменің жұмыстарымен танысып,оқып шықтым.Танысып болғаннан соң,жинаған мәліметтерді word программасына салып, тапсырманы орындап шықтым.Дайын болған тапсырманы файлдық менеджер арқылы жетекшімізге жіберіп,бүгінгі күнгі оқу тәжірибемді аяқтадым. Бүгінгі атқарған жұмыстардан ойға түйгенім,білгенім өте көп болды.Әрбір оқу тәжірибесінен біраз нәрсе үйреніп,өз мамандығым жайлы тәжірибелер жинақтаудамын.
23.11.2020
Қараша айының жиырма үшінші жұлдызында Қарағанды қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебінің жұмыс бағыттары мен мазмұнымен,әлеуметтік педагогтың жұмыс бағытымен таныстық.Әлеуметтік педагогиканың диагностикалау және зерттеу жұмыстары жөнінде бірнеше мағлұматтар іздедік. Жетекшіміздің берген тапсырмасын уақытылы қабылдап алып, тапсырма бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп, орындалған тапсырманы файлдық менеджерге салдық.Бүгінгі оқу тәжірибесі өте қызық болды,сол себептен болар бүгін ойыма түйгенім,түсінгенім көп болды.
30.11.2020
Бүгін С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің жұмысымен,әлеуметтік педагог маманының жұмысымен таныстық.Балалармен жұмыс барысында қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын білдік.Сонымен қатар,көптеген іс-шаралар өткізілетінін,балалардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалғанын ізденіс барысында анықтап білдік.Әдеттегідей, жетекшіміздің берген тапсырмасын уақытылы idl.ksu сайтынан қабылдап алып,тапсырма бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп, дайын болған тапсырманы файлдық менеджер арқылы жетекшімізге жібердік.
07.12.2020
Бізге берілген оқу тәжірибесінің ең соңғы тапсырмасы №101 мектеп-лицейіне берілді. Біз мекеменің жұмыс бағытымен,мазмұнымен, жоспары мен мақсаттарымен таныстық. Әлеуметтік педагогтың балалармен жұмыс барысында атқаратын қызметтерін, әдістерін, жұмыс бағыттарын білдік. Бүгінгі оқу тәжірибеміз басқа уақыттарға қарағанда өте ерекше өтті. Әлеуметтік педагогтың жұмысы туралы осы уақыт аралығында өте көп мәліметтер алдық. Осы жинақтаған тәжірибемізді өмірді пайдалана білеміз деп сенемін.