Кесін атап өтеміз. Бұл саланың ел экономикасындағы маңызына баға беру өте күрделі



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата24.03.2017
өлшемі4,41 Mb.
#10113
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№34

(9628)

2 тамыз

2014 жыл


e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

Дәстүрге сай, біз тамыз айының алғашқы жексенбісінде Көлік қызметкерлерінің кәсіби мере-

кесін атап өтеміз. Бұл саланың ел экономикасындағы маңызына баға беру - өте күрделі. Өйткені,

дамыған  көлік  инфрақұрылымынсыз  халықтың  лайықты  өмір  сүру  деңгейі  туралы  және

өндірістік өсім туралы сөз қозғау мүмкін емес. Біздің ауданымыздағы көлік қызметкерлері

аймағымыздың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  бойынша  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев

жүктеген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға зор үлестерін қосуда.

Көлік инфрақұрылымының аса маңызды құрылымдарының бірі кәсіпорындар мен халықты

жолаушы және жүк тасымалы қызметімен қамтамасыз етіп отырған автокөлік саласы екені

сөзсіз. Бұл жерде тек жүргізушілердің ғана емес, көлік жөндеушілердің, диспетчерлердің, барлық

инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбегі зор. Олардың барлығын өз ісіне берілгендік пен

тапсырылған іске деген жауапкершіліктері даралап тұрады.

Аудан тынысында теміржол көлігінің алатын орны зор. Теміржол тасымалдау бөлімшесі

қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында жүк тасымалы уақтылы жүргізіліп, жолаушы-

лар үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз қызмет ұсынылып келеді. Сол арқылы ауданымыздың

шаруашылық байланысы артып, еліміздің басқа аймақтарымен де жол қатынасы нығайтылды.

Біз бүгін барлық көлік құрылым қызметкерлеріне алғыс айтуға тиіспіз. Сондай-ақ, олар жеткен

жетістік деңгейінде тоқырамай, біздің алда тұрған ортақ міндеттерімізді шешуге инновациялық

мақсатпен келеді деп сенеміз. Біз ұзақ жылдар бойы осы салада қызмет атқарып, өз іздерін

басып,  істерін  жалғастыратын  лайықты  буын  тәрбиелеген  аға  ұрпақ  өкілдеріне,  яғни  осы

саланың ардагерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.

Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға

амандық, береке-бірлік тілейміз.



Жаңаарқа ауданының әкімі 

Ғ.ОМАРОВ

Аудандық мәслихаттың хатшысы 

М.ӘБДІШЕВ

Құрметті аудан тұрғындары!

28-шілде күні аудан әкімі Ғ.И.Омаров кезекті аппараттық кеңес өткізіп, бірқатар маңызды

мәселелерді  қарады.  Кеңесті  аудан  әкімі  әдеттегідей  өткен  аптадағы  маңызды

жаңалықтардан  бастап,  оған  жан-жақты  тоқталып,  сипаттама  жасады.  Сондай-ақ,  осы

жылдың жартыжылдық рейтингілік көрсеткіштері бойынша өз жұмыстарында салғырттық

танытып, төмен нәтиже көрсеткен сала басшыларын қатал сынға алып, кемшіліктерге жол

берген жауапты сала басшыларына тиісті жаза қолданылатынын ескертті. Кеңестің күн

тәртібінде екі мәселе қаралды. Аудандық агроөндірістік кешенінің қазіргі жай-күйі және

алдағы уақыттағы даму жоспары,  2014-2015 жылдарға арналған жылу беру маусымына

дайындық барысы туралы мәселелер қаралып, тиісті жауапты сала  басшыларының есептері

тыңдалды.

Кеңесте қаралған мәселелер бойынша және аудан өмірінің басқа да мәселелері туралы

аудан әкімі пікірлерін айтып, сын-ескертпелер жасап, алда атқарылатын жұмыстар жөнінде

нақты тапсырмалар берді.

Апта-Ақпарат

ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ

ЖАҒЫМДЫ  ЖАҢАЛЫҚ

30-шілде   күнгі  аудан әкімдігінің аппараттық кеңесінде аудан  әкімінің  тапсырмасына

орай (мемлекеттік сатып алу бойынша жеңіп алған мердігерлермен жұма сайын атқаратын

жұмыстары туралы кесте жасап, әр сәрсенбі күні сағат 16.00-де әкімшілік ғимаратының

мәжіліс  залында  штаб  отырысында  қарауды  ұйымдастыру)  әр  тапсырыс  беруші  бөлім

жеңімпаз  мердігерінің  атқарылып  жатқан  жұмыстары  жайлы  толық  мағлұмат  берді.

Жаңаарқа  ауданының  М.Жұмажанов  ауылдық    округіндегі  орта  мектеп  құрылысының

жүргізілуін «ЖШС Строй-ИН» мердігері қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта мектептің 1-

қабаты толықтай көтеріліп, сырты кірпішпен қапталды.

Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімі аудан бойынша 2 нысанның  құрылыс жұмысын

жүргізуде. Атап айтатын болсақ, ауданымыздағы «Жаңа Нұр» тұрғын үй алабы 16 пәтерлі

жалдамалы  тұрғын  үй  құрылысының  (ЖШС  «Ниаз»)  жүргізілу  барысында  аталған

нысанның іргетасы құйылды. Сонымен қатар, А. Сейдімбеков көшесіндегі 16 және 8 пәтерлі

үйлерге  сыртқы  инженерлік  желілер  тарту  және  абаттандыру  жұмыстары  толығымен

аяқталып, қазіргі уақытта сәулеттік бұйымдар салынуда ( ЖК «Ханасов»).

Аудан әкімі Ғ.И.Омаровтың тікелей тапсырмасымен биыл Атасу кентінде бірталай абат-

тандыру жұмыстары жүргізілуде. 

2013 жылы кентті көркейтуге аудан әкімінің тікелей қолдауымен 98 млн 563 мың теңге

бөлінсе,  биыл  2014  жылы  107  млн.  661  мың  теңге  бөлінді.  Былтырғы  жылмен

салыстырғанда 92% ға артық. Биылғы жылға аудан әкімінің тікелей қолдауымен бөлінген

қаржыны, Атасу кенті әкімінің аппараты ММ төмендегі  нысандардың  құрылысына тапсы-

рыс берді.  

Тәуелсіздік даңғылындағы «Мәңгілік ел» аллеясын абаттандыру жұмыстары («Техстрой

Караганда» ЖШС Б.А.Тезекбаев), С.Сейфуллин даңғылындағы  «Жазғы сахна» аллеясын

абаттандыру (ЖК «Ханасов»), Қарағанды қаласына шыға берістегі сәулеттік стильдегі арка

(ЖК «Жанғозин»), қонақ кәде скверін абаттандыру (ЖК «Р.Нүркеев»), Атасу кентіндегі ба-

лалар ойын алаңдарын орнату (ЖК «Жанғозин»), дренаж құдықтарын орнату (ЖК «Хана-

сов»), сәулеттік бетон қоршауларын орнату (ЖК «Бесбаев») сияқты құрылыс жұмыстары

болып табылады. 

Аталған құрылыс нысандарының  аяқталуы осы жылдың 27-тамызына жоспарланып отыр.

Жаңаарқа  ауданының  ТКШ  бөлімі  «Жұмыспен  қамту-2020»  және  «Ақ  бұлақ»

бағдарламалары бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Қараағаш ауылдық округінде орташа

жөндеу  жұмыстарының  80%  аяқталса(ЖШС  Қарағанды  жолдары),  «Ақ  бұлақ»

бағдарламасы бойынша Ақтау, Бидайық, Ескене елді мекендерінде су жүйелерін қалпына

келтіру жұмыстарының 70% орындалды (АгроПремСтрой және ЖК «Беков»). Ауданымыздың

дамып, көркеюіне үлесін қосатын осындай ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатса, болашақ

ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін орда – мектептерге де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстардың орындалуына ауданындық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі

тапсырыс берді. 

Атап кететін болсақ, Қараағаш бастауыш мектебі (ЖК «Әбдірахманов»), Бидайық орта

мектебі  (ЖК  «Бесбаев»),  О.Жұмабеков  атындағы  орта  мектеп  (ЖК  «Әбдірахманов»),

Айнабұлақ орта мектебі ( КММ «Жаңаарқа жылу»), Ю.Гагарин атындағы орта мектеп 

( ЖШС «Хынор»), Ынтымақ орта мектебі ( КММ «Жаңаарқа жылу»). Аталған мектептерде

ішкі, сыртқы жөндеу жұмыстары және жылу қазандықтары мен жылу батареяларын ауы-

стыру жұмыстары жүргізіліп,  жаңа оқу жылына дейін аяқталмақ. 



Б.МҰҚАНОВ,

аудан әкімінің орынбасары

Арқа төсін ажарландырар

отыз игілікті шара

27-шілде күні Нью-Йорк қаласының «Мэдисон Сквер Гар-

ден» аренасының шаршы алаңына Қарағандылық Генадий

Головкин австралиялық боксшы Дэниэл Гилмен шықты.  Бок-

стан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша

әлем чемпионы Геннадий Дэниэлді 3-раундта сұлатып салды.

Отызыншы жекпе-жегінде де жеңісті қолдан бермеген Генаға

жарайсың демекпіз. 

Отызында орда бұзған-Головкин

Ауданымыздың  жастармен  жұмыс  жасау

орталығының ұйымдастырған ерекше шараларының

бірі-«Жұлдызды  сәт»  байқауы.  Бұл  байқаудың

ерекшелігі - осы уақытқа дейін  өз қабілеттерін

көрсете алмай, жасырынып жүрген талант иелері

дәл осы байқауда сыналды. Қабілеттерін үш түрлі

өнер – ән айту, би билеу және музыкалық аспапта

ойнау бойынша көрсетуге болатын сайыс 25-шілде

күні  мәдени-сауық орталығында өтті. Алдын-ала

жарнама  жасалған  сайысқа  бақ  сынауға  келген

өнер иелері аз болған жоқ.

Сайыстың  бірінші  түрі  -  ән  айту  кезеңінде

көптеген  жас  әншілер  намысқа  тырысып,  түрлі

стилдегі эстрадалық әндер орындаса, екінші сайы-

ста  бишілер  өнер  көрсетті.  Сондай-ақ,  үшінші

бөлімде музыкалық аспапта ойнаудың шеберлері тартысқа түсті. 

Сайыскерлердің  көрсеткен  өнерлерін  жіті  бақылап  отырған    мәдени-сауық  орталығының

әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Б.Нұрғалиева, музыка мектебінің ұстазы Б. Ахметова , «Бал-

даурен» үлгілі бишілер тобының жетекшісі Л. Жұмабекова сияқты әділ қазылар алқасы шынайы

бағасын берді.

Сайыс қорытындысында ән айтудан Тоқжұманова Камила 1 орынға ие болса, ән орындау шебер-

лігімен ерекшеленген Ақасова Мөлдір «Ең үздік әнші» атанды. Би билеуден 1 орынды Мұхамедов

Ержанат алса, заманауи би үлгісін көрсеткен Сәдуақасова Ғалия «Ең үздік биші» атағына лайықты

болды. Сонымен қатар,  аспапта ойнаудан Тілеуғабылов Арман 1 орынды еншілесе, қазақтың

қара домбырасында құйқылжыта күй шерткен  Есенов Дарын «Аспапта ойнаудың шебері» атанды.

Шара барысында жан-жақтылығымен ерекшеленген Серікбаева Зарина «Көрермендер көзайымы»

номинациясын  иеленді.  Осылайша  «Жұлдызды  сәт»  байқауында  ауданымыздың  жаңа

жұлдыздары анықталды.  

Ш. АҚПУПЕНОВА, 

Жастармен жұмыс жасау орталығының маманы

Жаңа жұлдыздар анықталған

«Жұлдызды сәт»


2 тамыз 2014 жыл

2

Атасу  кенті                                                  №49/01                                  26 маусым 2014 жыл



Жаңаарқа ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,  мәдениет,

спорт және ветеринария  саласындағы мамандар  лауазымдарының тізбесін

айқындау туралы

(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт 

2014 жылғы  21  шілдедегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің

Тізілімінде № 2694 болып енгізілді )

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңының  31  бабына,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының

Еңбек Кодексі» Кодексінің 18 және 238 баптарына сәйкес,  Жаңаарқа ауданының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңаарқа ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс

істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ве-

теринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын. 

2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі «Жаңаарқа ауданы аумағындағы

ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру бел-

гіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тіз-

бесін айқындау туралы» №81 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу  Тізілімінде  №8-12-73  болып  тіркелген,  «Жаңаарқа»  газетінің  2010  жылғы  1

мамырдағы №29-30 (9386) санында жарияланған) күші жойылған болып танылсын.

3.  Осы  қаулының  орындалуына  бақылау  жасау  аудан  әкімінің  орынбасары  Дүйсенбай

Жұмасейітовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі.



Жаңаарқа ауданы әкімінің міндетін атқарушы                                                  Ю.БЕКҚОЖИН                                                              

КЕЛІСІЛДІ:

Жаңаарқа ауданының мәслихаттың хатшысы 

М. ӘБДІШЕВ

« 26 » маусым 2014 жыл

ЖАҢААРҚА АУДАНЫ

ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 

26 маусымындағы №49/01 қаулысына қосымша

ЖАҢААРҚА АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІ

БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ, БІЛІМ БЕРУ,

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ

МАМАНДАР ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

1.Әлеуметтік қамсыздандыру 

саласы бойынша:

1)бөлім меңгерушісі;

2)кеңесші;

3)әлеуметтік қызметкер;

4)есепші;

5)жұмыспен  қамту  орталығының  дирек-

торы;

6)жұмыспен қамту орталығының маманы.



2. Білім беру саласы бойынша:

1)жетекші;

2)жетекшінің орынбасары;

3)психолог;

4)барлық мамандық бойынша оқытушылар;

5)медбике;

6)кіші медициналық қызметкер;

7)тәлімгер;

8)балабақша меңгерушісі;

9)тәрбиеші;

10) әдіскер-психолог;

11) ән-күй маманы;

12) көркемдік студия үйірмесінің жетекшісі;

13) шаруашылық басқарушы;

14) есепші;

15) әдіскер;

16) заңгер-кеңесші;

17) интернат басшысы;

18) экономист;

19) тәрбиешінің көмекшісі;

20) емдәм медбикесі;

21) іс жүргізуші.



3.Мәдениет саласы бойынша:

1) жетекші;

2) жетекшінің орынбасары;

3) жетекшінің көмекшісі;

4) көркемдік жетекші;

5) сектор меңгерушісі;

6) кітапханашы;

7) әдіскер;

8) библиограф;

9) аймақтану бөлімінің редакторы;

10) кітап қорын есепке алу маманы;

11) дыбыс режиссеры;

12) хореограф;

13) музыкалық жетекші;

14) концертмейстер;

15) нұсқаушы;

16) жастармен жұмыс бойынша маман;

17) клуб меңгерушісі;

18) оркестр жетекшісі;

19) барлық түрлер шебері;

20) шаруашылық бөлімінің басқарушысы;

21) суретші;

22) есепші;

23) экономист.

4.Ветеринария саласы бойынша:

1) ветеринариялық мал дәрігері;

2)ветеринариялық фельдшер;

3)есепші;

4)экономист.

пос.Атасу                                                     №49/01                 26 июня 2014 года

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения,

социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, 

являющихся гражданскими служащими и работающих всельской местности 

Жанааркинского района

(Нормативный правовой акт зарегистрировано в Реестре государственной регистра-

ции нормативных правовых актов за № 2694    от  21  июля 2014 года в департаменте

Юстиции Карагандинской области)

В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О мест-

ном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», со статьями

18 и 238 Кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года «Трудовой Кодекс Республики

Казахстан», акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального

обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими слу-

жащими и работающих в сельской местности Жанааркинского района согласно приложе-

нию.

2. Признать утратившим силу постановление акимата Жанааркинского района от 19 апреля



2010 года «Об определении перечня должностей специалистов, работающих в сельской

местности Жанааркинского района для установления повышения должностного оклада в

области образования, культуры и социального обеспечения» №81 (зарегистрировано в Рее-

стре государственной регистрации нормативных правовых актов №8-12-73, опубликовано

в газете «Жаңаарқа» от 1 мая 2010 года №29-30 (9386)).

3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима

Жанааркинского района Жумасейтова Дюсенбая Жумасейтовича.

4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней

после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанностей акима Жанааркинского района                 Ю. БЕККОЖИН

СОГЛАСОВАНО:

Секретарь маслихата Жанааркинского района  

М. АБДИШЕВ

« 26 » июня 2014 года

ПОСТАНОВЛЕНИЕ АКИМАТА 

ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА

Приложение к постановлению акимата Жанааркинского

района от 26 июня 2014 года №49/01

ПЕРЕЧЕНЬ 

ДОЛЖНОСТЕЙ СПЕЦИАЛИСТОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ, СОЦИАЛЬНОГО

ОБЕСПЕЧЕНИЯ, ОБРАЗОВАНИЯ, КУЛЬТУРЫ, СПОРТА И ВЕТЕРИНАРИИ,

ЯВЛЯЮЩИХСЯ ГРАЖДАНСКИМИ СЛУЖАЩИМИ И РАБОТАЮЩИХ В

СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА

1.В сфере социального обеспечения:

1)заведующий отделением;

2)консультант;

3)социальный работник;

4)бухгалтер;

5)директор Центра занятости;

6)специалист Центра занятости.

2.В сфере образования:

1)Руководитель;

2)заместитель руководителя;

3)психолог;

4)преподаватели по всем специальностям;

5)медсестра;

6)младший медицинский служащий;

7)куратор;

8)заведующий детского сада;

9)воспитатель;

10)методист-психолог;

11)специалист музыки;

12)руководитель  кружка  художественной

студии; 


13)заведующий хозяйством;

14)бухгалтер;

15)методист;

16)юрист-консультант;

17)заведующий интерната;

18)экономист;

19)помощник воспитателя;

20) медсестра по диете;

20)делопроизводитель.

3.В сфере культуры:

1)Руководитель;

2)заместитель руководителя;

3)помощник руководителя;

4)художественный руководитель;

5)заведующий сектором;

6)библиотекарь;

7)методист;

8)библиограф;

9)редактор регионального отдела;

10)специалист учета книжного фонда; 

11)звуковой режиссер;

12)хореограф;

13)музыкальный руководитель;

14)концертмейстер;

15)инструктор;

16)специалист по работе с молодежью;

17)заведующий клубом;

18)руководитель  оркестра;

19)мастер по всем видам;

20)заведующий отделом хозяйства;

21)художник;

22)бухгалтер;

23)экономист.



4. В сфере ветеринарии:

1) ветеринарный врач;

2) ветеринарный фельдшер;

3) бухгалтер;

4) экономист.

19-22 шілде аралығында кешенді тестілеуге 84 490 талапкер қатысты. Те-

стілеу республика аумағында орналасқан 42 орында өткізілді. Тестілеуге

қатысуға берілген өтініштердің саны- 87 060 құрайды, оның ішінде мек-

теп түлектері – 16 407, жалпы орта білімнен кейін (11 сынып) түскен

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері – 22 236,

негізгі білімнен кейін (9 сынып) түскен техникалық және кәсіптік білім

беру ұйымдарының түлектері – 48 417. 

*        *        *         *         * 

Жыл  соңына  дейін  «Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай»  дәлiзiнiң  157

шақырымы  iске  қосылады.  Бұл  жөнiнде  ҚР  Президентi  жанындағы

Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Көлiк және

коммуникация вице-министрi  Мереке Пішембаев  мәлімдеді.  

*        *        *         *         *

30-шілде күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі

брифинг барысында Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттік

төрағасының орынбасары-еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин

осылай мәлімдеді.

*        *        *         *         *

Израиль-Палестин шиеленісінің өршуіп тұруына байланысты ҚР ИЖТМ

Туризм индустриясы комитеті қазақстандық азаматтарға Израиль, Газа

секторы және Иордан өзенінің батыс жағалауына екі жақ тараптық аты-

стар тоқтағанға дейін ол жаққа барудан бас тартуға кеңес берді.

АПТА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЖАҒЫМДЫ  ЖАҢАЛЫҚ

С. СЕЙФУЛЛИН ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ

ОРТАЛЫҚ АЛАҢ, ЖАЗҒЫ САХНА-

МЕН ЖАЛПЫ АЛАҢЫ-2000,0 Ш.М

СОМАСЫ-21122,0 МЫҢ ТЕҢГЕ

МЕРДІГЕР- ЖК “В.А. ХАНАСОВ”


2 тамыз 2014 жыл

3

«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІ. ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ



ТӨРАҒАСЫ М. ӘЗІЛХАНОВТЫҢ «ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ – ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ ДІНИ

ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ

ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МАРАТ

ӘЗІЛХАНОВПЕН ӘҢГІМЕ

– Марат Алмасұлы, исі мұсылман жұртының мүбәрак мерекесі-

Ораза  айы  құтты  болсын!  Әңгімемізді  осы  тақырыптан

бастасақ.  Біздің  зайырлы  мемлекетіміз  үшін  мұндай  діни

ғұрыптар мен мерекелердің маңызы қаншалық?

– Әлбетте, маңызы ерекше. Себебі, зайырлы мемлекет «дінсіз мем-

лекет»  деген  сөз  емес.  Зайырлы  мемлекетте  дін  теріске

шығарылмайды, керісінше, діни сенім бостандығы қамтамасыз еті-

леді. Әркімнің өз қалауына сәйкес діни сенімді ұстануға немесе

ұстанбауға еркі бар. Біздің Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше

жақын, ол халықтың дінге деген ықыласынан да көрінеді. Еліміздегі

мемлекет құраушы қазақ халқының ата діні ислам екені баршаға бел-

гілі.  Мемлекет  азаматтары  болып  табылатын  еліміздегі  өзге  ұлт

өкілдерінің де басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Сондықтан

халық үшін маңызды болған мереке мемлекет үшін де маңызды.

Ораза айын исі мұсылман баласы асыға күтеді. Бес парыздың бірі –

отыз күн оразасын ұстап, сенімін қуаттандырады, рухани нәр алады.

Күн сайын ауызашарда бас қосып, бата жасаған, тарауих намазын

оқып, тілеуін бірге тілескен жамағаттың бірлігі бекиді, ынтымағы ар-

тады. Ислам – бірлік пен бейбітшіліктің діні, ал бірліктің бастауы –

осындай мерекелер.

– Осы тұста көптің көңілінде жүрген бір сұрақты қоюдың орайы

келіп  тұрғандай.  Дін  саласындағы  мамандардың  дінге

жақындығы қаншалық? Агенттік қызметкерлері де ораза тұта

ма?

–  Сұрағыңыздың  астарын  түсіндім.  2011  жылы  діни  қызмет

саласындағы жаңа заң қабылданғанда 7-тармақтағы «мемлекеттік

мекемелерде діни рәсімдер мен жоралар атқарылмайды» деген ере-

жені бірқатар азаматтар жаңсақ түсінгендіктен, «мемлекеттік мекеме

қызметкерлеріне дін ұстануға рұқсат етілмейді екен» деген мазмұнда

түрліше қате пікірлер туындаған болатын. Бұл мәселені әлі де дұрыс

түсінбей жүргендер үшін айқындай кетейік, мемлекеттік қызметкер,

ең алдымен, мемлекеттің азаматы, қоғамның өкілі. Оның да адам ре-

тінде,  азамат  ретінде  діни  сенім  бостандығына  құқығы  бар.

Сондықтан, Дін істері агенттігі мамандарының арасында да өз қалауы

мен сеніміне сәйкес ораза ұстап, намаз оқып жүргендері баршылық.

Жалпы, дін саласында руханиятқа бір табан жақын жандардың жүруі

де жазылмаған заңдылық деуге болады. Бұл белгілі бір дәрежеде ти-

імді де, өйткені, дін мәселесін дінді сезіне отырып шешу анағұрлым

дұрыс болмақ. Тек ең бастысы – сенім ерекшелігін қызмет барысына

араластырмау, себебі, Агенттік мамандары – мемлекеттік дін саяса-

тын жүзеге асырушылар, олар бірінші кезекте діни бірлестіктер мен

дінге  сенушілердің  дінге  көзқарасына  қарамастан  заң  алдында

теңдігін  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  әрине,  діни

құлшылықтарын,  яғни  намазды  заңмен  белгіленген  орындарда

қызмет барысына кедергі келтірмейтін жағдайда орындай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет