Кесін атап өтеміз. Бұл саланың ел экономикасындағы маңызына баға беру өте күрделі


– «Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше жақын», деп атап



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата24.03.2017
өлшемі4,41 Mb.
#10113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

– «Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше жақын», деп атап

өттіңіз.  Осы  орайда  зайырлы  мемлекеттегі  руханилықтың

орнын қалай бағалар едіңіз?

– Баршамызға белгілі, Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050:

бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолда-

уында  ел  болашағының  іргетасын  қалаған  бас¬ты  құндылықтар

қатарында зайырлы қоғам және жоғары руханиятты атап көрсеткен

болатын. Бұл аталған құндылықтардың ажырағысыз байланыста еке-

нін қалтқысыз пайымдаудан туындаған тұжырым болып табылады.

Ерекше назар аударатын жайт – жоғарыда айтылғандай, зайырлылық

дегеніміз дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің

діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы, мемлекеттің дінге

деген ұстанымының демократиялық, құқықтық сипатта болуы және

діни сенім бостандығының қамтамасыз етілуі.

Зайырлылық түсінігінің ауқымы кең. Конституциялық негіздегі «зай-

ырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін са-

ласында  да  ашық,  айқын  саясат  ұстанатынын,  азаматтардың

ар-ұждан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік сая-

сатты араластырмайтынын білдіреді. Қазіргі заманғы зайырлылық,

ең алдымен, гуманистік құндылықтарды, соның ішінде, адамның ар-

ұждан  және  наным-сенім  бостандығын  еркін  жүзеге  асыруын

қамтиды.


Зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай от-

ырып,  рухани  саладағы  ой-сананың  көптүрлілігін  мойындау.

Мемлекеттің зайырлы сипаты оның діннен ажыратылғанымен ғана

емес, сонымен қатар, атеистік, секуляристік идеологияның немесе

басқа да бір дүниетанымның басымдылығын мойындамайтынымен

де сипатталады.Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін

мемлекеттен  бөлінгенімен,  қоғамнан,  халықтың  болмысынан,

тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. Дін – ішкі саясаттағы және қоғам

азаматтарының  рухани  өмірі  мен  мәдениетіндегі  аса  маңызды

факторлардың бірі. Зайырлы мемлекет, сонымен қатар, азаматтық

қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін

де реттеп отырады. Мемлекет пен қоғам үшін діни алауыздық пен

тағатсыздықтың өршуі қаншалықты қауіпті болса, заңдардың, адам

құқықтары мен бостандықтарының аяққа басылуы да соншалықты

қауіп  туғызады.  Сондықтан,  зайырлылық  сұхбатқа,  өзара

ынтымақтастық пен түсіністікке негізделеді. Ал зайырлы мемлекет

заңдылық пен құқықты негізге алады. Соның нәтижесінде біздің зай-

ырлылы¬ғымыз  –  мемлекеттілік  пен  ұлттық  қауіпсіздіктің  берік

тұғырына айналып отыр.

– Ал руханилықты, соның ішінде жоғары руханият ұғымын дін-

мен қаншалықты байланыстыруға болар еді? 

– Жоғары руханият ұғымының да дін саласына тікелей қатысы бар.

Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханилықтың негізі санап келді.

Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты.

Ата дініміз – исламдағы адамгершілік, сыйластық, өзара құрмет, ке-

лісім, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік,

т.б. көптеген құндылықтар мен қасиеттер ұлтымыздың болмысында

бұрыннан  бар  мінездермен  астасып,  рухани  құндылықтардың

қайталанбас кешенін құраған болатын. Яғни, дін руханияты дәстүрлі

құндылықтарға  негіз  болып  қаланды.  Аталған  рухани

құндылықтарды  тарихи  дәуірлерде  халқымыздың  бойындағы

шығармашылық  қабілет,  өнерпаздық,  ізденгіштік  қасиеттер

толықтырды. Өнердің сан саласы – сөз өнері, саз өнері, қол өнері,

сәулет өнері туған топырағымызда өркендей дамыды. 

Далалық дүниетанымның сан-ғасырлық сүзгісінен өтіп, мәңгілік

құндылықтарға  негізделген  дана  дәстүрлер  қалыптасты.

Ұлтымыздың ұлы тұлғалары дүниежүзілік ғылымға өлшеусіз үлес

қосты. Әсіресе, соңғы жүзжылдықтар қазақ ғылымы мен мәдениетін

қарыштап  дамытты.  Ал  тәуелсіздіктен  кейінгі  кезең  өркениетті

дамуға даңғыл жол ашты. Бұл жетістіктер ұлт дүниетанымында

орныққан рухани құндылықтар кешенімен сабақтасып, бүгінгі біздің

жоғары руханиятымызды құрады.



– Осы орайда, бір риторикалық сауал тіл ұшына оралып тұр.

Қоғам тұрақтылығын сақтау үшін зайырлылықты күшейту

қажет  пе,  әлде  дінді  ме?  Дін  саласындағы  ақпараттық-

ағартушылық жұмыстар соның қайсысына жатады?

– Қоғам құндылықтарды өзі сұрыптайды. Оның екі үдеріске бірдей

сұранысы бар. Зайырлылық – біздің еліміздің жағдайында бірден-бір

ыңғайлы, әмбебап әрі тарихи тұрғыдан қалыптасқан мемлекет си-

паты  болып  табылады.  Оның  насихатталуы  мен  нығаюы  қоғам

тұрақтылығына сөзсіз игі әсер етеді. Зайырлылықты күшейту – дінді

әлсірету деген сөз емес. Зайырлылық қанша күшейтілсе де, діни

қызмет өз арнасымен жалғаса береді. Діни қызметпен санаспауға бол-

майды,  жай  ғана  санасу  емес,  оның  сапасы  мен  нәтижесін  жіті

назарға алып отырған жөн. Дін саласындағы қызмет бағыттарын

күшейту  –  дінді  күшейту  емес,  діни  қызметті  назарда  ұстауды

күшейту деп ұғынылғаны абзал.

Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-

қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды,

адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан,

дін мәселесі – рух мәселесі. Дінге руханият негізі ретінде қарап, оның

жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алған жөн.

Діннің рухани әлеуетін мәңгілік идеяларға, зайырлылық идеяларына

пайдалануға  болады.  Сол  арқылы  барлық  жоғалтқанымызды

түгендеп, мызғымас құндылықтар қалыптастыра аламыз. Дәстүрлі

рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханиландыру

үдерісі жатқанын ұмытпаған жөн…



– Сөзіңіз аузыңызда, діннің жасампаз құндылықтары мен ру-

хани  әлеуеті  туралы  ойыңызды  тарата  айтсаңыз,  оның

оқырманға да ой салатыны анық. 

– Көзі ашық, көкірегі ояу оқырманның бәріне белгілі жайт – шынайы

дін  жасампаз  құндылықтарымен  танылады,  тамыр  жаяды.

Исламдағы адамгершілік, өзара құрмет, татулық пен бірлік, адал

еңбек, әділеттілік, теңдік, ақыл-парасат, ғылым-білім секілді қастерлі

құндылықтар әлемдік діндердің барлығына ортақ. Адамзат қоғамын

өркениетке жеткізген де осы құндылықтардың салтанат құруы бола-

тын. Құндылықтар кешені бір-бірімен тығыз байланысты. Бір ғана

мысалға жүгінейік. Дін құндылықтарының төресі – бейбітшілік пен

келісім.  Өйткені,  бейбіт  өмір  ғана  дін  адамына  Жаратушының

алдындағы пенделік міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Ал зай-

ырлы  қоғам  тұрғысынан  қарасақ,  бейбітшіліктің  маңызы  тіпті

өлшеусіз.  Дін  ісі  де,  дүние  ісі  де  бейбітшілік  жағдайында  ғана

көгеріп-көктейді. Осыны түйсіну өз кезегінде отансүйгіштік сезім-

дерге тәрбиелеп, елдік мұраттарға жетелейді. Себебі, тыныштық,

тұрақтылық пен татулық тек заңдылыққа, тәртіпке, жүйеге негіздел-

ген біртұтас құрылым – мемлекет аясында ғана орнайды. Сондықтан

да, исламда: «Отанды сүю – иманнан» делінеді, дінге қызмет – елге

қызмет деп бағаланады. Осы жерде бір жайтқа ерекше тоқталған жөн.

Исламдағы «ғибадат» ұғымы бес парызды орындаумен шектелмейді.

Әрбір ізгі іс, жақсы сөз, дұрыс ниет, абзал дұға, көркем мінезді болу,

ғылым-білім үйрену және үйрету, адал еңбек ету, елге пайдаңды ти-

гізу, отанға қызмет ету, жамандықтан тыйылу, жақсылыққа жан салу

– бәрі-бәрі ғибадаттың түрлерінен саналады. Діннің рухани әлеуеті

мен шынайы мазмұны адамзат өміріне терең рухани мағына дарыта-

тын,  оны  өркениет  шыңына  жетелейтін  осындай  кең  өрісті

дүниетанымнан бастау алады. Осыны дұрыс ескермей, діннің тек

формалық жағына мән беріп, мазмұнын назардан тыс қалдыру – дін

туралы ұғымды шектеу, дін институтының аясын тарылту, оның

өміршеңдігін,  икемділігін  қолдан  құлдырату  болып  шығады.

Сондықтан  діннің  рухани  құндылықтары  мен  әлеуетін  дұрыс

бағалап, жете насихаттасақ, қоғамның рухани деңгейі де көтеріледі,

зайырлылығымыз да өміршең бола түседі.

– Әңгімені соңғы кездері жиі көтеріле бастаған дін мен дәстүр

бірлігі тақырыбына ойыстырсақ. Зайырлы мемлекет үшін бұл

тақырып несімен маңызды?

– Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт

діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Баршаға бел-

гілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп,

ажырамастай  болып  тамырласып  кетті.  Біздің  рухани

құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы

байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр

бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі.

Дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдардағы әлеуметтік-

саяси  қатынастарды  реттеуші  және  ішкі  саяси  үдерістерді

тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі. Бұл факторға Қазақстан

қоғамы ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық, соның ішінде, әсіресе,

тарихи тағдыры өзімізбен ортақ ТМД елдері баса назар аударуда.

Қазір  кеңестік  кезеңнен  кейінгі  кеңістікте  ел  тұтастығын  сақтау

мақсатында  дәстүрлі  құндылықтарды  жаңғыртудың  қарқынды

үдерісі  жүруде.  Осы  орайда  радикалды  діни  ағымдар

идеологиясының  ең  жағымсыз  ықпалы  дәстүрлі  рухани-діни

құндылықтарды ыдырату арқылы діни сананы өзгерту үдерісі болып

отырғанын атап айту қажет. Өйткені, кез келген жат ағым қоғамда

қалыптасқан құндылықтарды күйрету арқылы өзін орнықтыруға

ұмтылады. Ал бұл өз кезегінде дәстүрлі құндылықтармен бірге ішкі

тұрақтылықтың  әлсіреуіне  алып  келеді.  Сондықтан  ұлтты

қалыптастырған құндылықтарды қорғау елдің ішкі тұрақтылығы мен

мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табылады.



–  Демек,  дәстүрлі  құндылықтарды  жаңғырту  радикалды

идеологияның алдын алуға септеседі деуге негіз бар ғой?

– Әрине. Баршаға белгілі, елімізде діни радикализмнің алдын алудың

дәстүрлі әдістері тиісті деңгейде қолданылуда. Ал осы күрестегі

маңызды тетіктердің бірі – дін мен дәстүр үнқатысуы және оның же-

місі болып табылатын рухани құндылықтар әлеуеті әзірге толық иге-

рілген жоқ.Дәстүрлі құндылықтардың әлсіреп, рухани жұтаңданудың

күшеюі, діни сауаттың төмендігі радикалды идеологияның тара-

луына түрткі болатын басты факторға айналуда. Басқа халықтарға

тән дүниетанымды қазаққа таңу арқылы ұлттық дәстүрлерге деген

көзқарасты өзгерту, оның даналық ғибраты мен даралық сипатын

жоққа шығару, жат дүниетанымның көшірмесі етіп көрсету ради-

калды идеология өкілдерінің негізгі құралы болып отыр. Осындай

әрекеттер  арқылы  ұлттың  рухани-мәдени  қорғаныс  қабілетін

әлсіретіп, қолдан жасалған құндылықтарды орнықтыруға талпыныс

жасалуда.Радикалды ағымдардың басты шабуылы дін мен дәстүр бір-

лігіне,  сол  бірліктен  туындаған  дәстүрлі  рухани  құндылықтарға

бағытталып отыр. Сондықтан, радикалды идеологияның алдын алу

жұмыстарының  ең  белсендісі  әрі  ықпалдысы  дәстүрлі

құндылықтарды  жаңғырту  болмақ.  Бұл  орайда  ұлт  бойындағы

жоғалмаған рухани әлеуетті пайдалана білудің маңызы зор. Жан

тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы көрініс-тегі емес,

жүректегі иманды қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызға

оралу, оларды кеңінен насихаттау арқылы радикалды идеологияның

таралуына тосқауыл қоюға болады.



– Соңғы кездері қоғамда «дәстүрлі ислам» ұғымы жиі қолданыла

бастады.  Базбіреулер  бұл  ұғымның  дұрыстығына  күмәнмен

қарайды. Сіз қалай ойлайсыз?

– Әрине, таза ұғымдық тұрғыдан алғанда, «дәстүрлі ислам» деген

қолданыс тосындау естілуі мүмкін. «Ислам – бір ғана ислам, оның

«дәстүрлі», «дәстүрлі емесі» бола ма?» деген сауалдар қойылып жа-

тады.  Бірақ  бір  нәрсені  ескергеніміз  жөн:  ұғымды  жасайтын,

қолданатын, оның мағынасын кеңейтетін немесе тарылтатын өзіміз.

Әрбір қоғамның сұранысына орай жаңа ұғымдар туындап, бұрыннан

бар ұғымдардың қолданыс аясы кеңеюі немесе тарылуы мүмкін. 

Мысалы, күні кешеге дейін «миссионер» деген ұғымды біздер тек

батыстан келген христиан дінін таратушыларға ғана қолданып келдік.

Ал қазір бұл ұғымның аясы кеңіді. Өйткені, дінді насихаттаушы, та-

ратушы тұлғалардың қызмет ерекшелігінің ұқсастығына орай оларды

бір атаумен біріктіру және соның аясында барлық құқықтары мен

міндеткерліктерін белгілеу қажеттілігі туындады. Сондықтан қазір

«миссионер» сөзі әмбебап әрі заңдық ұғымға айналып, оған қатысты

заңнамалық  құжаттар  қалыптасты.Сол  секілді  «дәстүрлі  ислам»

ұғымы да бүгінгі қоғамның қажеттілігіне орай туындаған қолданыс

болып табылады. Ислам негіздеріне қатысты діни сенім барлық

жерде бірдей болғанымен, діни таным исламды қабылдаған әрбір

ұлттың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрімен  ұштаса  отырып,  түрліше

қалыптасады. Дін мен дәстүрдің кірігуі нәтижесінде исламның жер-

гілікті өмір сүру формасы пайда болады. Ғалымдар оны «дәстүрлі

қазақ  мұсылмандығы»,  «қазақ  мұсылмандық  мәдениеті»  секілді

түрліше ұғымдармен атауда. Осы ерекшелікті нақты бір атаумен бел-

гілеу үшін соңғы жылдары «дәстүрлі ислам» деген жинақы әрі бір-

текті ұғым қолданысқа ене бастады. Яғни, бұл «дәстүрмен астаса

отырып қалыптасқан, дәстүрлі арнада дамыған, шетін көзқарастарды

қабылдамайтын шынайы ислам» деген ұғымды білдіреді.



– Жауабыңыз өте ұғынықты шықты. Соңғы сауал: барша дін-

дерге  ортақ  рухани  аңсар-мұрат  ретінде  нені  айтар  едіңіз?

Жалпы, ел болып еңсерер қандай қажетті қадамдар бар?

– Адамзат қоғамы өзінің бүкіл даму барысында рухани кемелденуді

мақсат тұтты. Сондықтан, «кемел адам» идеалы барлық қоғамға,

барлық дінге тән. Өйткені, рухани тұрғыдан кемелденген адам дін

тұрғысынан алсақ, күнәдан, заң тұрғысынан алсақ, қылмыстан аулақ

болады,  ол  ең  ізгі  адамгершілік  мұраттарды  көздейді,  адамзат

қоғамы¬ның ортақ игілігіне, жоғары руханиятқа қызмет етеді.

Осы  орайда  мен  діни  бірлестіктерді  барлық  діндерге,  ұлттарға,

жалпы  адамзатқа  ортақ  рухани  құндылықтарды  жан-жақты

насихаттауға шақырар едім. Сонымен қатар, «Заманына қарай –

амалы»  демекші,  әрбір  уағыз-насихатты,  ақыл-кеңесті  бүгінгі

қоғамның ерекшеліктерін, даму деңгейін ескере отырып жеткізу

қажеттігін  айрықша  назарға  алған  жөн.  «Дінде  осылай,  соны

істемесең болмайды» деген үзілді-кесілді тыйымдар бір жағынан

пікір қайшылығына, көзқарастар қақтығысына итермелесе, екінші

жағынан, діннен алыстатады. Бүгінгі қоғамның деңгейін, талабын,

сұранысын ескеріп, діннің формалық жағымен қатар, мазмұндық

жағына да баса мән беретін кез жетті. Отбасы институты тұрғысынан

алғанда, өскелең буынның рухани тәрбиесі әйел-аналарға тәуелді.

Дәстүрлі рухани құндылықтарды қашанда ұрпақтан ұрпаққа әйел-

аналар жеткізіп отырған. Сондықтан да, атамыз қазақ: «Ұлтыңды

тәрбиелеймін  десең,  қызыңды  тәрбиеле»,  деген  ұлағатты  сөз

қалдырған. Бүгін де әйел-аналар тәрбие ісінің алдыңғы сапында.

Әркім өз отбасының тәрбиесін түзеп, ғасырлар сынынан өткен ата

дәстүрді,  қастерлі  құндылықтарды  ұрпағына  сіңіре  білсе,  бүкіл

қоғамның тәрбиесі түзелмек.Ал бүгінгі жастар алдында айтары бар

аға буын, берері мол қазыналы қарттары бар бақытты ұрпақ екенін

сезініп, кешегі «елім» деп еңіреп өткен ұлт зиялылары қалдырған мол

мұрадан тәлім ала білсе, рухани ізденістерінде ұлттық бағдардан

жаңылмас еді.



– Тобықтай түйініңіз.

–  Біз  сеніммен  айта  алатын  бір  нәрсе  бар  –  елімізде  орныққан

дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани

құндылықтарын  ұлықтауы  мен  мемлекеттің  дін  саласындағы

салиқалы  саясатының  жемісі.  Осы  жетістікті  тұғырландырып,

мызғымастай берік етуді ұлы мақсатқа айналдыра білсек, өткеннің

алдындағы  қарызымыз  бен  келешек  алдындағы  парызымыз  сол

мақсатты жүзеге асыру арқылы орындалмақ.



– Әңгімеңізге рахмет. 

Әңгімелескен Самат МҰСА,«Егемен Қазақстан».

2 тамыз 2014 жыл

4

Жарты жылда жеткен жетістіктер жетерлік



Аудан прокуратурасымен есепті мерзімде қадағалау жұмысы ҚР Бас прокуратурасының, облыс

прокуратурасының тапсырмалары, алқа отырыстары мен жедел кеңестер хаттамаларын және де

құрылған  жоспар  талаптарын  орындау  негізінде  жүзеге

асырылды. Жергілікті аумақтағы заңдылықты нығайтуға

бағытталған    аудан  прокуратурасының  жүргізген

жұмысының  қорытындысы  бойынша  төмендегі

көрсеткіштерге қол жеткізілді. Әлеуметтік-экономикалық

саладағы заңдылықты қадағалау бойынша Конституциялық

құрылысты  күшпен  өзгерту,  мемлекет  тұтастығын  бұзу

және қатігездік пен зорлыққа, анайлыққа табынуды наси-

хаттау  мен  үгіттеу  тәрізді  мәліметтер  БАҚ  бетінде

жарияланбаған. Сондай-ақ ҚР «Қоғамдық бірлестіктер ту-

ралы»  Заңның  талаптарын  бұзуға  бағытталған

заңбұзушылық деректері болған жоқ.

Аудан көлtмінде саяси партиялардан «Нұр-Отан» пар-

тиясы қоғамдық бірлестігінің Жаңаарқа аудандық филиалы,

«Жас  Отан»  жастар  қанаты  жұмыс  жасайды.  Аудан

прокуратурасының  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  фи-

лиалы  арасында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес

саласындағы  ынтымақтастық  пен  тығыз  қарым-

қатынастарды  қамтамасыз  ету,  осы  көріністерге  қарсы

әрекет етуге бірлескен шараларды үйлестіру мақсатында меморандумға қол қойылған.  Саяси партия

және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдерімен аудан көлемінде Елбасы және мемлекет саясатына

қарсы мағынадағы үнпарақ тарату немесе қол жинау деректері орын алған жоқ.

Мемлекеттің саясатына қарсы жиын-шерулер және т.б. шаралар өткізу дерегі болмаған. Аудан про-

куратурасы тарапынан 2013 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылдың 1-ші тоқсаны бойынша

жол берілген кемшіліктер Бас Прокуратураның және облыс прокуратурасының алқа және жедел

кеңестерінің хаттамаларын назарға ала отырып, есептік мерзім ішінде бірқатар жұмыстар атқарылды.    

Атап айтқанда, айыппұлдарды  уақытылы өндіру заңдылығы  аудан прокуратурасының үнемі

бақылауында. Талдау  қорытындысымен анықталғандай, негізінде аудан бойынша мемлекеттік ор-

гандармен салынған айыппұлдар дер кезінде өндірілуде немесе мәжбүрлеп өндірілуге жолдануда.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы тарапынан аудан

прокуратурасына мемлекет бюджетін толықтыруға және  жасөспірімдердің құқықтарын қорғауға

байланысты қадағалау жұмыстарын жандандыру тапсырылған болатын. Сондықтанда, ағымдағы

жылы аудан прокуратурасы тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып, тиісті шаралар

қолданумен 57 жасөспірімдердің құқықтары, оның ішінде 23 кәмелеттік жасқа толмаған жетім

балалардың конституциялық құқықтары қорғалды. Сонымен бірге прокурорлық пайымдау актілері

бойынша мемлекет пайдасына 26 757 005 /өткен жылы 1 310 000 тенге/ теңге және  864 267 /0/ тенгеге

айыппұлдар өндірілді.  Жаңаарқа аудан прокуратурасымен 2013 жылы және 2014 жылдың 2 айында

жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау және олармен құқық бұзушылық жасау деректерін алдын алу

мақсатында, аудандық білім бөлімінде, аудандық әкімдікте және аудандық ішкі істер бөлімінде тек-

серіс  жүргізіліп,  аталған  салаға  қатысты  анықталған  заң  бұзушылықтар  бойынша,  Жаңаарқа

аудандық білім бөліміне, аудандық әкімдікке және аудандық ішкі істер бөліміне заң бұзушылықты

жою туралы ұсыныстар келтіріліп заң бұзушылықтар жойылды. 

Нәтижесінде, заң бұзушылықтарға жол берген 11 тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Сондай-ақ, Жаңаарқа аудандық прокуратурасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді

бөлу барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге деген

құқықтарының сақталуына тексеріс жүргізілді.   «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы

туралы»  Заңның  /Бұдан  әрі  балалар  құқығы  туралы  Заң/  14-ші  бабына  сәйкес,  әрбiр  баланың

Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар. Бала құқығы ту-

ралы Заңның 29 бабының 5-ші тармағына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн

айрылған  жетiм  балаларға  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  Қазақстан

Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын

үй берілуі тиіс. Дегенмен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың

заңды  өкілдерінің  әрекетсіздігі  салдарынан  тұрғын  үйге  мұқтаж  жетім  және  ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге деген конституциялық құқықтары бұзылған. 

Атап айтқанда, тексеріс барысында Жаңаарқа ауданы бойынша қазіргі таңда  жетім және ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған баспанаға мұқтаж 33 балалар осы күнге дейін тұрғын үй тізіміне

алынбағаны анықталды. Сол себепті, аудан прокуратурасы тарапынан  Жаңаарқа аудан әкімнің атына

заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде, тұрғын үй тізіміне тіркелмеген 33

баланың 23-і қазіргі таңда тұрғын үй тізіміне тіркеліп, олардың тұрғын үйге деген конституциялық

құқықтары қорғалды. Қалған 10 баланы тұрғын үй тізіміне тіркеуге байланысты шаралар одан әрі

жалғасуда. Сонымен қатар, салық басқармасында салық төлемдерінің төлену заңдылығын тексеріс

жүргізіліп,  анықталған  заң  бұзушылықтар  бойынша  ұсыныс  енгізілген,  нәтижесінде  жоғарыда

көрсетілгендей бюджетке  26 757 005 теңге өндіріліп, осы салаға жауапты салық қызметі органының

1 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Бұдан басқа, кәсіпкерлік құқығын қорғау

және аталған сала бойынша заңдылықтың сақталуы аудан прокуратурасының басты назарында.

Қазіргі  таңда  аталған  сала  бойынша  аудан  прокуратурасы  тарапынан  бір  қатар  тексерістер

ұйымдастырылып  жүргізілуде.Сондай-ақ,  аудан  прокуратурасында  кәсіпкерлік  құқығын  қорғау

мәселесіне қатысты құрылған мобильдік топ өз жұмысын жүзеге асыруда, 2014 жылдың өткен мер-

зімінде 2 мәрте аудан бойынша бұқаралық ақпарат құралы «Жаңаарқа» газеті арқылы жергілікті

халыққа  мобильдік  топтың  жұмыс  атқарып  жатқандығы  туралы  жарияланған.  Сонымен  бірге,

Қазақстан Республикасы Президентімен орта және шағын бизнес субъектілерін тексеруге тыйым

салынғандығы жайлы мақала аудандық  бұқаралық ақпарат құралы «Жаңаарқа» газетінде жарық

көрді.  Жалпы, 2013 жылдың 6 айында жалпы қадағалау саласына аса көңіл бөлініп аудан прокура-

турасымен 24 (16) тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 182 (224) заң бұзушылық деректері анықталып,

олардың 150 (156) жойылды, яғни аудан прокуратурасымен мақсатты көрсеткішке /анықталған заң

бұзушылықтардың жойылуы 81% аз болмауы қажет/  82.4% (2013 жылы - 69.6%)  қол жеткізді.  42(0)

наразылық негізінде заңға қайшы 42 (0) актілер бұзылды, оның ішінде аудан әкімдігінің 2 актісі

болған. Мемлекеттік органдарға 22 (14) ұсыныстар енгізіліп, 46 (13) лауазым иесі тәртіптік жауап-

кершілікке тартылса, 14 (0) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 57 (0) кәмелетке толмаған

жасөспірімдердің және 6 (0) азаматтардың бұзылған құқықтары қорғалды, оның ішінде 25 жетім

балалардың конституциялық құқықтары қорғалды.  Прокурорлық пайымдау актілері бойынша мем-

лекет пайдасына  26 757 005 /өткен жылы 1 310 000 тенге/ теңге және 864 267 /2013 - 0/ теңгеге

айыппұлдар  өндірілді.  Аудан прокуратурасымен көкейкесті саналатын басты бағыттар бойынша

да нәтижелі тексерістер жүргізілді. Мәселен, мүліктерді тіркеуге байланысты 1 тексеріс жүргізіліп,

аудан прокурорының ұсынысы негізінде 1 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ,

жергілікті бюджеттің мақсатты жұмсалуына қатысты 1 тексеріс жүргізіліп, наразылық арқылы аудан

әкімінің 1 қаулысы бұзылды және аталған сала бойынша 1 заң бұзушылықты жою туралы 1 ұсыныс

еңгізілді.  Әлеуметтік  сала  бойынша  жүргізілген  тексеріс  қорытындысы  бойынша,  еңбек

қатынастарына қатысты жол берілген заң бұзушылықтарды жою туралы аудандық білім бөліміне

келтірілген 1 наразылық қанағаттандырылып, 1 мұғалімнің құқығы қорғалды. 

Мемлекеттік сатып алулар бойынша 1 тексеріс жүргізілген, нәтижесінде  2 заң бұзушылықтар

анықталып, оның 1-уі жойылған 3 кінәлі жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Тұрғын  үй  қатынастарына  қатысты  3  тексеріс  жүргізіліп,  нәтижесінде  аудан  әкімдігіне  3  заң

бұзушылықты жою туралы ұсыныс келтірілген, анықталған 24 заң бұзушылықтардың 22-і жойылған

3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.  Денсаулық сақтау саласы бойынша 1

тексеріс жүргізіліп, 4 заң бұзушылықтар анықталған, оның 3-уі жойылған және 2 жауапты тұлғалар

тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Басқа да заңнамалардың қолданысына жалпы 9 /5/ тексеріс

жүргізіліп, аудан прокурорының ұсынысы негізінде анықталған 6 /4/ заң бұзушылық деректерінің

23 /43/ жойылып, 6 /3/ тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылса, 14 /0/ тұлға әкімшілік жауап-

кершіліктерге  тартылған.    Әкімшілік  өндірісте  прокурорлық  қадағалау  саласы  бойынша  аудан

прокуратурасының  40  наразылықтары  қанағаттандырылған.  Алдын-ала  тергеу  және  анықтау

заңдылығына қадағалау саласы.  Есепке алу- тіркеу тәртібін қадағалауды нығайту мақсатында, өткен

мерзімде аудан прокуратурасымен есептен жасырылған 5 қылмыс дерегі анықталып, қылмыстық

істер қозғалды. 

Ағымдағы  жылы  тергеу  заңдылығына  қатысты  жалпы  14  заң  бұзушылықты  жою  туралы

прокурорлық пайымдау актілері еңгізіліп,  9 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершіліктерге тар-

тылды, бұл орайда қаралған актілердің жүйелілігі 64,2 пайызды құрады. Қылмыстық істер бойынша

31  нұсқаулар  беріліп,  орындалған.  Қылмыстық  істерді  тоқтату  немесе  қысқарту  шешімдерінің

заңдылығын тексеру аудан прокуратурасымен назардан тыс қалдырылған жоқ. Ағымдағы жылдың

6 ай мерзімі ішінде 3 қылмыстық істерді тоқтату қаулылары бұзылған және де 1 қылмыстық істі

қысқарту  туралы  бұзылған  шешім  нәтижесімен  қылмыстық  іс  сот  қарауына

жолданылған.Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығына қадағалау саласы бо-

йынша.  Жаңаарқа аудан прокуратурасымен 2014 жылдың 6 айында Жаңаарқа аудандық соттарымен

қаралған қылмыстық істерге жаза тағайындау тәжірибесі жөнінде талдау жасалды. Жалпы, 2014

жылдың  6 айында аудандық сотпен барлығы 26 тұлғаға қатысты 21 қылмыстық іс қаралған, бұның

ішінде үкім шығарумен 6 іс қаралған атаулы үкімнің барлығы заңды күштеріне еңген.   Негізінен

істер ҚР-сы ҚК-нің 67 бабының негізінде, жақтардың  татуласуына, жәбірленушіге келтірілген

зиянның  есесін  толтыруға  байланысты  қысқартылып,  сотталушылар  қылмыстық  жауаптардан

босатылған. Талдау мерзімінде аудандық сотпен қайта тергеу амалдарын ұйымдастыруға қылмыстық

істер жолданбаған, ақтау үкімі шығарылмаған және ақтайтын негізде қылмыстық істер қысқартылған

жоқ.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің тиісті баптары бойынша қаралған істер келесідей көрініс

тапқан:


-ҚК-тің 175 бабымен -  17 іс /21 тұлғаға

- ҚК-тің 177- 1 іс/1 тұлғаға

-ҚК-тің 103 бабымен 2 іс/2 тұлғаға

- ҚК-тің 288 бабымен 1 іс/2 тұлғаға

Сот процессіне қатысушы прокурорлар істерді қарау барысында сотталушылардың әрекетіне дұрыс

заңдық баға беріп, сот алдында оларға жазаны заң талаптары бойынша тағайындауды ұсынады. Про-

куратура тарапынан осы қаралған қылмыстық істер бойынша наразылықтар еңгізілмеген. 

Талдау мерзімінде қылмыстық істерді созбалаңдыққа салып 3,6,9 айдан асып қарау деректері

болмаған. Сонымен қатар, көрсетілген мерзімде қасақана адам өлтіру қылмыстарына, экстремизм

мен терроризмге байланысты қылмыстары, адамдарды сатуға байланысты қылмыстар, ұйымдасқан

қылмыстық топпен жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар, құқық

қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерімен жасалынған қылмыстар, есірткі құралдарының,

психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар аудандық сотпен қаралмаған.

Әрбір сотталушының қылмыстық әрекеттерінің ерекшелігіне сай, олардың қылмыстық жауапкер-

шілігін ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар ескеріле отырып жаза тағайындалған.

Жалпы,  аудандық  сотта  мемлекеттік  айыпты  қолдау  барысында  қылмыстық  жаза  тағайындау

тәжірибесінің біркелкі қолданылуына аудандық прокуратураның қызметкерлері тарапынан ықпал

жасалынуда. Сотпен сапасыз тергеуге қатысты немесе мемлекеттік айыптауды қолдау барысында

жол  берген  кемшіліктерге  сай  жеке  қаулылар  шығарылған  жоқ.  Азаматтық  істер  бойынша  сот

актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалау саласы. 2014 жылдың 6 айында  аудандық сотпен

шешім шығару арқылы міндетті санатқа жататын 12 /26/  азаматтық іс қаралып, 10 /25/ талап-арыз

қанағаттандырылса, 2 /1/ талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл істердің барлығына про-

курор қатысқан. Мемлекет мүддесін қамтитын 8 /9/ іс қаралған, бұл бойынша талап арыз   толық

қанағаттандырылған.  

2013 жылдың 12 айында аудандық сотпен міндетті санатқа жататын 1 азаматтық іс бойынша аудан

прокуратурасымен  Қарағанды  облысы  апелляциялық  сот  алқасына  наразылық  енгізіліп,

прокурордың наразылығы жартылай қанағаттандырылған.Атап айтсақ, талапкер М.К.Хасенов жау-

апкер «Жаңаарқа ауданының білім беру және дене шынықтыру спорт бөлімі» жұмысқа қайта орна-

ластыру жөніндегі талап арыз бойынша 1 азаматтық іс қаралып, 24 желтоқсан 2013 жылғы Жаңаарқа

аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылған. Аталған істі қарау барысында жол

берілген заң бұзушылықтар анықталуына байланысты, аудан прокуратурасымен Қарағанды облысы

апелляциялық сот алқасына наразылық еңгізіліп, апелляциялық соттың 29 сәуір 2014 жылғы №2а-

2079 санды қаулысымен прокурордың наразылығы жартылай  қанағаттандырылған, яғни, наразылық

тиімділігі 100 пайызды құраған. 

Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалау саласы бойынша.  2014 жылдың 6

айында жалпы аудандық сотта  329 / 320/ адамға қатысты 329 /320/ әкімшілік іс қаралған. Оның

ішінде ҚР ӘҚБК-нің  79-5 бабының 1-2 бөлімдері, 330б. 1б., 336 б. 3 б., 354 б. 2б., 355 б.2 б., 355-

1б., 320б. 1б., 283-1б. 2б., 394б. 524б., 79-3 б.,  368 б.1б. және ҚР ӘҚБК-нің 27 тарауы бойынша

қаралған. Аталған істер бойынша, 24 /43/ адамға қатысты іс қысқартылған, 124 /124/ адамға айыппұл

салынса, 147 /170/  адамға қатысты қамау шарасы қолданылған. Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 27 та-

рауы бойынша 34 /48/ әкімшілік іс қаралып, 34 тұлғаға қатысы арнайы көлік жүргізу құқығынан

айыру жазасы қолданылған. Ағымдағы жылы 23 әкімшілік іс жақтардың татуласуына байланысты

қысқартылса,  1  әкімшілік  іс  әкімшілік  құқық  бұзушылық  құрамының  болмауына  байланысты

қысқартылған. 

Әкімшілік істің қысқаруына жол берген кінәлі лауазым иелеріне қатысты аудан прокуратурасымен

1 тәртіптік өндіріс ісі қозғалып, нәтижесімен Жаңаарқа аудандық ішкі істер бөлімі бастығының

бұйрығымен  Жаңаарқа  ауданы  ІІБ-нің  3  лауазымды  тұлғалары  тәртіптік  жауапкершіліктерге

тартылған. Әкімшілік істерді соттармен қарау барысында заңбұзушылықтарға жол берілмегендіктен,

аудан прокуратурасы тарапынан соттың қаулыларына наразылықтар еңгізілген жоқ. Атқарушылық

өндіріс заңдылығына прокурорлық қадағалау саласы бойынша, 2014 жылдың 6 айында Жаңаарқа

аумақтық сот орындаушыларында 10 /8/ тексеріс өткізілген. Тексеріс нәтижесінде 7 /19/ ұйғарым, 4

/4/ ұсыныс, 3 /5/ наразылық еңгізіліп, прокурорлық пайымдау шараларының негізінде жалпы  2 597

830  /958  862/  теңге  өндірілген,  оның  ішінде  мемлекет  пайдасына  1  804  930      /478  110/    теңге

өндірілген, сонымен қатар, прокурорлық пайымдау актілері негізінде 33 /19/ атқару өндірісі нақты

орындалды. Сондай-ақ, Жаңаарқа аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушылары та-

рапынан „Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы“  Заңының талап-

тарын бұзғаны үшін,  аудан прокуратурасымен тәртіптік өндіріс ісі қозалып,  нәтижесімен Жаңаарқа

аумақтық  бөлімнің  қызметкерлеріне  Қарағанды  облысы  сот  актілерін  орындау  Департаменті

басшысының бұйрығымен „Қызметтігіне сай емес“ тәртіптік жазасы қолданылды.  

Азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары прокурорлық

қызметтің  басты  бағыттарының  бірі  болып  саналады.  Аудандық  прокуратурамен  74  (65)

азаматтардың өтініштері қаралып, оның 40 (41) шешілді. Өтініштерді қанағаттандырусыз қалдыру

биылғы жылы 0 (8), заңды түсіндіру 40 (33). Өтініштердің басым көпшілігі мал ұрлығы, өздерінің

атынан бөтендердің заңсыз несие алуы, жол-көлік оқиғасына байланысты  және еңбек, әкімшілік жа-

уапкершілік, тұрғын үй, жер қатынастары туралы заңнамалардың қолданылуына қатысты.

Есептік мерзімде 2(0) заңды тұлғалардың өтініштері қаралған. Аудандық прокуратурамен азамат-

тарды қабылдау және олардың өтініштерін дұрыс, уақытылы шешу мәселесі бойынша прокурорлық

қадағалаудың мән-жайы жедел және аппараттық кеңесінде қаралып, нақты шешімдер қабылданады.

Аудан прокурорының жеке қабылдауында 56 (51) азаматтар болған. Прокуратура органдарының

имидждік  бағдарламасын  орындауда  прокуратураның  жауапты  қызметкерлерімен  70  (70)  рет

қолданыстағы заңдар насихатталған, оның ішінде 11 (6) бұқаралық ақпарат құралдарында /БАҚ/

мақалалар жарияланса, веб-сайтқа 4 (0)  мақала жарияланған. Мемлекеттік мекемелерде 55 (64)

дәрістер оқылды. Жаңаарқа ауданы көлемінде қоғамдық серпіліс тудыратын немесе көп тұлғалардың

құқықтарына  қатысты  аудандық  сотпен  қаралған  қылмыстық  істер,  жүргізілген  тексеріс

қорытындысы туралы БАҚ-ның беттерінде жарияланып тұрады.Жалпы, Жаңаарқа аудандық проку-

ратурасы тарапынан прокурорлық қадағалаудың барлық саласы бойынша қажетті жұмыстар одан

әрі  де  өзінің  жалғасын  табатын  болады.  Сондықтанда,  алдағы  кезеңдерде  сапалы  әрі  жүйелі

прокурорлық қадағалау жұмыстарын жүзеге асырамыз деген сенімді пікір білдіргім келеді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет