Кәсіпкерлік қатынастарды монополияға қарсы реттеу. Тексерген: Асқарбекқызы Айнур



бет1/3
Дата17.04.2023
өлшемі11,37 Kb.
#83407
  1   2   3
Байланысты:
Кәсіпкерлік қатынастарды монополияға қарсы реттеу-melimde.com


Кәсіпкерлік қатынастарды монополияға қарсы реттеу

Кәсіпкерлік қатынастарды монополияға қарсы реттеу.

Тексерген:Асқарбекқызы Айнур

Орындаған:Жеңісбек Нәсіп

Монополиялық қызмет дегеніміз, заң актілеріне қайшы келетін, бәсекелестікті шектеуге, болдырмауға бағытталған, тұтынушылардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, рынок субъектілері мен мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын әрекеттер.

Монополиялық қызмет заңға қайшы және зиянды әрекет болып табылады. Өйткені ол экономикалық қатынастардың дұрыс бағытта дамуына, тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасының артуына кедергі келтіреді.

Бәсекелестік дегеніміз, әрбір субъектінің тауар айналымына біржақты әсер ету мүмкіндігін шектейтін, тұтынушыға қажет тауарлардың (қызмет көрсетулердің) өндірілуіне ықпал ететін рынок субъектілерінің жарыспалылығы.

Монополиялық қызметпен айналысуға субъектінің рыноктағы үстем жағдайы ықпал етуі мүмкін. Үстем жағдай дегеніміз, рыноктағы бәсекелестіктің дамуына, басқа субъектілердің рынокқа енуіне кедергі келтіретін, тауар рыногындағы субъектінің ерекше жағдайы. Субъектінің тауар рыногындағы үлесі антимонополиялық орган жыл сайын белгілейтін шектен жоғары болса, ол басым жағдайға ие деп есептеледі. 15 пайыздан төмен үлеске ие тұлғаның жағдайы үстем деп танылмайды. Рыноктағы 3 субъектінің үлестерінің жиынтығы 50 пайыздан асса, 3 субъектінің үлесі 70 пайыздан асса олар да басым жағдайға ие деп танылады және арнайы реестрге енгізіледі. Олар арнайы бақылауда болып, өз акцияларын сатқандығы, тауар өндірісі жөнінде мәлімет тапсырады.

Монополиялық қызмет мынадай нысандарда болады:



  • монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу;

  • шарттағы әріптесті шарт жағдайларын қабылдауға мәжбүрлеу, басқа әріптестерге қарағанда тиімсіз жағдайға қалдыру;

  • бағаны жоғарылату, тауар тапшылығын қалыптастыру мақсаттарында

  • тауарды айналымнан алып тастау;

  • басқа субъектілердің рынокқа енуіне кедергі келтіру;

  • баға белгілеу тәртібін бұзу;

  • сұранысқа ие тауарлардың өндірісін негізсіз шектеу немесе тоқтату.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет