Арнайы педагогиканың пәні, объектісі, мақсаты, міндеттері Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдық бір бөлігі, оның бір тармағы болып саналады. Біздің елде «арнайы педагогика»



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі15,23 Kb.
#50934
  1   2
Байланысты:
специальная педагогика


Арнайы педагогиканың пәні, объектісі, мақсаты, міндеттері
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдық бір бөлігі, оның бір тармағы болып саналады. Біздің елде «арнайы педагогика» ұғымының синонимы болып «түзету педагогикасы» немесе «дефектология» ұғымдары саналады. Халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде жалпы қабылданған ұғымдар болып «арнайы педагогика», «арнайы білім беру» саналады.
Арнайы педагогика - қазіргі мәдениетпен белгіленетін, әдеттегі педагогикалық жағдайларда, жалпы педагогикалық әдістер мен құралдар көмегімен білім алуы қиындатылған немесе мүлдем мүмкін еместігіне байланысты физикалық (дене) және психикалық дамуында ауытқулары бар адамдарға арнайы (ерекше) білім берудің теориясы мен тәжірибесі.
Арнайы педагогика пәні болып арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесі саналады.
Арнайы білім беру жүйесінде көрсетілетін педагогикалық көмек пен зерттеу субьектісі болып, денсаулығы мен өмір сүру іс-әрекетінің мүмкіндіктері шектеулі, соның нәтижесінде ерекше білім беруді қажет ететін адам саналады.
Арнайы педагогика мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі баламен, әлеуметтенудің және өзін жүзеге асырудың алғы шартының жоғары сапасы ретінде, барынша мүмкін дербестікке және тәуелсіз өмір сүруге жетуі. Аталмыш мақсатқа жету үшін арнайы педагогика келесі міндеттер жүйесін шешеді:

  1. Тіршілік ету мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар категориясының педагогикалық жіктелуін негіздеу мен белгілеу.

  2. Тіршілік ету мүмкіндіктері шектелген жағдайда тұлға дамуының педагогикалық заңдылықтарын зерттеу.

  3. Бұзылыстың құрылымы мен оның білінуінің әлеуметтік-тұлғалық жағдайларымен сәйкес нақты бұзылысы бар нақты адамның коррекциялық (түзету) және компенсаторлық (орнын толықтыру) мүмкіндіктерін белгілеу.

  4. Арнайы білім беру заңдылықтарын, қазіргі таңдағы мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім берудің педагогикалық жүйелерін зерттеу, жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуы мен дамуын болжау. 5. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін, принциптерін, әдістерін, технологияларын, арнайы білім беруді ұйымдастыру жағдайларын әзірлеу.

  5. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуына, түзетуіне, компенсациясына (орнын толықтыруға) бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

  6. Адамның өмірлік циклінің әртүрлі сатыларында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік және ортаға бейімделуінің, абилитациясының (ерте жаста оңалту) және реабилитациясының (оңалту), интеграциясының (біріктіру) үдерістерін зерттеу мен жүзеге асыру.

  7. Еңбек ету қабілеті шектелген тұлғаларды кәсіби бағдарлау, кәсіби кеңес беру, кәсіби даярлау, әлеуметтік еңбекке бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.

  8. Тіршілік ету мүмкіндіктері шектеулі және жалпы қабылданған әлеуметтік-мәдени стандартының шеңберінен шығатын адамдарға қатысты, барлық проблемалар (мәселелер) бойынша әлеуметтік педагогикамен өзара әрекеттестігі.

  9. Білім беру мен әлеуметтік-мәдени саласындағы интеграция (біріктіру) концепциясын әзірлеуде және жүзеге асыруда жалпы педагогикамен өзара әрекеттестігі.

  10. Даму бұзылыстарының пайда болуының алдын алу механизмдерін және педагогикалық құралдарын зерттеу, әзірлеу және жүзеге асыру.

  11. Денсаулығы мен тіршілік ету мүмкіндіктері шектеулі балалары бар атааналардың психологиялық-педагогикалық даярлауын жүзеге асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет