Кәсіпкерлік: Бизнесті ашу Негіздері



Pdf көрінісі
бет5/54
Дата05.11.2022
өлшемі2,1 Mb.
#47643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
 
Бизнесті бастау негізі: 
 
Мысал: 


Кәсіпкерлік: Бизнесті бастау-Негіздер, сәуір2013 ж. 
Крис Нгуен 
CMN CONSULTING 

Қ
алада Айгүл есімді бір әйел тұрады. Оның тігін машинасы бар, ол өзінің тігін 
бизнесін бастағысы келеді. Ол қандай киім тігу керек екен шеше алмай жүр.
Сондықтан қала бойынша тігін шеберханаларын аралап, сатушылардан қандай киім 
тігіп жатқандарын, қандай киім сатылатынын және қандай баға қоятынын сұрап 
білді. Қаланың тігін шеберханаларын аралап жүріп,ешқандай шеберханалардың 
мектеп формасын тікпейтінін және сатпайтын біліп, өз ісін осыдан бастауға 
тоқтады. Басқаларына қарағанда ол сондай сапада немесе одан да жақсы сапада 
мектеп формасын сатуға болады деп есептейді.
Бұл істі үйренбегендіктен және шығынды азайту үшін тігін бизнесімен өз пәтерінде 
айналысуды шешті. Ол мектеп формаларының бірнеше үлгісін тігіп, қайда барса да, 
мысалы,балаларын мектепке апарып, мектептен алып қайтқанда, базардан материал
сатып алғанда, ата-аналар жиналысына барғанда өзімен бірге алып жүрді. Ол 
отбасы мен достарына өзінің қандай
іспен айналысатыны туралы айтты, мектеп және қоғамдық ғимараттардың 
хабарлама тақтайшаларына жарнамалық парақшалар ілді. 
Практикалық тапсырма: 
Айгүл не сатқысы келді ?________________________________________________ 
Оның өнімдерін кім сатып алады? _______________________________________ 
Айгүл өз өнімдерін қайда сататын болады? ______________________________ 
Бағасы қандай болуы керек? ____________________________________________ 
Ө
з өніміне дұрыс баға қоюды Айгүл қалай біледі?
________________________________________________________________________ 
Адамдар оның бизнесі туралы қалай біледі?
________________________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет