Кәсіпкерлік: Бизнесті ашу Негіздері



Pdf көрінісі
бет31/54
Дата05.11.2022
өлшемі2,1 Mb.
#47643
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Байланысты:
2 5204136259663955800

Барлық капитал 19 000 

Жалпы пассивтер және жеке 
капитал $ 37 000 
 
Теңгерім негізгі теңгерімдік теңестіруге сәйкес жасалады: 
 
Активтер = Пассивтер + Капитал 
Егер актив қолма-қол ақшаға бір жыл ішінде айналдырылса, ол ағымдағы болып 
есептеледі. Әдетте активтер дебиторлық қарыз және материалдық қорларды қосады. 
Ағымдағы болып есептелмейтін активтер айналымсыз болып табылады. Ағымдағы 
активтер олардың өтімділік тәртібінде көрсетіледі. Өтімділік қолма қол ақшаға 
айырбастау мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, пассивтер ағымдағы және 
мерзімі ұзартылған болып жіктеледі. 
Ағымдағы пассивтер – бір жыл ішінде төленуге болжанатын пассивтер. Барлық басқа 
пассивтер мерзімі ұзартылған пасссивтер болып жіктеледі. 
Осы қаржы есептемесінің «теңгерім» болып аталуының негізгі себебі – активтер 
ә
рдайым сіздің пассивтеріңіз және жеке капиталдарыңызға теңбе тең келеді. Бұл екі 
жақты жазба әдісі бойынша бухгалтерлік есеп болып аталады және кез келген 
кәсіпорында дерлік үлгідегі болып табылады. Екі жақты жазба әдісі бойынша 
бухгалтерлік есеп жүргізудің себебі мәміленің тиісті түрде тіркелгендігіне көз жеткізу 
ү
шін тексерілетін есеп беру стандарты болып табылады. Мысалы, ең бірінші сіздің 
сатып алатын затыңыз жұмыс үстелі болсын. Сізде «Кеңсеге арналған жабдық» 
активі бар.
Егер сіз қолма-қол ақшамен төлеген болсаңыз, сізде пассивтер жоқ, сондықтан осы 
ү
стелге сіздің үлесіңіз сіздің капиталыңыз болып табылады (бухгалтерлік есеп 
тіркелімінің екінші жағында). 


Кәсіпкерлік: Бизнесті бастау-Негіздер, сәуір2013 ж. 
Крис Нгуен 
CMN CONSULTING 
38 
Осыған ұқсас, басқа мәмілелер активтердің ұзартылуына не/немесе пассивтер мен 
капиталдың ұлғаюына әкеледі. Мысалы, біз келтірген теңгерім мысалына қарап 
отырсақ, ағымдағы пассивтер бөлімінде (көп өтімдіден аз өтімдіге), бірінші кезекте 
несиегерлік берекшек көрсетілді.
Одан кейін табыс салығы және айналым салығына жататын, келесі ай немесе екі ай 
ішінде төлемге жатпауы да мүмкін «жиынтықталған міндеттемелер» тараулары 
кетеді. 
Сонымен қатар, ағымдағы пассивтермен бір жыл ішінде төленуге жататын қарыз 
түсіндіріледі. Сондықтан жабдыққа төленетін ағымдағы 12 ай төлемдері ағымдағы 
пассивтер болып табылады. Осыған орай, ағымдағы қаржы жылынан кейін төленуге 
жататын ұзақ мерзімді қарыз бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет