)Пайданың төмендеу тәуекелі – инвестициялық қоржын, салымдар және несиелер бойынша пайыздар мен дивидендтер мөлшерінің төмендеу салдарынан пайда болады. Ол пайыздық тәуекелдік және несиелік тәуекелді
2)Пайданың төмендеу тәуекелі – инвестициялық қоржын, салымдар және несиелер бойынша пайыздар мен дивидендтер мөлшерінің төмендеу салдарынан пайда болады. Ол пайыздық тәуекелдік және несиелік тәуекелдік деп екіге бөлінеді:

Пайыздық тәуекел – активтер балансының және пайыздық ставканың өзгеруіне әсер еткіш компания міндеттерінің сәйкес болмауынан туындайды.
Несиелік тәуекелдік – несиелерді өтеу сәтінде борышкердің бөліп немесе толық төлеуге шамасы жоқтығына байланысты несиелік жиынтықтардың бағасын азайту нәтижесінде бірнеше уақыт кезеңінің ішінде нақты мүмкіндігімен орын алуы мүмкін барынша күтілетін шығынды танытатын несие болып табылады.
3)Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелі биржалық тәуекел, селективті тәуекел, банкроттық тәуекел және несиелік тәуекелге бөлінеді.
3)Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелі биржалық тәуекел, селективті тәуекел, банкроттық тәуекел және несиелік тәуекелге бөлінеді.
Биржалық тәуекел – биржалық келісім – шарт жасасу кезінде шығынға ұшырау тәуекелі. Бұл тәуекел түріне коммерциялық келісімдер бойынша төлемеу тәуекелі мен брокерлік фирманың комиссиондық сыйақыны төлемеу тәуекелі т.б. жатады.
Селективті тәуекел – бұл инвестициялық қоржынды құрған кездегі бағалы қағаздар түрі мен капитал салымдарының түрін қате таңдаған кездегі тәуекел мүмкіндігі.
Банкроттықа ұшырау тәуекелі – дұрыс таңдалмағанкапитал салымдары негізінде кәсіпкердің меншікті капиталының толығымен жоғалтып алу мүмкіндігі мен міндеттемелері бойынша төлем қабілеттігінің болмауы.
2. Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар
Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды.