4. Тәуекелдерді төмендеу тәсілдері мен басқару әдістері
Тәуекел – жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды, мүлікті және басқа да ресурстарды жоғалту қаупінің туындауы.
Кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген ісшаралар іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекелдер – қаржылық кәсіпкерлік тәуекелділігі немесе қаржылық келісімдердің тәуекелділігі. Онда тауар ретінде валюта, бағалы қағаздар ақша қаражаттарының орнын алады.
Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді: ақшаның сатып алу қабілеттілігіне және капитал салумен (инвестициялық тәуекелдік) байланысты болатын тәуекелдер.
Инфляциялық тәуекелдік дегеніміз – инфляция өскен сайын, қаржылық табыстылық деңгейі, нақты сатып алу қабілеттілігі жағынан тез құнсызданады. Бұндай жағдайда кәсіпкер шығынға ұшырайды.
Дефляциялық тәуекел кезінде дефляция өскен сайын, баға мен кәсіпкерліктің экономикалық тиімсіз жағдайы төмендей тұседі. Соған байланысты табыс та өседі.
Дефляциялық тәуекел кезінде дефляция өскен сайын, баға мен кәсіпкерліктің экономикалық тиімсіз жағдайы төмендей тұседі. Соған байланысты табыс та өседі.
Валюталық тәуекелдік валюта түрлері бойынша қаржы компанияларының тартылған және орналасқан қаржыларының балансыздығынан туындайды.
Өтімділік тәуекелділігі – сатып алу бағасы мен сапалық бағаның өзгеруіне байланысты бағалы қағаздар мен басқа да тауарларды сатудан болатын шығындардың мүмкіндігі.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Олар өз ішінде мынандай түрлерге бөлінеді:
1)Тиімділікті жоғалту мүмкіндігі – кәсіпорын тәуекелдердің біреуін немесе бірнеше түрлерін дұрыс емес басқарудың немесе қандай дабір шараның жасалынбау (мысалы, сақтандыру, хеджерлеу, инвестициялау) нәтижесінде қаржылық шығынға ұшыраумен сипатталады.