Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет



бет4/6
Дата08.12.2023
өлшемі52,34 Kb.
#134946
1   2   3   4   5   6

Мемлекеттік кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік нысандардың қатарына жататын қоғамдық кәсіпкерлікте мемлекет капитал мен идеяның өзін шығармашылық оймен ашады. Тағы да мемлекет өзі ұсынған жобаны басқарады. Сонымен қатар, егер мемлекет кәсіпкерге үлес қосса, мұны мемлекеттік кәсіпкерлік деп те атайды. Бастаманың бұл түрінде жеке тұлғалардың шешімдері бақылауда болады деп айтуға болады.

Шығармашылық кәсіпкерлік

Кәсіпкерліктің бар түрлері идеяны немесе мекемені дамытуға арналған түрлер болып табылады. Алайда шығармашылық кәсіпкерлік өнеркәсіп пен өндіріс сияқты салаларда кездеспейді. Сонымен, бұл шығармашылық кәсіпкерлік дегеніміз не? Бұл кәсіпкердің білімін, тәжірибесін, интеллектуалдылығын біріктіру арқылы алға шығаратын жаңа бизнес үлгісі. Шығармашылық кәсіпкерліктің негізі – сүйікті ісімен айналысып, оны жаңа идеялармен, жобалармен қолдау арқылы табыс табу. Әсіресе оның әр салада алға қойған идеялары және осы идеялардың жүзеге асуы белгілі бір салаларда белсенді рөл атқара алады. Кәсіпкерліктің бұл түріне мысал ретінде мультфильм кейіпкеріне негізделген инвестор салған империяны келтіруге болады.

4 Дәріс.

Тақырыбы: Шет елдерде қонақжайлылық индустриясында шағын кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі.


Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет