Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі. Кәсіпкерлік құпияға кірмейтін мәліметтер жиынтығы. Кәсіпкерлік құпияның шекаралары. Коммерциялық құпия жарияланған жағдайдағы кәсіпорынның шығындары.
Коммерциялық құпияға кіретін мәліметтерді анықтау бойынша ұсыныстар. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Құпияның жариялануына әсер ету шаралары.
1. Жеке өз ісін ұйымдастыру барысы төрт кезеңнен тұрады: кәсіпкерлік аясын таңдау, нарықты анықтау, кәсіпкерлік құрылымының қызмет етуі және қаржыландырылуы. Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру төмендегі бес қағидаға келіп тіреледі:
Ең алдымен өз ісін бастау үшін капитал қажет. Сондай-ақ ол капитал
кәсіпкерлікті дамыту және жалғастыру үшін де қажет. Яғни, кәсіпкер
пайдалы іс-әрекетті жүзеге асыруда пайдасының айтарлықтай бөлігін өз ісін дамыту мақсатында пайдалана алса, онда ол іскер кәсіпкер деп танылады.
Кәсіпкерлік тиімді әрі пайдалы болуы үшін, онымен кәсіби түрде айналысу қажет. Яғни, кәсіпкер не, қалай өндіру қажет, сондай-ақ өңделген өнімді қалайша пайдалы әрі жылдам өткізуге болатындығын білуі қажет.
Кәсіпкер әрқашан өз бәсекелестіктерінің өнімінен сапалық және сандық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін жаңа тауар өндіруге ұмтылуға тиісті. Бәсекелестік заңы – кәсіпкердің ең жоғарғы қағидасы. Себебі, ол арқылы сұранысты қанағаттандыру бойынша нарықтық қатынастар механизмі қамтамасыз етіледі.
Кәсіпкер ұдайы-тұтынушы (сатып алушы): адам, ұйым, басқа кәсіпорын немесе корпорация екендігін әрдайым есте ұстануы қажет. Нарық-
бұл кәсіпкерліктің даму және қызмет ету ортасы. Нарықтық қатынастар
тұрақтылығы; біріншіден, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуімен
екіншіден, тұтынушы мүддесіне және кәсіпкерліктің нарықтық бәсеке
қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған бағаны, несиені, салықты
мемлекеттік реттеу нәтижесімен анықталады.
Соңғы қағиданы, прогресс пен табыстылықтың дилеммасы деп
атауға болады. Бір жағынан, бүгінгі таңдағы, жоғары дамыған кәсіпкерлік
жаңа технологияға сүйене отырып еңбек өнімділігін арттыруға ұмтылса,
(жұмыс күшінің ең төменгі шығынымен ең жоғарғы тауар өндіру)
екінші жағынан, өндірістің жаңа түрлерін ашу, қызмет көрсету
сферасын кеңейте отырып, ол (кәсіпкерлік) үнемі ұлғаймалы көлемде
және неғұрлым жоғары білікті маманды жаңа жұмыс күшін тартады.
Кәсіпкер тұтынушылық сұраныстың максималды өсіміне мүдделі, себебі
сол арқылы өндірілген тауарды тиімді өткізуге болады. Яғни,
тұтынушының әлеуметтік жағдайының артуы кәсіпкерліктің дамуының
негізгі шарты болып табылады.
2. Болашақ кәсіпкер кәсіпкерлік іс-әрекет аясын таңдау барысында төмендегі сауалдарға жауап беруі қажет:
- кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар ма?
кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет?
қайсысы тиімдірек - жаңа фирма ашу ма, әлде істегі кәсіпорынды сатып
алу ма?
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың неғұрлым тиімді нысанын анықтау, үшін сіз кәсіпорын басқару және кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар іскер адамдар типіне қатыстылығыңыз бар екендігін анықтау үшін өзіңіздің барлық әлсіз және күшті жақтарыңызды объективті түрде бағалап алуыңыз қажет, себебі кәсіпорынның бағалы қызметкері тек өзіңіз болмақсыз. Кәсіпкер болмас бұрын, адам өзінің әрекет ету бағытын анықтап алуы қажет. Нақты мәселе бойынша шешім қабылдау барысында үш маңызды факторды ескергені жөн:
- жеке әлеует пен тәжірибе. Бұл жағдайда кәсіпкердің білімі, жұмыс істеу тәжірибесі ескеріледі.
- тұтынушының бүгінгі таңдағы және болашақтағы қажеттіліктері.
Тұтынушылар басқа экономикалық жағдайда да, ұзақ уақыт ағымында, сіздің өніміңізді тұтынуды жалғастыра бере ме, әлде басқа өнімді таңдайдыма, сол себепті анықтап тұтынушының масштабын бағалауыңыз қажет.
- Бәсекелестік деңгейі. Оны анықтау бәсекелес кәсіпорындардың өнім және қызмет көрсету саласын объективті түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалаулар нәтижесі, сізге болашақтағы бәсеке жағдайына болжамдар жасауыңызға ықпалын тигізеді.
Кәсіпкерлік істің бастамасына дейін, осы үш фактордан басқа, өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды анықтап алудың маңыздылығы зор. Мысалы: адамның техникалық білім жағынан күштірек болғанымен, қаржы және бухгалтерлік есеп жағынан кәсіпкерлік білімі мен қабілеті болмауы мүмкін. Әрі қарай өз кемшіліктеріңізді және басқа да факторлар нәтижесін ескере отырып, сенімді серіктестіктер іздестіруіңіз қажет.
Бастапқы кезеңде, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық нысанын таңдау ісіне зор көңіл бөлу қажет. Ол үшін, мамандандырылған экономистер мен заңгерлерден кеңес алған жөн. Болашақ кәсіпкер, ұйымдастыру нысанын таңдап алғаннан кейін, болашақ бәсекелестерінің экономикалық жағдайын түбегейлі зерттеп алуы, тауар (қызмет) бағасы мен оның сапасы, сұраныс пен ұсыныс көлемі, ұйымдастыру нысанын анықтауы қажет. Барлық ақпараттар негізінде-жаңа істі бастау немесе істегі кәсіпорындарды сатып алу мәселесіне қатысты шешім қабылдау қажет. 3. Кәсіпкерлік іс-әрекетінің тиімділігін қалайша дұрыс бағалаған жөн? Көп жағдайларда, кәсіпкерлер, меншік иесі мен менеджер (басқарушы) қызметін бірге алып жүреді, ал қажет жағдайларда келісімшарт негізінде менеджмент, маркетинг, қаржы облысынан жалдамалы жұмысшыларды қабылдау мүмкіндігін де пайдалануға болады. Өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу кезінде, әрдайым тұтынушылар талғамын ескерген жөн.
Бағаны анықтау үшін келесі факторларды ескеру шарт: шығын деңгейі, сұраныс көлемі, бәсекелестер саны, тауардың бағасы. Өнім бағасын тым көтермеу (немесе төмендетпеу) үшін, кәсіпорын шығындарын бәсекелестерінің шығындарымен салыстыруы қажет. Сонымен қатар, түрлі қаржы коэффициенттері де қолданылады (пайда көрсеткіші, тұрақты, айнымалы, жалпы шығындар көрсеткіштері және т.б.). Бастапқы бағада, талғамдардың өзгеру қоймадағы қосалқы тауарлардың жинақталып қалу ықтималдылығынан, бағалардың төмендеп кету мүмкіндігін ескерген жөн.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі - баға, болғанымен ең алдымен баға құру мәселесіне емес, ұйымдастыру-функционалдық мәселелеріне зор көңіл бөлу керек. Себебі, олардың шешімі, кәсіпорындардың қаржы жағдайларына тікелей әсер етеді. Бұл ең алдымен өндіріске қажетті шикізат пен материалдардың нақты көлемін анықтау. Сондай-ақ шикізат пен материалдарды тасымалдау, сақтау мәселесінде шешіп алған жөн. Кәсіпкер үшін, сондай-ақ тауарды жарнамалау, өнімді өткізуді ұйымдастыру және де кадрларды іріктеу, оларды даярлау мәселелерініңде маңыздылығы зор.