Тақырып 11. Кәсіпорын қызметінің экономикалық
тиімділігі
Есеп 1.
Кәсіпорынға жаңа озық технологияларды енгізу үшін экономикалық тиімді
нұсқаны және 1000 дана мөлшеріндегі өнімдерді шығарған кезде, оны
пайдаланудан келетін жылдық экономикалық тиімділікті анықтаңыз .
Бастапқы деректер кестеде берілген.
Кесте 1.Нұсқалар бойынша көрсеткіштер
Көрсеткіштер
Базалық
нұсқа
Бірінші
нұсқа
Екінші
нұсқа
1. Өнім бірлігі шығындары, тг.
1500
1800
1200
2.Өндіріс бірлігіне негізгі құралдар
бойынша күрделі салымдар,
тг.
3000
2500
3500
Есепті шешудің әдістемелік нұсқауы:
1. Негізгі жағдайда және 2 ұсынылған жаңа нұсқалар бойынша келтірілген
шығындарды анықтайды:
195
Келтірілген шығындар = Өнім бірлігіне шығындар + инвестициялық
тиімділіктің нормативті коэффициенті . инвестициялар көлемі.
Базалық нұсқа бойынша келтірілген шығындар = 1500 + 0.15 * 3000 = 1950
(тг.)
Бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар = 1600 + 0.15 * 2500 = 1975
(тг.)
Екінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар = 1200 + 0.15 * 3500 = 1725
(тг.)
2. Ең төменгі шығынды нұсқа тиімдірек болып саналады. Бұл жоғарыда
көрсетілген келтірілген шығындар бойынша 1725 тенгеге тең,яғни 2-ші
нұсқа.
3.Енді 2-ші нұсқа бойынша жылдық экономикалық тиімділікті
анықтайды.Экономикалық тиімділік = (1950 - 1725) * 1000 = 225 (мың тг.).
Есеп 2.
1 тонна өнімнің өзіндік құны 12700 тенге,оған салынған капитал шығындары
15700тенге. Кәсіпорында жаңа техниканы енгізу шарасы нәтижесінде өнім
көлемі артып,өнімнің өзіндік құны500 тенгеге арзандады.Ал,салынған
капитал салымы 800 тенгеге қымбаттады. Енгізілген шара тиімді ме, егер
тиімді болса, өнім көлемі 40000 тонн болған жағдайдағы экономикалық
тиімділікті анықтау қажет.
Есеп 3.
Жоғары сапалы өнімдерді өндіру кезінде туындайтын жылдық экономикалық
тиімділікті есептеңіз. Қосымша күрделі салымдардың өтелу мерзімін
табыңыз. Есептеулерге арналған деректер кестеде көрсетілген.
Кесте 2.Экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Базалық нұсқа
Бағалау
нұсқасы
1. Өнім бірлігі шығындары, тг.
20
27
2. Бір өнім бағасы, тг.
30
42
3. Бір жылда шығарылған өнім көлемі, дана
1600
1600
4. Инвестициялар ( мың тг.), оның ішінде
- станоктарға
-
28
- ғимараттарға
-
14
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына
-
5
Жоғары сапалы өнім өндіруден жылдық экономикалық тиімділікті
анықтаңыз.
196
Есеп 4.
Кәсіпорынның барлық инвестицияларының өтелу мерзімін, сондай-ақ өнім
сапасын жақсарту үшін процестерді жүзеге асыруға байланысты
инвестициялардың өтелу кезеңін табыңыз.
Кесте 3.Кәсіпорын инвестицияларының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Базалық нұсқа
көрсеткіштері
Жоғары
сапалы өнім
өндірісі
1. Өнім бірлігінің өзіндік құны, тг.
12
11
2.
Көтерме бірліктің бағасы
, тг.
14
14
3.
Жылдық өнім шығару
, дана.
6000
6000
4. Жалпы күрделі салымдар,мың тг.
20
34
Есеп 5.
Кесте 4.
Өндірісті автоматтандыруды енгізудегі көрсеткіштер
Көрсеткіштер
Базалық нұсқа
көрсеткіштері
Өндірісті
автоматтандыру
нұсқасы
1 .
Жылдық өнім шығару
, дана.
1200
1200
2. Өнім бірлігінің өзіндік құны, тг.
14
5
3. Инвестициялар ( мың тг.), оның ішінде
- станоктарға
18000
28000
- ғимараттарға
15000
13000
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына
-
500
-
өз айналым капиталын ұлғайтуда
-
2000
1. Кәсіпорын қызметін жақсарту үшін өндірісті автоматтандыруды енгізудің
жылдық экономикалық тиімділігін бағалаңыз.
2.Қосымша инвестициялардың қажеттілігін және қосымша инвестицияларды
өтеу мерзімін анықтаңыз.
197
|