дәлденіп өлшенген ең төменгі мөлшері. Ол салыстырмалы шама және күнмен
өлшенеді.Айналым құралдары мөлшерлемесі – бұл кәсіпорынның
кәсіпкерлік қызметін қамтамасыз етуге жеткілікті минималды ақша
қаражатының мөлшері. Айналым құралдарының
мөлшері ұзақ мерзімге
жасалатын болса, айналым құралдарының мөлшерлемесі нақты уақыт
аралығына жасалады (жал, тоқсан). Айналым құралдарының мөлшерлемесі
күндік шығын немесе өндіру шамасын айналым құралдарының сол түрінің
мөлшеріне көбейту арқылы анықталады. Күндік шығын немесе өндіру
шамасы шығындар сметасы бойынша жасалады.
Кәсіпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыруға
қажетті айналым құралдарының
шамасы мөлшерлеу деп
аталады. Айналым құралдарының мынадай элементтері
мөлшерленетін деп аталады.
өндірістік запас
аяқталмаған өндіріс
қоймадағы дайын өнім
болашақ кезең шығындары
Айналым
құралдарының
қалған
элементтері
мөлшерленбейтін деп аталады.
Айналым құралдарын мөлшерлеу процесінде айналым
құралдарының нормалары мен нормативтері қолданылады.
Айналым құралдарының нормативі- айналым
құралдарының нормасын
сол норма тағайындалған
көрсеткішке көбейту арқылы есептеледі (тенгемен).
Кәсіпорынның айналым құралдарына қажеттілігін
мөлшерлеу мынадай түрде есептеледі:
Н
а
=Н
қ.з
+Н
а.қ
+Н
д.қ.
(1)
Мұндағы Н
қ.з
-өндірістік запасты мөлшерлеу;
Н
а.қ
-аяқталмаған өндірісті мөлшерлеу;
Н
д.қ
- дайын өнімнің қорларын мөлшерлеу.
Шикізат түрлеріне және негізгі материалдарға күнделікті айналым
капиталының нормасы кіреді: көліктік запас - ақылы материалдық активтер
жолымен жұмсалған уақыт - айналымның
ұзақтығы мен құжат айналымы
арасындағы айырмашылық. Технологиялық запас - түсіру, сақтау және
өндіруге дайындау уақыты, ағымдағы, қойма
қорындағы материалдардың
тұру уақыты - жеткізілімдер арасындағы орташа аралықтың 50% пайызын
алады, сактандыру запасы - ағымдағы қордың 50% -ын құрайды.
Осылайша, айналымдық капиталдың мөлшерлімділігі тұрақты минималды
және бір мезгілде материалдық құндылықтардың, аяқталмаған жұмыстың
төменгі қалдықтары мен басқа да айналым капиталының қалыптасуы үшін
қажетті айналым капиталының мөлшерін анықтаудан тұрады.
Айналымдағы капиталдың мөлшерлемесі айналым қаражатын пайдаланудың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл
ұтымды мөлшерлеу нәтижесінде
кәсіпорынның айналым капиталындағы қажеттілігі төмендейді. Көбінесе,
50
ұтымды мөлшерлеу нәтижесінде кәсіпорын айналым капиталын босатады
және қалған көлемін басқа қажеттіліктерге жібере алады.
Достарыңызбен бөлісу: