. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады. Олар: тарифтік жүйе, еңбекті нормалау және еңбек ақы төлеу нысаны.
Тарифтік жүйе әртүрлі топтар мен категориялардағы қызметкерлердің еңбегінің күрделілігін, мәні мен жағдайын ескере отырып, еңбекке ақы төлеу мөлшерін саралау үшін пайдаланылады. Ол тарифтік мөлшерлеме (ставка), тарифтік тор және тарифтік разряд сияқты маңызды элементтерді қамтды.
Тарифтік мөлшерлеме – уақыт бірлігінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын орындағаны үшін жұмыскерге төленетін еңбек ақының тұрақты мөлшері. Ол сағаттық, күндік, айлық және жылдық болуы мүмкін.
Тарифтік тор дегеніміз жұмыскерлердің жұмыстарының (лауазымы, кәсібі) күрделілігі мен біліктілік сипаттамаларына байланысты тарифтік разрядтар жиынтығы. Ал, тарифтік разряд жұмыскердің біліктілігін және еңбектің күрделілігін көрсететін шама.

Тарифтік жүйе бойынша еңбек ақы төлеу кезінде бірыңғай тарифтік торға сүйенеді. Бірыңғай тарифтік торда қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттері көрсетіледі. Ол – бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардан аяқталады.
Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбекті ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі?
2. Гонорар дегеніміз не?
3.Жұмысшылардың еңбекке деген ынтасын қалай жоғарылатуға болады?