Еңбекке ақы төлеу жүйесі - жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы аракатынасты белгілеу жүйесі. Жалақының негізгі жүйелеріне — мерзімді және кесімді жүйе жатады. Өндірісте еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері белгіленуі мүмкін. Ақы төлеу еңбектің жеке және (немесе) ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Жұмысшылардың жалақы формалары мен жүйелері еңбек өнімін бағалау тәсілін; еңбекке еңбек ақы төлеу үшін өлшем жүргізуді (жұмыс уақытымен, шығарылған өніммен, жеке, ұжымдық және соңғы нәтижемен); еңбек пен еңбек ақы арасындағы функционалдық басыбайлылық сипатын, еңбектің сандық және сапалық нәтижелеріне байланысты жалақының өзгеріс пропорциясын анықтайды.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму болашағы оның қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету шамасымен тығыз байланысты. Кәсіпорындағы еңбек ресурстары деп кәсіпорынның материалды-техникалық қамтамасыз ету, өнім өндіру, сату және өндірістік техникалық қызмет көрсету салаларында тұрақты жұмыс істейтін, кәсіби дайындығы мен іс-тәжірибесі бар жұмыскерлерді айтамыз. Кәсіпорынның барлық еңбек ресурстарын кәсібі, мамандығы және біліктілік деңгейі бойынша бөлуге болады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс жасайтындарды 2 топқа бөлуге болады: 1.өнеркәсіптік-өндірістік персонал; 2.өнеркәсіптік-өндірістік емес персонал Барлық өнеркәсіптік-өндірістік персонал (орындайтын функциясының) атқаратын қызметінің сипатына қарай келесідей категорияларға бөлінеді: а) әкімшілік-басқарушылық персонал; ә) инженерлік-техникалық жұмыскерлер; б) қызметкерлер мен жұмысшылар; в) кіші қызмет көрсетуші персонал. Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде келесілерді атауға болады:
• еңбекті бөлу мен үйлестірудің ұтымды нысандарын әзірлеу және енгізу;
• мамандарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
• жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру және оған қызмет көрсету;
• еңбекті нормалау;
• еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру;
• еңбек жағдайын жақсарту.
Еңбекті ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі еңбекті нормалау болып табылады. Еңбекті нормалаудың негізгі мақсаттарының бірі – қажетті еңбек шығындары мен нәтижелерін анықтау. Шығындар мен нәтижелер өндіріс пен басқарудың, еңбекті ұйымдастырудың айтарлықтай тиімді нұсқаларымен сәйкес келуі керек.
Кәсіпорында еңбекті нормалау өнімнің жоспарлы еңбек сыйымдылығын анықтауға, қажетті жұмыскерлер санын есепеуге, еңбек нәтижелерін бағалауға, материалдық ынталандыру мен жалақы қорын белгілеуге және т.с.с. мүмкіндік береді.