2 Еңбекті нормалаудың негіздері
Кәсіпорында еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау еңбекті нормалау қағидаларыне сүйене отырып әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Еңбекті нормалаудың негізгі міндеті әртүрлі өндірісті немесе басқармалық функцияларды орындайтын жұмыскерлер санын қалыптастырудың нормалары мен нормативтерін жасау болып табылады.
Еңбекті нормалауда қолданылатын негізгі нормативтік материалдарға уақыт нормасы, өндіру нормасы, қызмет ету нысанына қажетті жұмысшы күшінің нормасы немесе жұмыстың еңбек сыйымдылығы нормативтері жатады.
Уақыт нормасы өнім бірлігін өндіруге немесе жұмыс көлемінің бірлігін орындауға кететін уақытты сипаттайды. Уақыт нормасы тәжірибелік немесе есептік жолмен орнатылады және өнім бірлігін шығаруға немесе жұмысты орындауға қажетті негізгі уақыт, сондай-ақ жұмыс кезіндегі қажетті технологиялық үзілістер де есепке алынады
Туақ = Тнег + Тдб + Түз (18)
мұндағы Туақ – уақыт нормасы;
Тнег – негізгі жұмысты орындауға қажетті уақыт;
Тдб – жұмысты бастау үшін еңбек құралын және жұмыс орнын дайындауға қажетті және оны біткеннен соң жинауға қажетті дайындау-бітіру жұмыстарының уақыты;
Түз – жұмыста қажетті физологиялық және өндірістік үзілістер уақыты.
Өндіру уақыты бір адаммен немесе жұмыскерлер тобымен уақыт бірлігінде (сағат, ауысым, ай) орындалатын өнім немесе жұмыс көлемін анықтайды
(19)
мұндағы Нөнд – өндіру уақыты;
Тұзақ – сағаттық жұмыс уақытының ұзақтығы (ауысымдық, тәуліктік);
Туақ – өнім бірлігін өндіруге кететін уақыт нормасы, сағ.
Жұмыс күші шығынының нормасы өндірістік нысандарға қызмет көрсетуге байланысты және оларды жөндеу күнбе-күндік қарау, өндірісте пайдалануда қадағалауға байланысты жұмыстың еңбек сыйымдылығы арқылы орнатылады.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығы өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі амалдармен анықталуы мүмкін. Ағымдағы қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеудің еңбек сыйымдылығын анықтау кезінде ағымдағы қызмет көрсету немесе нақты энергетикалық нысанды жөндеу бағдарламасына кіретін анықталған технологиялық операцияларды орындауға кететін уақыт шығыны есепке алынады. Жалпы түрде бұл жұмыстардың еңбек сыйымдылығы төмендегідей есептеледі.
Тнақ = Т уақ i ni (20)
мұндағы Тнақ – нысанды жөндеу мен оған қызмет көрсету бойынша нақты технологиялық операцияны орындаудың уақыттық нормасы;
ni – жұмыс цикліне кіретін біртекті технологиялық операциялар;
i – жөндеу жұмыстарының циклін құрайтын технологиялық операциялардың түрлері.
Нормативтік материалдарды жасау кезінде әртүрлі еңбекті нормалау әдістері қолданылады. Олар аналитикалық-зерттеу, аналитикалық-есептік және статистикалық әдістерге бөлінеді.
Аналитикалық-зерттеу әдісіне жұмыс күнін суреттеу және хронометраж жатады.
Жұмыс күнін суреттеу жұмыс күнінің басынан аяғына дейін жұмыскердің немесе жұмыскерлер тобының еңбегінің барлық элементтерін немесе демалуын тіркеу арқылы жүзеге асады. Бұл уақыт - жұмысқа дайындалу, жұмыс орнын қалыпқа келтіру, негізгі, көмекші немесе кездейсоқ, өнімсіз жұмыстарды орындау уақыты, регламенттік үзілістер, жұмыссыз тұру, жұмысты күту, еңбек тәртібін бұзу.
Жұмыс уақытын суреттеу арнайы маманмен есептеледі. Жұмыс күнін суреттеудің негізгі мақсаты – кәсіпорын жұмыскерлерінің жұмыс уақытын пайдаланудың өнімділігін оқып үйрену; жұмыс уақытының жаңа нормасын жасау немесе қолданыстағысын түзетіп отыру; жұмыскерлердің жұмыспен жүктелу дәрежесін немесе олардың жұмыссыз тұрып қалу себептерін оқып үйрену.
Хронометраж жеке еңбек ету операцияларының нормаларын жасау немесе түзеу үшін еңбекті нормалау әдісі ретінде қолданады. Мысалы, трансформаторлық қосалқы стансаны немесе кәсіпорынның басқа нысандарын күнбе-күндік қарап шығу және қызмет көрсету уақыты. Хронометраж жұмыскердің әрбір жұмысын, қимылын тіркеу арқылы есепке алады.
Аналитикалық-есептік әдіс жалпылама жинақталған еңбек нормативтері жасалатын болса немесе олар есептеу басқа факторларға байланысты және оларды есептік кейіптемелер көмегімен анықтауға болатын жағдайда қолданады.
Нормалаудың статистикалық әдісінде жұмыс тәжірибесі, еңбек операцияларына шығындалған уақыттар бойынша статистикалық мәліметтерді сараптап таңдап алу және өнімді өндіру деңгейіне немесе жұмыстың еңбек сыйымдылықтары негізінде жүзеге асады. Бұл әдістер ғылыми негізделген болып саналмайды, бірақ кейбір жағдайларда қолдануға болады.
Еңбекті нормалау әдістерін қолдану кәсіпорында жұмыс уақытын қолданудың тиімділігін және оның еңбек ресурстарын тиімді реттеуді көтеру болып табылады.
Мысалы жылу электр стансаларындағы еңбек нормаларын (қызмет көрсету нормасын) төмендегідей беруге болады.
(21)
мұндағы tа- ауысым ұзақтығы;
tаө- ауысымды өткізуге кеткен уақыт;
tдем- демалуға кеткен уақыт;
Кықтим- жұмыстың толығымен орындалу ықтималдығы;
tорт- орташа қызмет көрсету уақыты.
Достарыңызбен бөлісу: |