Негізгі қорларды тиімді пайдалануды бағалау үшін жеке және жалпылама көрсеткіштер қолданылады. Жеке көрсеткіштер негізгі қорларды өндірістік үрдісте үлкен орын алатын нысандарға қолданылады.
Энергетикалық кәсіпорындардың жабдықтарын пайдалануды бағалаудың жеке көрсеткіштеріне оларды пайдаланудың экстенсивтік және интенсивтік коэффициенттері жатады:
Жабдықты пайдаланудың экстенсивтік коэффициенті (Кэ)
Кэ = Тнақ/Тнор (6)
мұндағы Тнақ – энергетикалық жабдықтың, құрылғының нақты пайдалану уақыты;
Тнор - нормативтік (күнтізбелік) жұмыс уақыты.
Жабдықты пайдаланудың интенсивтік коэффициенті (Ки)
(7)
мұндағы Wнақ – берілген кезеңдегі нақты өндірілген энергия мөлшері;
Nорн – уақыт бірлігіндегі орнатылған қуат;
Тнақ – кезеңнің ұзақтығы.
Жалпылағыш көрсеткіштер өндірісте негізгі қорларды толығымен қолдану тиімділігін бағалауды көрсетеді. Оларға қор қайтарылымы, қор сыйымдылығы жатады.
Қор қайтарылымы - ақшалай немесе табиғи түрде кәсіпорынның өндірген өнімінің көлемін негізгі қорлардың құнына шаққанын сипаттайды. Энергиямен қамтамасыз етуде өнімнің көлемін бағалау - тұтынушыларға жіберілген электр энергияны табиғи түрде кВт.сағ.-пен, ал құндық түрде сатылған электр энергиясынан алынған табыспен беріледі
(8)
немесе
(9)
мұндағы Wтб- тұтынушылармен таза тұтынылған электр энергиясы;
Дт- таза тұтынылған электр энергиясынан алынған табыс;
Снқ-кәсіпорынның негізгі қорлалрының орташа құны.
Қор сыймдылығы қор қайтарылымының кері көрсеткіші, әр өндірілген өнім бірлігіне кіретін негізгі қор шығындарын сипаттайды:
(10)
Қормен жарақтану көрсеткіші кәсіпорынның еңбек ресурстарының негізгі еңбек құралдарымен жарақтану деңгейін көрсетеді
(11)
мұндағы Rтізім – кәсіпорынның тізімдік қызметкерлері.