Тақырып 3. Бұйымның өз құны, пайда, баға және қосылған құн (2 сағат)
Өндірісі ұстанымдары , өнімнің өзіндік құны
1 Кәсіпорынның ағымдағы шығындары
Кәсіпорынның өзінің сипаттарына қарай: экономикалық мазмұны бойынша; өндірістік үрдіске қатынасы бойынша, өндіріс көлеміне қатынасы бойынша, өнім түріне қатынасы бойынша жіктеледі. Аталған сипаттар бойынша ағымдағы шығындар құрылымы 6-кестеде келтірілді.
6 Кесте - Кәсіпорынның ағымдағы шығындарын жіктеу
Шығындарды жіктеу сипаттары
|
Шығындар топтары
|
1 Шығындардың экономикалық мазмұны бойынша
|
1 Шығындар элементтері:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы шығындары;
- әлеуметтік қажеттілікке кеткен аударылымдар;
- амортизациялық аударылымдар;
- басқа да шығындар
|
2 Өндірістік үрдіске қатынасы бойынша
|
2 Негізгі және жалпы шаруашылық шығындар; әр топ бойынша жеке шығындар баптары
|
3 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша
|
3 Айнымалы шығындар; тұрақты шығындар
|
4 Өнім түріне қатынасы бойынша
|
4 Тіке шығындар; жанама шығындар
|
Тұрақты шығындарға амортизациялық шығындар, сақтандыру жарнасы, кәсіпорын жұмыскерлерін және басқару аппаратын ұстап тұруға кететін өнім көлеміне тәуелсіз шығындар, өндірістік ғимараттарға қызмет көрсету, оларды ұсап тұруға кететін шығындар және т.б. жатады.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тәуелді өнімді, жұмысты, қызметті жасауға тікелей байланысты шығындардың барлық түрі кіреді. Олар шикізат, материалдар, энергетикалық шығындардың кейбір түрлері, өнім өндіретін жұмыскерлердің еңбек ақысы және т.б. шығындар болып табылады.
Тұрақты шығындардың кейбір топтары өнім көлемі азайғанда азаюы мүмкін, сондықтан оны шартты-тұрақты шығындар деп атайды.
Нақты өнімді өндіруге тікелей байланысты болатын шығындар төте шығындар, ал өнімнің барлық түрін шығаруға қажетті өндірістік шығындар түрлерін әрбір өнім түріне қатынасы бойынша жанама шығындар болып табылады. Төте шығындарға шикізат, материалдар, орамалау бұйымдары, жартылай фабрикаттар және т.б. жатқызуға болады. Жанама шығындар өнімнің түріне жалпылама есептік жолмен (өнім көлеміне үйлесімді немесе еңбек шығындарына және т.б. факторларға байланысты) бөліп таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |