Кәсіпорынның негізгі қорлары


Құралдарды және энергия ресурстарының шығынын есептеу мен реттеу жүйесін қолдану



бет54/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Байланысты:
kl kz

Құралдарды және энергия ресурстарының шығынын есептеу мен реттеу жүйесін қолдану

Дұрыс мәліметтерге сәйкес тұтынушыларды энергия ресурстарын есептеу және шығындарды реттеу құралдарымен қамтамасыздандыру олардың энергиямен қамтылу шығынын орта есеппен 25-40 %-ға төмендетеді, ал құралдар мен энергия ресурстарын есептеу жүйесін енгізу шығынын өтеудің нақты мерзімі көп жағдайда 0,5-1 жылдан аспайды. Энергия ресурстарын бақылауды ұйымдастыру жұмыстары жоғары рентабельді.


Бағдарламадағы энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-техникалық өрлеу бөлігін анықтайтын техникалық шаралар техникалық жаңадан жабдықтау міндеттерін шешуге бағытталған. Бұдан әрі мынаны енгізуді дамыту қажет:
- жылумен қамту процестерін және бөлмелерде температуралық режімді жеке реттейтін құралдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін;
- қолданыстағы ғимараттардың қорғағыш құрылымын жылыту технологиясы және көтеріңкі термиялық кедергісі бар панельдерді шығару;
- жылу сорғылары қондырғыларын.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен қамтуға энергия ресурстардың жұмсалуын 15-20 %-дық үнемдеуге жету үшін қайтадан қосылатын құрылымдарды энергия ресурстарын есептеу жүйелерімен жабдықтау қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыруды облыстық, аудандық және муниципалдық бюджеттен қарастыру қажет.
Бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар өз обьектілерін құралдармен жабдықтау мәселелерін өз бетімен шешу керек.
Тұрғын үй ғимараттарын жылумен қамтуға электр энергиясын пайдалану жөніндегі ғылыми-техникалық ұсыныстарды талқылаған кезде тұрмыстыққа қарағанда қазіргі кездің тұрғын үй ғимаратының жылу жүктемесі энергияны 6-7 есе көп талап ететіндігін көрсететін бастапқы есептеулерді ескеру қажет.
Тақырып 27. Жоспарлау және болжау (0,5 сағат)
1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлаудың негіздері
Жоспарлау өндірісті басқарудың негізгі функциясының бірі және шаруашылық жүйені қалыптастыру мен реттеуде экономикалық әдіс маңызды орын алады. Жоспарлаудың мақсаты кәсіпорынды дамыту - келешек бағдарламалары мен болжамдарын, ағымдағы және күнделікті жоспарларды жасау және түзетіп отыру болып табылады.
Жоспарлау кәсіпорын қызметінің жоспары мен бағдарламаларын жасау бірнеше тізбектелген кезеңдерді қарастырады. Ол кәсіпорынның белгілі бір қызмет түрінің жоспарын жасаудың мақсаттарын және міндеттерін анықтау; мәліметтерді жинау және экономикалық сараптау жолымен кәсіпорынн шаруашылығының бүгінгі күйін бағалау; қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындаудың стратегиялық көрсеткіштері мен тапсырмаларын жасау; нақты берілген жұмыстар бөлігі, жұмыс орны мен орындалу мерзімі бойынша нақтылау және байланыстыру; жасалған жоспарлардың экономикалық тиімділігін бағалау.
Өндірісті жоспарлаудың ең маңызды тұсы жоспардың орындалуын қадағалау және жоспарланған тапсырманы орындау кезіндегі қызметтің күйін бағалау болып табылады. Бұл теріс әсер беретін мәселелерді мезгілінде білуге және жоспарды түзетуге мүмкіндік береді. Түзету жоспардың теріс нәтижелілігін көрсетпейді. Күрделі өндірістік қатынастарда кәсіпорындар сыртқы факторларға байланысты болатын болжанбаған кедергілерге тап болуы мүмкін, мысалы өнімді жеткізушілер мен тұтынушылардың, сырқы инвесторлардың, банктердің және т.б. келісілген міндеттерінің орындалмаулары жатады. Сондықтан пайда болған мәселелерді және кемшіліктерді дер кезінде анықтау және жою жоспардың нақты орындалуына мүмкіндік береді.
Жоспарды жасау кезінде ғылыми негізделген жоспарлау әдістері қолданылады: баланстық, нормативтік, техника-экономикалық есептеулерді болжамдау әдістері. Олардың әрқайсысын қолдану белгілі бір нақты салада тиімді болады, бірақ кәсіпорында оларды жасау кезінде жоспарлаудың тиімділігін қамтамасыз ететін осы барлық әдістер қолданылады.
Баланстық әдістің мәні өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін (шикізатқа, материалға, ақшаға және т.б.), яғни осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын ресурстар мен көздермен байланыстыру болып табылады. Материалдық, еңбек, ақша (қаржы) баланстары болып бөлнеді. Энергетикалық кәсіпорындарда олардың барлығы қолданылады. Баланстық әдіс кәсіпорын жұмысының сандық көрсеткіштерін жасаған кезде – кәсіпорын өнімін қоғамның сұранысына және өнімді өндіру көлемін сәйкестендіру; қаржылық жоспарды жасағанда; еңбек пен материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жоспарын жасау кезінде кәсіпорынның кіріс пен шығыс балансын жасаған кезде тиімді болады.
Өндірістің әртүрлі ресурстар түріне қажеттілігін нормативтік және техника-экономикалық есептеулер әдістері жиі қолданылады. Жоспарлаудың нормативтік әдісі қажеттіліктердің ғылыми негізделген нормалар мен нормативтерді орнату арқылы жүзеге асады. Матриалдық шығындарды (отын шығынының, электр энергиясының нормасы, өнім немесе жұмыс бірлігіне қажетті шикізат және материалдар), жұмыс күшін (өндіру нормасы, өндіру уақыты), қаржылық шығындардың кейбір түрлерін (айналым қаражаттарының түрлері бойынша нормативтер және т.б.) жоспарлаған кезде қолданылады.
Техника-экономикалық есептеулер әдісі жұмыстың көлемі мен сапасының бірі-біріне тәуелді болатын көрсеткіштерін жасаған кезде, көп нұсқалық шешімдерді жоспарлауларды экономикалық бағалау кезінде ыңғайлы болады.
Болжау әдісі болашаққа арналған стратегиялық жоспарларды жасау кезінде қолданады, сондай-ақ қазіргі заманғы тұрақсыз экономикалық қатынастарды өзекті және ағымдағы жылға дәстүрлі әдістермен анықтауға болмайтын көрсеткіштерді жоспарлауға болады. Оларға өнімге қажеттілік нарық құрылымына, бәсекеге, және бір қатар сыртқы факторларға тәуелді болатын кәсіпорындардың өндіріс көлемін жоспарлау мәселелерін жатқызуға болады. Бұл жағдайда жұмыстың экономикалық көрсеткіштерінің жоспар-болжамдары маркетингтік зерттеулер, өткен жылдар нәтижелерін талдау, сол кәсіпорынның өнімін соңғы тұтынушыларын арттыру болашағын талдау негізінде жасалады. Болжау құралы ретінде ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика әдістері қолданылады. Алайда болжау әрқашан дәл нәтижелерді көрсетпейді, дегенмен кең көлемде жинақталған мәліметтер мен қазіргі заманғы математикалық аппараттармен есептеу болжау нәтижелерінің дәлділігін жоғарлатады.
Барлық жоспарлау әдістерінің ішінде экономикалық-математикалық моделдерді және есептеу техникаларын қолданатын есептемелерді қолдану тиімдірек деп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет